Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру қызметтерінің құнын субсидиялау

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 7-1/418 бұйрығына
9-қосымша

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бiрдейлендiрудi жүргiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

Ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу қажет болған жағдайда өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 24.11.2015 № 7-1/1031 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәрт iбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алу сәтiне дейiн — облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары айқындаған өткiзу мерзiмдерiне сәйкес жүзеге асырылады;

Ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшерме беру — 30 (отыз) минут;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезекте күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 (отыз) минут;

4) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлiнген кезде (жеке нөмiрiн айқындау мүмкiн емес) қайталама мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жануарларға жаңа жеке нөмiр бере отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiге сырғалар келiп түскен күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.

Iрi жануардың сырғаларының бiреуi жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушiге аспалы сырға телнұсқасы келiп түскен күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — ауыл шаруашылығы жануарын бiрдейлендiру тәсiлдерiнiң бiрiмен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмiр беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) ақысыз көрсетiледi. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес чиптердiң құнын қайтару ақылы негiзде жүзеге асырылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк сатып алу туралы конкурс нәтижесi бойынша айқындалған чиптердiң құнын екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейдi.

8. Мыналардың:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың жұмыс кестесi — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын бастапқы бiрдейлендiру үшiн ветеринариялық паспорт беру:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжатдың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

чиптер үшiн ақы төленгенiн (чиптен кезiнде) растайтын кұжат;

2) сырға (сырғалар) жоғалған немесе бүлiнген кезде телнұсқасын алу үшiн ауыл шаруашылығы жануарларына бiрдейлендiру өткiзу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

3) жоғалған немесе ескiрген кезде ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшiн:

ветеринариялық паспорттың екiншi нұсқасын алу үшiн осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ветеринариялық паспорттың жоғалғанын, бүлiнгенiн растайтын құжаттардың қосымшасымен қоса) өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжатың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

4) ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өкiлдiң өкiметтiлiгiн растайтын (сәйкестендiру үшiн);

порталға ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзiндi-көшiрме алу үшiн электронды құжат нысанындағы өтiнiш;

Жеке басты куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасының қабылдау күнi, уақыты, құжатты қабылдаған жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсете отырып, тiркеу туралы белгi қойылғаны қағаз жеткiзгiштегi өтiнiштiң қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетiледi.

9-1. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiз болып табылады:

1) өтiнiш берушi ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмiр алу үшiн ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) өтiнiш берушiге қатысты ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмiр алуды талап ететiн қызметке немесе жекелеген қызмет түрiне тыйым салу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

3) өтiнiш берушiге қатысты заңды күшiне енген сот шешiмiнiң болуы, оның негiзiнде өтiнiш берушi ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмiр алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы."

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша

көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың

лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне

(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

10. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану кезiнде: шағым Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Шағымда:

жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетiледi;

заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қояды.

Шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жолданады не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Электронды өтiнiштi портал арқылы жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы сотқа жүгiнедi.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып

қойылатын өзге талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Жүктеу (DOCX 21 Kb)

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 02 қарашадағы
№ А-11/501 қаулысымен
бекітілген

«Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      Ветеринариялық паспорттан үзінді алу қажеттілігі жағдайында өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринарлық паспорт бере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру әдісінің бірімен жануарларға жеке нөмір, телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзінді беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық немесе қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ) тіркеуді өткізеді және құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді - 30 минут;
      2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чиптау) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейді;
      ветеринариялық паспорттан үзінді беру – 30 минут;
      сырғалар жоғалған, бүлінген кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет, жануарға жаңа бірдейлендіру нөмірін берумен сырғаның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күні;
      ветеринариялық паспортты оның жоғалған, тозығы жеткенде қайта беру - 2 жұмыс күні;
      3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері:
      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: ветеринариялық дәрігер.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да тіркеуді өткізеді және құжаттарды басшыға бұрыштама қожауапты орындаушыға жібереді - 30 минут;
      2) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чиптау) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, облыстың жергілікті атқарушы органымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген мерзімге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ресімдейд;
      ветеринариялық паспорттан үзінді беру – 30 минут;
      сырғалар жоғалған, бүлінген кезде қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет, жануарға жаңа бірдейлендіру нөмірін берумен сырғаның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күні;
      ветеринариялық паспортты оның жоғалған, тозығы жеткенде қайта беру - 2 жұмыс күні;
      3) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін журналда тіркейді және береді – 30 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткенде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен рәсімдері (іс-қимылдары) кезектілігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (Порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады) көмегімен Порталда тiркелуді жүзеге асырады;
      1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен Порталда ЖСН/БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы Порталда тексеру;
      2-процесс – Порталмен көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмесін электрондық түрде сұрату нысанына тіркеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұратуды куәландыру (қол қою) үшін тіркеу куәлігін – ЭЦҚ-ны таңдауы;
      2-шарт – Порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5-процесс – автоматтандырылған жұмыс орнында «электрондық үкімет» шлюзы арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұратуын) көрсетілетін қызметті берушімен сұратуды өңдеу үшін өңірлік «электрондық үкімет» шлюзіне жолдау;
      6-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);
      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сын қолданумен қалыптастырылады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.


Қосымша (ZIP 139 Kb)

Қызмет ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс)  Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзге асыратын ұймдар туралы ақпарат "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы ақпарат  Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі   Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі   Мемлекеттік қызмет нәтижесі  Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірінғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық басқа сандар, егер бар болса) 
1 Аблайхан а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Қызыл-Ағаш аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - тиісті айда квота және қаржы қаражаты болған жағдайда жиырма төрт жұмыс күні; 1) көрсетілетін қызметті берушіге - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
      2) Мемлекеттік корпорацияға - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінім;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
      Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация:
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде:
      асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
      тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара мал мен қойдың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге;
      асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алуға;
      отандық және шетелдік асыл тұқымдық зауыттардан және шаруашылықтардан асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, шошқаларды, түйелерді, маралдарды (бұғыларды) сатып алуға;
      отандық және шетелдік асыл тұқымдық репродукторлардан асыл тұқымды тәуліктік балапан мен ата-енелік/ата-тектік нысанды құстардың етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды инкубациялық жұмыртқасын сатып алуға;
      жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және қос бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуға;
      шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге;
      асыл тұқымдық орталықтар мен асыл тұқымды жануарлардың ұрығын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталықтардың (бұдан әрі - дистрибьютерлік орталық) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басына қолдан ұрықтандыру жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алу жөніндегі шығындарын 50 %-ға дейін өтеуге өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап 12 айдан аспаған кезде;
      мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға, оның ішінде:
      бірінші деңгейлі өндірістегі бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізуге;
      сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн (қозы етін), түйе етін, шошқа етiн, құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi - құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi - тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбат, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi - биязы жүн) өндiру құнын арзандатуға;
      ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін арзандатуға өтінім беруге негіз пайда болған сәттен бастап үш айдан аспаған кезде субсидиялар алуға өтінімдерді қабылдайды.
      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) Көрсетілетін қызметті алушыға - өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
      2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
      3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Парталға сұрау салған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметінің байланыс телефоны Министрліктің интернет ресурсында жарияланған: www.edu.gov.kz, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
2 Атамекен а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Атамекен аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
3 Веденовка а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Веденовка аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
4 Зеленобор а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Зеленый бор аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
5 Златополье а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Златополье аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
6 Қатаркөл а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Қатаркөл аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00 
7 Кенесары а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Баянбай аулы «Есіл- Агро» ЖШС; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
8 Наурызбай батыр а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Наурызбай батыр аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00  
9 Успеноюрьев а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Успеноюрьев аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
10 Урумкай а/округі "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; Урумкай аулы - акимат; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00
11 Щучье қ. "Бурабай Ветсервис " ШЖҚ МКК ветеринариялық пункті; жұмыс кестесі 9.00-18.00 үзіліс 13.00-14.00; Щучинск қ. Набережная көшесі №73
 
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының ветеринария бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Трудовая көшесі, 15.

Басшысы: Жұмабек Айткенұлы Қуанышев

Телефоны: 8 (71636) 5-55-11

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-23-54

E-mail: gu_veterinarija_burr@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сәрсенбі, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:55
Жаңартылған күні: 28.06.2018 11:28
Қараулар: 785