Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтiк даму министрiнiң
2015 жылғы 28 сәуiрдегi
№ 279 бұйрығына 12-қосымша

Ескерту. 13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк
беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 29.01.2016 № 68 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк қызметтi Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде — көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттардың топтамасын тiркеген сәттен бастап:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау — өтiнiштi тiркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi;

алғашқы рет жүгiнген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға куәлiк беру — Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

куәлiктiң телнұсқасын беру — көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшi тiркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi;

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бөлiнiсiнде өтемақы төлеу кестесiне сәйкес бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақыны (бұдан әрi — өтемақы) төлеу.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұрау салу, тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда 1 (бiр) айға ұзартылады;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут, Мемлекеттiк корпорацияда — 20 минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiде:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;

2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;

Мемлекеттiк корпорацияда:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;

2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет" бөлiмiнде орналастырылған.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтiнiштер мен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру кестесi 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес жексенбi және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртiбiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушының тiркелген жерi бойынша жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, электрондық кезектi портал арқылы броньдауға болады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн жүгiнген кезде осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтiнiштi (өтiнiштердi) және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

2) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

3) банк шоты туралы мәлiметтер немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттiк Халық депутаттары кеңестерiнiң, тұрғын үйдi пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамаларын; еңбек кiтапшасын; оқу орнын бiтiргенi туралы дипломды; әскери билеттi; туу туралы куәлiктi, орта бiлiм туралы аттестатты, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiктi), болған кезде — "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген куәлiк.

Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактiлерiн және кезеңiн белгiлеу туралы соттың шешiмi ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты ұсынуы, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болған жағдайда талап етiлмейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Мыналар көрсетiлетiн қызметтi алушыдан құжаттардың топтамасы қабылданғанын растайтын құжаттар болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде — көрсетiлетiн қызметтi алушыны тiркеу және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон;

2) Мемлекеттiк корпорацияда — тиiстi құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат берiледi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10-1. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мынадай негiздер:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дәйексiздiгiн белгiлеу;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлiк берудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңiлдiктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлiк беру ережесiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тартады.

Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10-2. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себептерiн жойған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Стандартта белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қайта жүгiнедi.

Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi — әкiм) атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi — әкiмдiк) кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттiк корпорация басшысының атына берiледi. Мемлекеттiк корпорация кеңсесiне қолма-қол да, почта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе Мемлекеттiк корпорацияның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 06.11.2019 № 594 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетудiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi, өз бетiнше жүрiп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн заңнамада белгiленген тәртiппен толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн қызметтi алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы жүгiнгенде, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

16. Алып тасталды — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Жүктеу (DOCX 44 Kb)

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 21 сәуiрдегi
№ А-5/187 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ А-11/533 қаулысымен
бекiтiлген

"Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрiнде.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiде:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;

2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;

Мемлекеттiк корпорацияда:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешiм;

2) куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының дербес шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастыру қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру нысаны — қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу, куәлiк беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11342 болып тiркелген) 9-тармағына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушымен ұсынылған құжаттар мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болып табылады (бұдан әрi — Стандарт).

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны әрбiр құрылымдық бөлiмшелердiң тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және басшыға құжаттарды жолдайды — 30 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және арнаулы комиссияға жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) арнаулы комиссия шешiмдi бередi — 15 жұмыс күнi;

5) жауапты орындаушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлайды, басшыға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

6) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды және кеңсеге жолдайды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және басшыға құжаттарды жолдайды — 30 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және арнаулы комиссияға жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) арнаулы комиссия шешiмдi бередi — 2 жұмыс күнi;

5) жауапты орындаушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлайды, басшыға жолдайды — 1 сағат;

6) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды және кеңсеге жолдайды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұранысты, тексерiстi жүргiзу қажет болған жағдайларда бiр айға ұзартылады.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындау үшiн негiз болып табылатын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды тiркеу;

2) жауапты орындаушыны белгiлеу;

3) арнаулы комиссияға құжаттарды жолдау;

4) арнаулы комиссияның шешiмi;

5) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлау;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қою;

7) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) кеңсенiң қызметкерi;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы;

4) арнаулы комиссия.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) реттiлiгiн сипаттау:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдау:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және басшыға құжаттарды жолдайды — 30 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және арнаулы комиссияға жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) арнаулы комиссия шешiмдi бередi — 15 жұмыс күнi;

5) жауапты орындаушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлайды, басшыға жолдайды — 1 жұмыс күнi;

6) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды және кеңсеге жолдайды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлiктi немесе оның телнұсқасын беру:

1) кеңсенiң қызметкерi құжаттарды қабылдайды, тiркейдi және басшыға құжаттарды жолдайды — 30 минут;

2) басшы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және арнаулы комиссияға жолдайды — 2 жұмыс күнi;

4) арнаулы комиссия шешiмдi бередi — 2 жұмыс күнi;

5) жауапты орындаушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн даярлайды, басшыға жолдайды — 1 сағат;

6) басшы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне қол қояды және кеңсеге жолдайды — 1 сағат;

7) кеңсенiң қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн бередi — 30 минут.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мемлекеттiк қызмет көрсету туралы шешiмдi қабылдау үшiн қосымша сұранысты, тексерiстi жүргiзу қажет болған жағдайларда бiр айға ұзартылады.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. "Азаматтарға арналған үкiмет" Мемлекеттiк корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге жүгiну тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттарды қабылдаудың күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдауға бас тарту туралы қолхатты бередi;

2-процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң дайын нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үшiн жүгiнген кезде Стандарттың 1-шi және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтiнiштi (өтiнiштердi) және мынадай құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

2) тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

3) банк шоты туралы мәлiметтер немесе өтемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйыммен жасалған шарт;

4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактiсi мен кезеңiн растайтын құжаттарды (мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттiк Халық депутаттары кеңестерiнiң, тұрғын үйдi пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерiнiң, пәтер иелерi кооперативтерiнiң анықтамаларын; еңбек кiтапшасын; оқу орнын бiтiргенi туралы дипломды; әскери билеттi; туу туралы куәлiктi, орта бiлiм туралы аттестатты, негiзгi мектептi бiтiргенi туралы куәлiктi), болған кезде — "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен бұрын берiлген куәлiк.

Егер осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактiлерiн және кезеңiн белгiлеу туралы соттың шешiмi ұсынылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты ұсынуы, оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болған жағдайда талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (қызметкерлерi) рәсiмiнiң (iс-қимылының), өзара iс-қимылының реттiлiгiн толықтай сипаттау, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара iс-қимылының тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң қосымшаларына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсету бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOCX 131 Kb)

Мемлекеттік қызметтің атауы Қызмет ақпарат (атауы, жұмыскестесі, мекен-жайы, интернет-ресурс) Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметалу туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі Мемлекеттік қызмет нәтижесі Жалпы ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі, телефон анықтамалық-ақпараттық қызметтерді басқа сандар, егер бар болса)
1 2 3 4 5 6 7 8
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» ;(404002); «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жоқ кґрсетілетін ќызметті алушы ќўжаттардыѕ топтамасын кґрсетілетін ќызметті берушіге, ХЌО-єа тапсырєан сјттен бастап, сондай-аќ порталєа жїгінген кезде – 10 (он) жўмыс кїні; 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жјрдемаќы таєайындау туралы хабарлама. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі.
 

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда көмек көрсетуді мекен жайлары «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде  Бурабай ауданының әкімдігі http://burabay.akmo.gov.kz/ интернет ресурсында көрсетілген қызмет берушінің мамандарымен  жүзеге асырылады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414, 8-800-080-7777 (қонырау салу тегін) телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет беруші басшысының атына немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурстарда орналастырылған қызмет беруші басшысына немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлігінің әкіміне немесе  egov.kz  порталына беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу оның құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымданатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері және талаптар көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде шығамды қабылдау растамасы шағым берген қызмет алушыға шағым қабылданған күні және уақыты, қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты қызмет берушінің кеңсесінен алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат қызмет алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымдану туралы қосымша ақпаратты Бурабай ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіні мониторингі және ақпараттық технологиялар  бөлімінде 8 (71636) 79319, 45905 телефондар арқылы немесе Щучинск қаласы, Абылай-хана 32-үй, 16-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.

 

«Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласы, 8-март көшесі, 24.

Басшысы: Қанат Қайырбекұлы Қожағұлов

Телефоны: 8 (71636) 2-28-99

Сенім телефоны: 8 (71636) 4-55-81

E-mail: soczachita@bk.ru

Азаматтарды қабылдау кестесі: Сейсенбі, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

Мақалың шыққан күні: 26.02.2015 10:33Жаңартылған күні: 16.12.2019 12:17Қараулар: 1271

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
наурыз, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77