Ақталған адамға куәлік беру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
28-қосымша

Ескерту. 31-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық 31-қосымшамен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 25.11.2015 № 893 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Ақталған адамға куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау мен мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн берудi "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) жүзеге асырады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап:

куәлiк (куәлiк телнұсқасын) беру — 5 (бес) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) Мемлекеттiк корпорацияда қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: "Ақталған адамға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк беру қағидаларын, ақталған адамның куәлiгiнiң үлгiсiн бекiту және "Саяси қуғын-сүргiнге ұшырап ақталған адамдарды куәлiкпен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 2 сәуiрдегi № 184 қаулысымен бекiтiлген үлгiдегi куәлiк немесе оның телнұсқасы.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының тұратын жерi бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақталған адамға куәлiк (телнұсқасын) беру туралы өтiнiштi және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

2) ақтау туралы анықтама не сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесi.

Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды ұсынған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi тiркелген күнi және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген үзбелi талон бередi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке өзi (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) келiп жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде өтiнiштiң үзбелi талонының негiзiнде берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей жеткiзудi қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсыну үшiн жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының осы тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның маманы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 2 сәуiрдегi № 184 қаулысымен бекiтiлген Ақталған адамға бiрыңғай үлгiдегi куәлiк беру, ақталған адамның куәлiгiнiң үлгiсiн бекiту және "Саяси қуғын-сүргiнге ұшырап ақталған адамдарды куәлiкпен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы қағидаларымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, осы Стандартпен белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта жүгiнедi.

Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 12-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, "1414", 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Алып тасталды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 35 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
«Ақталған адамға куәлік беру»; (704009) «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жоқ 5 жұмыс күні 1) жеке басын кујландыратын ќўжатыныѕ кґшірмесі немесе заѕды ґкілініѕ жеке басты кујландыратын ќўжатыныѕ кґшірмесі;, 2) ақталғандығы жөніндегі анықтаманың немесе сот шешімінің (қаулысының) көшірмесі, 3) куәлік беру Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:21Жаңартылған күні: 14.02.2020 15:50Қараулар: 1285

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77