Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму
министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279
бұйрығына 15-қосымша

Ескерту. 18-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау"
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау" мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет).

2. Мемлекеттiк қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлендi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрi — Орталық);

2) тұрғылықты жерi бойынша Орталық болмаған жағдайда — кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi — ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Орталыққа жүгiнген кезде — құжаттар топтамасын тiркеген сәттен бастап 11 (он бiр) жұмыс күнi;

құжаттар топтамасын ауылдық округ әкiмiне тапсырған сәттен бастап 14 (он төрт) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресiмдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзiмi тиiстi мемлекеттiк органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнi бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып күнтiзбелiк 30 (отыз) күнге дейiнгi мерзiмге ұзартылады;

2) Орталықта, ауылдық округ әкiмiнде құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң ең ұзақ шектi уақыты — 30 минут;

3) Орталықта, ауылдық округ әкiмiнде қызмет көрсетудiң ең ұзақ шектi уақыты — 30 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Орталықта — сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ғе дейiн.

2) ауылдық округ әкiмiнде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден жұма күнiн қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштi қабылдау және нәтиже беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және жеке басты куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктiң тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, босқын куәлiгi), ал оралмандар үшiн — сәйкестендiру үшiн оралман куәлiгiн ұсынады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына тартылатын еңбек етуге қабiлеттi отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) бекiтiлген "Жұмыс iздеп жүрген адамдарды тiркеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс iздеп жүрген адам ретiнде тiркеуге өтiнiштi ұсынады.

Он алты жасқа толмаған адамның атынан еңбек қызметiн жүзеге асыруға ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң бiреуiнiң келiсiмi туралы еркiн нысандағы жазбаша өтiнiш берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтердi берушi өтiнiштi қабылдаған кезде "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың тиiстi ақпараттық жүйелерiне (бұдан әрi — ақпараттық жүйелер) сұрау салуларды келесi мәлiметтердi алу үшiн қалыптастырады:

1) жеке басты куәландыратын;

2) оралман мәртебесi туралы;

3) отбасының әрбiр мүшесiне тұрғылықты немесе уақытша жерi бойынша тiркеу туралы;

4) жәрдемақылар беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдағы банктiк деректемелерi туралы;

5) мүгедектiктi белгiлеу туралы;

6) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тiркеу туралы;

7) қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы;

8) бала асырап алу туралы;

9) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейiн жүргiзiлген тiркеулер бойынша неке қиюды (некенi бұзуды) тiркеу туралы;

10) егер он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiнгi асырауындағылар күндiзгi оқу нысанының бiлiм алушылары болып табылса — оқу орнында оқу фактiсi туралы;

11) табыстар туралы (жалақы, әлеуметтiк төлемдер, кәсiпкерлiк қызметтен түскен табыстар);

12) жеке кәсiпкердiң мәртебесi туралы;

13) өтiнiш берушiде және оның отбасы мүшелерiнде атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтiнiш беру фактiсiнiң болуы туралы.

14) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелерi үшiн еңбек қызметi туралы (бар болса);

16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелерi үшiн бiлiмi, бiлiктiлiгi, арнайы бiлiмiнiң немесе кәсiптiк даярлығының (бар болса) болуы туралы;

17) алимент туралы не берешектiң болуы туралы;

18) өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.

Ақпараттық жүйелерде мәлiметтер болмаған жағдайда әкiм немесе Орталық тиiстi мемлекеттiк органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресiмдейдi.

Қызмет алушы жоғарыда көрсетiлген құжаттарды қағаз нұсқада ұсынуға құқылы.

Өтiнiш берген кезде қызмет алушыға Орталықта, ауылдық округ әкiмiнде — тiркеу күнi мен мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны берiледi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 15.04.2019 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Қызмет көрсетушi мынадай негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгiленген кедейлiк шегiнен асатын адамдарға (отбасыларға);

2) кәмелетке толмаған балаларды, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын бiтiретiн уақытқа дейiн (бiрақ жиырма үш жасқа толғанға дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алатын балаларды, жетi жасқа дейiнгi балаға, мүгедек балаға, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедекке, бөгденiң күтiмiне және көмегiне мұқтаж қартқа күтiмдi жүзеге асыратын адамдарды, сондай-ақ екi айдан астам еңбекке уақытша қабiлетсiздiк мерзiмi белгiленуi мүмкiн аурулары бар адамдарды қоспағанда, отбасының жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабiлеттi мүшелерiне;

3) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн көрiнеу жалған ақпарат пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды ұсынған адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 15.04.2019 № 186 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерiнiң көрсетiлетiн шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша, шағымдануда осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, Астана, Алматы қалаларының әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына шағым берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымның қабылданғанын расталғаны көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе, немесе әкiмдiктiң (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi), аты-жөнiн көрсете отырып, шағымды қабылдаған адамның орны мен мерзiмi, берiлген шағымға жауап алу болып табылады.

Қызметкерi дұрыс емес қызмет көрсеткен жағдайда Орталықтың басшысының атына шағым берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң, Мемлекеттiк корпорацияның немесе ауылдық округ әкiмiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған;

13. Қызмет алушының көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ бiрыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777 арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 45 Kb)

1) Қызмет ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, мекен-жайы, интернет-ресурс)

2) өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет нәтижелерiн беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат

3) «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алу туралы ақпарат

4) Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi

5) Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

6) Мемлекеттiк қызмет нәтижесi

7) Жалпы ақпарат (мемлекеттiк қызмет көрсету туралы Бiрыңғай байланыс орталығының нөмiрi, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтердi басқа сандар, егер бар болса)

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 17:02Жаңартылған күні: 17.02.2020 15:20Қараулар: 1678

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77