Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
14-қосымша

"Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде — құжаттар топтамасын тiркеген сәттен бастап — 10 (он) жұмыс күнi;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей ұсынады;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут, көрсетiлетiн қызметтi берушiде — 30 минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: есту аппараттарын таңдау мен теңшеудi қоса алғанда, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдар ұсыну мерзiмдерi көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу, соңдай-ақ сервистiк қызмет көрсету туралы хабарлама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау электрондық кезек тәртiбiнде, жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi;

2) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендiру үшiн);

3) мүгедектен сенiмхат алған адамдар жүгiнген жағдайда мүгедектен нотариалды куәландыруды талап етпейтiн сенiмхатты ұсынады.

Тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын, мүгедектiгi туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзiрленген iс-шаралар туралы, мүгедектiкке алып келген өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы, кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан жұмыс берушi-жеке кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Ақпараттық жүйелерде көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi болмаған жағдайда өтiнiшке қағаз жеткiзгiште тиiстi құжаттар қоса берiледi.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектерi және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар өтiнiшке Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегiнiң немесе жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегiне теңестiрiлген адамның куәлiгiн қоса бередi.

Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға қажеттi барлық құжаттарды тапсырған кезде:

Мемлекеттiк корпорацияда — тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiде — тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсыну үшiн жiбередi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10370 болып тiркелген) бекiтiлген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

Мемлекеттiк корпорация, көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға себептерi көрсетiлген жауап жiбередi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының (Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

2) Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар және телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiне келiп түскен шағымды қабылдауды растау оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатта қойылады) болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, әкiмдiктiң және Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

12. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алушылар болып табылатын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi сурдо-тифлотехникалық және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң әлеуметтiк қызметкерiнiң жәрдемдесуiмен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен статусытуралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, "1414", 8 800 080 7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

Жүктеу (DOCX 39 Kb)

1) Қызмет ақпарат (атауы, жұмыс кестесi, мекен-жайы, интернет-ресурс)

2) өтiнiмдердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет нәтижелерiн беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат

3) «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алу туралы ақпарат

4) Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi

5) Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi

6) Мемлекеттiк қызмет нәтижесi

7) Жалпы ақпарат (мемлекеттiк қызмет көрсету туралы Бiрыңғай байланыс орталығының нөмiрi, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтердi басқа сандар, егер бар болса)

 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 15:57Жаңартылған күні: 14.02.2020 15:44Қараулар: 1130

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77