Жер жөніндегі мемлекеттік инспектор

Арман Құмарұлы Мешелов

2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 474 өкiмнiң негiзiнде Арман Құмарұлы Мешелов Бурабай ауданы әкiмi аппаратының жер жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы болып тағайындалды.

Арман Құмарұлы, 1980 жылы туған. Бiлiмi жоғары, 2000 жылы Көкшетау университетiн «Құқықтану» мамандығын бiтiрген.

Еңбек жолын 2000 жылы Щучинск қаласы автоколоннасының заңгерi болып бастаған. 2001 жылдан 2002 жылға дейiн Ақмола облысы соттар әкiмшiсiнiң Щучье аумақтық учаскесiнiң сот орындаушысы болып жұмыс iстедi.

2004 жылдың тамыз айынан 2012 жылға дейiн жеке кәсiпорындарда заңгер болып жұмыс iстедi.

2012 жылдың наурыз айынан 2015 жылдың ақпан айына дейiн аумақтық жер инспекциясы жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылау бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы қызметiн атқарды.

2015 жылғы ақпаннан бастап 2018 жылғы желтоқсанға дейiн Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы.

Мақалың шыққан күні: 07.02.2019 14:19
Жаңартылған күні: 07.02.2019 14:20
Қараулар: 451