Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына
24-қосымша

Ескерту. 27-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. 27-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 29.01.2016 № 68 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары және кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

3) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал);

4) Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрi — Орталық) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға, көрсетiлетiн қызметтi берушiге, порталға және Орталыққа құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап — 15 минут;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: көрсетiлетiн қызметтi алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн (не тиесiлi еместiгiн) растайтын анықтама.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде;

2) ауылдық округ әкiмiнде — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.";

3) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген жерi бойынша, жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiнде көрсетiледi, портал арқылы электрондық кезектi броньдауға болады.

4) порталда — жөндеу жұмыстарын жүргiзумен байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы;

5) Орталықта — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейiн;

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде көрсетiледi.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiштi және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Орталыққа не Мемлекеттiк корпорацияға: көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн).

Көрсетiлген құжатта қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйе растаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетiлетiн қызметтi алушының абоненттiк нөмiрiн тiркеген және қосқан жағдайда бiрреттiк парольмен сұрау салу;

"электрондық үкiмет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетiнен ұсынылған субъектiнiң келiсiмi болған жағдайда, сондай-ақ субъектiнiң "электрондық үкiмет" веб-порталында тiркелген ұялы байланысының абоненттiк нөмiрi арқылы бiрреттiк парольдi беру немесе "электрондық үкiмет" веб-порталының хабарламасына жауап ретiнде қысқа мәтiндiк хабарлама жолдау арқылы үшiншi тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

Сұрау салуда көрсетiлген жеке басты куәландыратын құжаттың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi алушы "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Портал арқылы сұрау салған кезде — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрiнедi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Орталық 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10-1. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiленген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады.

Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, осы Стандартпен белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы қайта жүгiнедi.

Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация, Орталық қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Мемлекеттiк корпорация, Орталық басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорация кеңсесiне қолма-қол да, почта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызмет берушi өтiнiштi өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгi, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгiну туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң, Орталықтың немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Орталықтың немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы, оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiнше жүрiп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн заңнамада белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнгенде, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Алып тасталды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 37 Kb)

 
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:25Жаңартылған күні: 13.02.2020 11:01Қараулар: 1510

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
сәуiр, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77