Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 257 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 19.07.2016 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау жөнiнде анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорация" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу ("Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде ақпарат болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiредi) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

порталға:

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) — 15 (он бес) минут;

Мемлекеттiк корпорацияға:

жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру (тарихсыз/тарихымен) — 15 (он бес) минут;

жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне барып және мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде мiндеттi тiркей отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжай беру туралы анықтама беру немесе жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жою туралы анықтама беру — 6 (алты) жұмыс күнi, немесе дәлелдi бас тарту — 2 (екi) жұмыс күнi.

Құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынылады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыты — 20 (жиырма) минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихымен) нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжай беру туралы анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жою туралы анықтама беру болып табылады.

осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн қағаз түрiнде алуға өтiнiш бiлдiрген кезде, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық түрде ресiмделедi, басып шығарылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорация — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

"Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде мәлеметтер болған жағдайда, қабылдау қөрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жүргiзiледi, ал жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша объектi болмаса, онда қабылдау жеделдетiлмеген қызмет көрсетудiң "электрондық" кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады. Портал арқылы электрондық кезектi брондауға болады;

2) портал — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш бiлдiрген кезде өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерi келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) өтiнiш бiлдiрген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) порталға:

жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен) үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) Мемлекеттiк корпорацияға:

жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау (тарихсыз/тарихымен), мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн).

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан талап етуге жол берiлмейдi.

Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, жеке кәсiпкер ретiнде тiркеу туралы мәлiметтердi, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетiлетiн қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармағымен көзделген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiберiледi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Портал арқылы өтiнiш жасалған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметке арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе, сонымен қатар мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алудың күнi мен мерзiмi (егер қағаз түрiнде беру қажет болған жағдайда алу орнын көрсету керек) көрсетiлген хабарландыру жiберiледi.

Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетiлетiн кызметтi алушының "жеке кабинетiнде" жүзеге асырылады.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 28.12.2018 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн адрестеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12938 болып тiркелген) бiрлескен бұйрығы бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiк объектiлерiн адрестеу қағидаларының 10-тармағымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң

және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және

(немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне)

шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша қажетiлерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде халыққа Мемлекеттiк корпорация

арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызмет алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн арқылы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттiк корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 04.07.2017 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

Жүктеу (DOCX 103 Kb)

 
Ақмола облысы әкімдігінің 
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ А-5/151 қаулысына
1–қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің 
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ А-8/383 қаулысымен
бекітілді

 

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою жөніндегі анықтама (бұдан әрі- анықтама) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді және анықтаманы құрастырады:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 минут;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 1 жұмыс күні; 
      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 5 жұмыс күні;
      4) басшы анықтамаға қол қояды – 1 сағат.
      5) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды-15 минут.
      6. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) өтінішті тіркеу;
      2) жауапты орындаушыны анықтау;
      3) анықтаманы әзірлеу;
      4) анықтамаға қол қою;
      5) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсе қызметкері;
      2) басшы;
      3) жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
      1) кеңсе қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 1 сағат;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын және сәйкестігін тексереді және анықтаманы құрастырады:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 минут;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 1 жұмыс күні;
      жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 5 жұмыс күні;
      4) басшы анықтамаға қол қояды – 1 сағат.
      5) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды-15 минут.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіру тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеудің ұзақтығы:
      1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның инспекторы ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның инспекторы құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды; 
      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын қарастырады, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шығыс хат-хабарламаларды тіркеу журналында тіркейді және дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
      7-процесс – Мемлекеттік корпорация инспекторы тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.
      Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік корпорацияға: 
      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшін:
      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкіндігі болса – қажет емес);
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшін:
      Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      жер учаскесін құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергілікті ақтарушы органның шешімі немесе төменде көрсетілген құжаттардың бірі:
      сәйкестендіру құжаты;
      шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу);
      мұрагерлік құқық туралы куәлік.
      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан талап етуге жол берілмейді.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің өтініш білдіру тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады;
      1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу процесі (авторизация процесі);
      1-шарт – Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      2-процесс – Порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне Стандарттың 9-тармағындакөрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы;
      2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен сұранысты өңдеуі үшін "электрондық үкімет" аймақтық шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) "электрондық үкімет" шлюзы арқылы (бұдан әрі - ЭҮШ) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысты) бағыттау;
      3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарта көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету үшін негіздерді сәйкестікке тексеруі;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжатында бұзушылықтардың орын алуына байланысты сұраныс салынған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
      7-процесс - көрсетілетін қызметті алушымен Портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекетінің, рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет етудің тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

  "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне
1-қосымша

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Портал арқылы пайдаланатын ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл диаграммасы


      Қысқартылған сөздерді толық жазу:
      Портал – "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz.

 

  Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын
мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентіне 
2-қосымша

 

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру "Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе; Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін 1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы; Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», қызмет көрсетушінің ақпараттық қызметі арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.  көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күні 1) көрсетілетін қызмет берушілерге: Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777
               
    2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.     осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініш;   Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
                Министрліктің: www.economy.gov.kz;
          осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі (бұдан әрі  - әзірлік актісі);         Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz жарияланған.
               
          әзірлік актісіне ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;    
               
          станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ бекітілген күзгі-қысқы кезең кестелеріне сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.    
               
          Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.    
               
          2) порталға:    
               
          көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;    
               
          осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі;    
               
          әзірлік актісіне ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;    
               
          электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ бекітілген күзгі-қысқы кезең кестелеріне сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.    
               
          Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.    
               
          Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:    
               
          көрсетілетін қызмет берушілерге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде - қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;    
               
          портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.    
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

"Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, Абылайхан көшесі, 34, 10-кеңсе.

Басшысы:  Бос орын

Телефоны: 8 (71636) 4-32-58

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-32-58

E-mail: arhitektura2@mail.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:41
Жаңартылған күні: 10.06.2019 17:45
Қараулар: 1011