Жиі қойылатын сұрақтар

Жер қатынастары
1 Сауда-саттықтан тыс қосымша жер учаскесін алу мүмкін бе? Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін сауда-саттық өткізусіз жер учаскесіне құқық беруге жол беріледі. Яғни, сауда-саттықтан тыс қосымша жер учаскесін алу үшін негізгі жер учаскесінде оның нысаналы мақсатына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілері болуы қажет.
2 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін қалай жалға алуға болады? Жер заңнамасының талаптарына орай тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін немесе фермер және шаруа қожалығын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру конкурс арқылы жүзеге асырылады. Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін немесе фермер және шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Конкурсты өткізу алдында оны ұйымдастырушылары тиісті хабарландыру БАҚ-та жариялайды.
3 Қызықтырушылық тудырған жер учаскесін сауда-саттыққа қалай қоюға болады? Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабы 6-1-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (конкурсты, аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс. Бұл үшін, сұралып отырған жер учаскесін сауда-саттыққа (конкурсқа, аукциондарға) қою мүмкіндігі туралы мәселені қарау үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға сізді қызықтыратын жер учаскесі бойынша ұсыныспен жүгіну қажет.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
1 Тұрғын үй алуға кезек неге баяу жылжиды? Тұрғын үй құрылысы белгілі бір мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүргізілуде.Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша Щучинск қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 45 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.Осы үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін пәтерлер ҚР заңнамасына сәйкес кезекте тұрғандарға үлестірілетін болады.
2 Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай алуға есепке және кезекке тұру үшін қайда жүгінуім керек? Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай алуға есепке және кезекке қою мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.Есепке және кезекке қою үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Бурабай филиалына (бұрындан бұрын - Халыққа қызмет көрсету орталығы, ХҚКО) өтініш беру керек. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар туындаған жағдайда және түсіндіру үшін Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 34, каб.№ 206, тел.: 8(71636) 4-48-10; 7-90-41 бойынша «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не жүгінуге болады.
3 Жалғыз басты ана ретінде кезекте тұрмын, тұрғын үй жалға алынған. Сатып алу құқығымен жалдық тұрғын үй алуға қандай мүмкіндігім бар? Сізге сатып алу құқығымен тұрғын үй алуға жергілікті атқарушы органнан тұрғын үй алу үшін қажет құжаттар пакетін жинау қажет және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Бурабай филиалына (бұрындан бұрын -Халыққа қызмет көрсету орталығы, ХҚКО) өтініш беру керек. Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысы белгілі бір мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүргізілуде. Бұдан басқа, сіз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша7-20-25 мемлекеттік бағдарламасына қатыса аласыз, оның шарттары көптеген БАҚ-тарда орналастырылған. Толық ақпаратты сіз Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 34, каб.№ 206 мекенжайы бойынша «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нен немесе 4-48-10 телефон бойынша ала аласыз.
Мақалың шыққан күні: 07.02.2019 17:13
Жаңартылған күні: 13.02.2019 12:15
Қараулар: 1000