Ветеринариялық анықтамалар беру

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
4-қосымша

"Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасын тапсырған қүннен бастап жүгiнген күн iшiнде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Берiлген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер ақпараттық жүйеге енгiзiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 24.11.2015 № 7-1/1031 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) тегiн көрсетiледi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейiн;

демалыс және мереке күндерi — 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексiнiң 85-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi белгiлеген жұмыс уақыты кестесiне сай.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Белгiленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегiнен тыс өтiнiш қабылдауды және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн берудi жұмыс уақыты кестесiне сай көрсетiлетiн қызметтi берушi белгiлейдi.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (сәйкестендiру үшiн);

бес келiден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тiрi, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезiнде балық аулау орны туралы анықтама қажет.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшiншi елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерi болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелiнген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектiлерiн Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезiнде — ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiсi әкелiнген ветеринариялық құжаттың көшiрмесi.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi қойылғаны қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 24.11.2015 № 7-1/1031 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:

1) толық емес құжаттар топтамасы;

2) өтiнiш берушi ветеринариялық анықтама алу үшiн ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

3) жануардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалдың өзгеруi (нашарлауы);

4) жануардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың шығу (орналасқан) орнының саламатсыз аймақ деп белгiленуi;

5) жануардың жеке нөмiрiнiң болмауы;

6) жануардың, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың, көлiк құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкес келмеуi;

7) өтiнiш берушiге қатысты ветеринариялық анықтама алуды талап ететiн қызметке немесе жекелеген қызмет түрiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

8) өтiнiш берушiге қатысты заңды күшiне енген сот шешiмiнiң болуы, оның негiзiнде өтiнiш берушi ветеринариялық анықтама алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде: шағым Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол берiледi.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетiледi;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, сондай-ақ берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байсанысы арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнен кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

13. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде электрондық

нысанда көрсетiлетiн қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле

отырып қойылатын өзге талаптар

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету мәртебесi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Жүктеу (DOCX 18 Kb)

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ А-11/501 қаулысымен
бекітілген

«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Ветеринариялық анықтама беру немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, жауапты орындаушыға жолдайды – 30 минут;
      2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануар туралы мәліметтердің немесе олардан үзінді-көшірмелердің, ветеринариялық паспорттың негізінде жануарды, одан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық байқап қараудан өткізеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген сәттегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескеріледі. Ветеринариялық анықтаманы немесе қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 5 сағат;
      3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
      1) өтінішті қабылдау және тіркеу;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсе қызметкері;
      2) жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігін сипаттау:
      1) кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, жауапты орындаушыға жолдайды – 30 минут;
      2) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды тексереді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда бар жануар туралы мәліметтердің немесе олардан үзінді-көшірмелердің, ветеринариялық паспорттың негізінде жануарды, одан алынған өнім мен шикізатты ветеринариялық байқап қараудан өткізеді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген сәттегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал ескеріледі. Ветеринариялық анықтаманы немесе қолмен және мөрмен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 5 сағат;
      3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 30 минут.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


Қосымша (ZIP 90 Kb)

Қызмет ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс)  Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзге асыратын ұймдар туралы ақпарат "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы ақпарат  Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі   Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі   Мемлекеттік қызмет нәтижесі  Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірінғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық басқа сандар, егер бар болса) 
1 Аблайхан а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Қызыл-Ағаш аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00   1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.   1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүннен бастап жүгінген күн ішінде;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);
      бес келіден жоғары балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ гаммарус, артемия салина (цисталар) шаяндар) тасымалдау кезінде балық аулау орны туралы анықтама қажет.
      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринарниялық-санитариялық) бақылау және қадағалау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдау кезінде - ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.
      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
 Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі.
  Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметінің байланыс телефоны Министрліктің интернет ресурсында жарияланған: www.edu.gov.kz, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
2 Атамекен а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Атамекен аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
3 Веденовка а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Веденовка аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
4 Зеленобор а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Зеленый бор аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
5 Златополье а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Златополье аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
6 Қатаркөл а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Қатаркөл аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00 
7 Кенесары а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Баянбай аулы «Есіл- Агро» ЖШС; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
8 Наурызбай батыр а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Наурызбай батыр аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00  
9 Успеноюрьев а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Успеноюрьев аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
10 Урумкай а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Урумкай аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
11 Щучье қ. "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00; Щучинск қ. Набережная көшесі №73
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Трудовая көшесі, 15.

Басшысы: Жұмабек Айткенұлы Қуанышев

Телефоны: 8 (71636) 5-55-11

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-23-54

E-mail: gu_veterinarija_burr@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сәрсенбі, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:54
Жаңартылған күні: 29.06.2018 09:10
Қараулар: 821