Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2015 жылғы 13 cәуiрдегi
№ 198 бұйрығына
14-қосымша

"Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық 16-қосымшамен толықтырылды — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 25.12.2017 № 650 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 13.12.2018 № 684 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлеген.

3. Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтiнiш берген кезде –10 (он) жұмыс күн;

2) құжаттарды тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 20 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты — 30 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны — электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзiнде.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi — осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды асырауға ақшалай қаражат төлеудi тағайындау туралы шешiм не осы мемлекеттiк көзделген қызмет стандартының 10-тармағында көрсетiлген жағдайларда және негiздерде мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны — қағаз түрiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету нәтижесi үшiн қағаз жеткiзгiште өтiнiш берген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, қағазға басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының қолымен және мөрiмен расталады.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жiберiледi.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi аралықтағы түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi аралықтағы түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүргiзiледi;

порталда: жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген жағдайда өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiмен жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) егер некеге тұрса, некеге тұру туралы куәлiктiң көшiрмесi;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкiн болмайтын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12127 болып тiркелген) (бұдан әрi — № 692 бұйрық) бекiтiлген тiзбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) (бұдан әрi — № 907 бұйрық) бекiтiлген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тiркеуде тұрғандығы туралы мәлiметтiң жоқтығы туралы анықтама;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамалардың көшiрмелерi;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншiк құқығы бар екендiгiн растайтын құжаттар;

7) екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшiрмесi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

порталда:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен немесе бiр рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған, көрсетiлетiн қызметтi алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттiк нөмiрi порталдың есеп жазбасына тiркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

2) егер некеге тұрса, некеге тұру туралы куәлiктiң электрондық көшiрмесi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкiн болмайтын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12127) (бұдан әрi — № 692 бұйрық) бекiтiлген тiзбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) (бұдан әрi — № 907 бұйрық) бекiтiлген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тiркеуде тұрғандығы туралы мәлiметтiң жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшiрмелерi;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамалардың электрондық көшiрмелерi;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншiк құқығы бар екендiгiн растайтын құжаттардың электрондық көшiрмелерi;

6) екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың электрондық көшiрмесi.

Портал арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу күнiн және уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама жiберiледi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға негiздемелер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының кәмелет жасқа толмауы;

2) соттың көрсетiлетiн қызметтi алушыны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп тануы;

3) соттың көрсетiлетiн қызметтi алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе соттың ата-ана құқықтарын шектеуi;

4) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiнен шеттетiлуi;

5) бұрынғы бала асырап алушылардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жою туралы сот шешiмi;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн ауруының болуы;

7) көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрақты тұратын жерiнiң болмауы;

8) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгiлеу кезiнде қасақана қылмыс жасағаны үшiн жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 13) тармақшасында аталған адамдар;

9) көрсетiлетiн қызметтi алушының азаматтығының болмауы;

10) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемiнде үш жыл iс жүзiнде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тiркелген некеде (ерлi-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамның өтiнiшi;

11) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгiлеу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiмен қамтамасыз ететiн табысының болмауы;

12) көрсетiлетiн қызметтi алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;

13) адам өлтiру, денсаулыққа қасақана зиян келтiру, халық денсаулығына және адамгершiлiкке, жыныстық тиiспеушiлiкке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистiк немесе террористiк қылмыстары, адам саудасы үшiн сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (2014 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшалары негiзiнде өздерiне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

3-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi — әкiмдiк) басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Жеке тұлғаның арызында оның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледi.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi және орны көрсетiлген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарастыруға жатады.

Сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

2) www.egov.kz порталында орналасқан.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 22.04.2019 № 159 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде Бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алады.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.edu.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Бiрыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOCX 36 Kb)
 
 
 
 

"Бурабай ауданының бiлiм бөлiмi" ММ Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi, 34

Басшы: Төлегенов Жангелдi Мейрамұлы

Телефон: 8 (71636) 2-14-44

Сенiм телефоны: 8 (71636) 2-14-44

E-mail: burabayoo@akmoedu.kz Интернет-ресурс: www.burabay.akmoedu.kz

Азаматтарды қабылдау кестесi: Дүйсенбi 14.00-19.00

Мақалың шыққан күні: 15.06.2018 12:53
Жаңартылған күні: 10.06.2019 11:42
Қараулар: 842