Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларынақатысуға жолдамалар беру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
25-қосымша

Ескерту. 28-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап — 30 минут; порталға жүгiнген кезде — 1 (бiр) жұмыс күнi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналасуға жолдама;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жастар практикасына жолдама;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес әлеуметтiк жұмыс орындарына жолдама;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдама не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00, 9.30-дан 17.30, 18.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

2) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

жастар практикасына жолдама алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

әлеуметтiк жұмыс орындарына жолдама алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

қоғамдық жұмыстарға жолдама алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

порталда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш.

Электрондық өтiнiште көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

10. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

10-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, осы Стандартпен белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта жүгiнедi.

Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi

берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне

(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алатын мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының "1414", 8-800-080-7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылып отыратын ақпарат (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағымы, оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және статусы туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинетi", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген.

Бiрыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 47 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына  қатысуға жолдамалар беру»;(00701002); «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
портал арқылы көрсетілген қызметі берушінің қадам бойынша әрекеті және шешімі: көрсетілген қызметі алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің, сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеуді іске асырады. 1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 30 минут; порталда – 1 (бір) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
көрсетілетін қызметті берушіге: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі) (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі.
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, ол мыналарды қамтиды:
1) жұмысқа орналасуға жолдама;
2) қоғамдық жұмыстарға жолдама;
3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жолдама;
4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама;
5) жастар практикасына жолдама;
6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 15:54Жаңартылған күні: 17.02.2020 15:27Қараулар: 1373

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77