«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрiнiң
2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 139 бұйрығына
11-қосымша

«Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды — ҚР Мәдениет және спорт министрiнiң 08.02.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ереже

1. "Балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiне, мүгедектерге арналған спорт мектептерiне құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, мүгедектерге арналған спорт мектептерiнiң (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету өтiнiшiн қабылдау және нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызмет берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап — 30 минут;

2) спорт түрлерi бойынша бiрiншi оқу жылының алғашқы даярлау топтарына құжаттарды қабылдау 20 (жиырмасыншы) қыркүйекке дейiн жүргiзiледi;

3) құжаттарды қабылдау сәтiне дейiн рұқсат етiлетiн ең ұзақ күту уақыты — 15 (он бес) минуттан артық емес;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiге рұқсат етiлетiн ең ұзақ қызмет көрсету уақыты — 15 (он бес) минуттан артық емес.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi: тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген жағдайларда және негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен жұма аралығын қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен жүзеге асырылады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн жүгiнген кезде қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) оқуға түсушiнiң ата-анасынан немесе басқа да заңды өкiлдерiнен өтiнiш (өз еркi бойынша);

2) оқуға түсушiнiң жеке сәйкестiндiру нөмерi бар туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

3) ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) таңдаған спорт түрiмен шұғылдануға участкелiк дәрiгермен берiлген рұқсатнамасы бар медицналық анықтама;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" бұйрығымен бекiтiлген 088/у нысандағы медициналық құжаты (тұрғылықты жерi бойынша мүгедектер тапсыратын медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасы (бұдан әрi — МССК) нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiзiмiндегi № 6697 тiркелген.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар негiздеме болып табылады:

1) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) ұсынылған деректердiң және мәлiметтердiң Нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiзiмiндегi актiнiң № 10012 тiркеу нөмiрiмен тiркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 "Спорт резервi мен жоғары дәрежелi спортшыларды даярлау жөнiндегi оқу-жаттығу процесi жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерiнiң тiзбесiн және олардың қызметi қағидаларын бекiту туралы" Қағидасының 9-1, 10-1, 11 тармақтарында көрсетiлген талаптарына сәйкес келмеуi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушi қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым Министрлiктiң Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi — жергiлiктi атқарушы орган) басшысына жолданады.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның кеңсесi арқылы қолма-қол, сондай-ақ "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы берiледi.

Шағымды қабылдауды растау (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi көрсетiлген) қызметтi көрсетушi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетi кеңсесiнде немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органда оны тiркеу болып табылады. Жеке барған немесе видео хабарлама арқылы хабарласқан кезiнде, қызмет алушыға қабылдау күнi мен уақыты, келiп түскен құжаттың нөмiрi, онда шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) бар талон берiледi.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi (болған жағдайда), пошталық мекенжайы және қолы көрсетiлуi тиiс.

Қызмет берушiге немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органға келiп түскен қызмет алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы болмаса портал немесе жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы электрондық жүгiнген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Заңды тұлғаның шағымында, оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс хаттың тiркелген нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiне алады.

4-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ерекшелiктерiн есепке ала отырып, өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары Министрлiктiң Дене шынықтыру және спорт iстерi комитетiнiң www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында көрсетiлген телефондар не Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

 
 
 
 
Мақалың шыққан күні: 11.10.2019 14:39Жаңартылған күні: 19.02.2020 12:01Қараулар: 296

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
шiлде, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77