Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына 13-қосымша

"Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде — құжаттар топтамасын тiркеген сәттен бастап — 10 (он) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей ұсынады;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде, жеделдетiлiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;

2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендiру үшiн);

3) мүгедектен сенiмхат алған адамдар жүгiнген жағдайда мүгедектен нотариалды куәландыруды талап етпейтiн сенiмхатты ұсынады.

Тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын, мүгедектiгi туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзiрленген iс-шаралар туралы, мүгедектiкке алып келген өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы, кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi болмаған жағдайда өтiнiшке қағаз жеткiзгiште тиiстi құжаттар қоса берiледi.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде:

Мемлекеттiк корпорацияда — тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсыну үшiн жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10370 болып тiркелген) бекiтiлген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

Мемлекеттiк корпорация, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға себептерi көрсетiлген жауап жiбередi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының (Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

2) Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне келiп түскен шағымды қабылдауды растау оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатта қойылады) болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

12. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар болып табылатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң әлеуметтiк қызметкерiнiң жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен статусы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, "1414", 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 38 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»; (705003); «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жоқ 10 жұмыс күні сурдотехникалыќ ќўралдармен ќамтамасыз ету бойынша:
1) кґрсетілетін ќызметті алушыныѕ жјне/немесе заѕды ґкілініѕ жеке басын кујландыратын ќўжат, мїгедек балалар їшін – жеке басын кујландыратын ќўжат, ата-аналарыныѕ (ќамќоршысыныѕ, асырап алушысыныѕ) біреуініѕ жеке басын кујландыратын ќўжат;
2) кјмелеттік жасќа толмаєан мїгедек балалар їшін – баланыѕ туу туралы кујлігі;
3) мїгедекті оѕалтудыѕ жеке баєдарламасынан їзінді кґшірме;
4) Ўлы Отан соєысыныѕ ќатысушылары мен мїгедектері їшін – Ўлы Отан соєысына ќатысушы (мїгедек) кујлігі;
5) жеѕілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ўлы Отан соєысыныѕ мїгедектеріне теѕестірілген адамдар їшін – жеѕілдікке ќўќыєы туралы белгісі бар зейнеткерлік кујлігі;
6) бірінші, екінші, їшінші топтаєы мїгедектер їшін – зейнеткерлік кујлігініѕ кґшірмесі;
7) Ўлы Отан соєысына ќатысушы їшін – медициналыќ ўйымныѕ дјрігерлік-консультациялыќ комиссиясыныѕ ќорытындысы;
тифлотехникалыќ ќўралдармен ќамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік кґрсетілетін ќызмет стандартына ќосымшаєа сјйкес нысан бойынша ґтініш;
1) мїгедекті оѕалтудыѕ жеке баєдарламасы;
міндетті гигиеналыќ ќўралдармен ќамтамасыз ету бойынша:
осы мемлекеттік кґрсетілетін ќызмет стандартына ќосымшаєа сјйкес нысан бойынша ґтініш;
1) кґрсетілетін ќызметті алушыныѕ жјне/немесе заѕды ґкілініѕ жеке басын кујландыратын ќўжат;
2) мїгедек балалар їшін – жеке басын кујландыратын ќўжат, ата-аналарыныѕ (ќамќоршысыныѕ, асырап алушысыныѕ) біреуініѕ жеке басын кујландыратын ќўжат;
3) жеке сјйкестендіру нґмірі – жеке басын кујландыратын ќўжатта жеке сјйкестендіру нґмір болмаєан жаєдайда;
4) мїгедекті оѕалтудыѕ жеке баєдарламасынан їзінді кґшірме;
5) «Медициналыќ-јлеуметтік сараптама жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Денсаулыќ саќтау жјне јлеуметтік даму министрініѕ 2015 жылєы 30 ќаѕтардаєы № 44 (Нормативтік ќўќыќтыќ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бўйрыєымен бекітілген нысан бойынша мїгедектігі туралы аныќтама.
мїгедектерге сурдо-тифлотехникалыќ жјне міндетті гигиеналыќ ќўралдар беру мерзімдері кґрсетілген ќўжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:05Жаңартылған күні: 14.02.2020 15:49Қараулар: 1152

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
наурыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77