ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты қайталап өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6 мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 28 сәуірден бастап 2020 жылғы 15 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

Конкурстың қорытындысын шығару күні, уақыты және орны: 2020 жылғы 16 мамыр сағат 11.00-де, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6, 2-қабат, мәжіліс залы.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Қоржынкөл ауылы ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу түбегейлі жақсартылған жайылым 450 13 күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған мал шаруашылығы
Жалпы аумағы 450 га, соның ішінде 450 га түбегейлі жақсартылған жайылым.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурсқа ұсыныстар мыналарды қамтуы тиіс:
1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңы, ауыл шаруашылығы мал басы, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
2) шаруашылық ішіндегі жерді абаттандыру бойынша орналастыру жобасын жасау және игеру және ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттемелер;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану ережелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру жөніндегі индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер.
Инвестициялар сомасында өнімді сақтау және қайта өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жай салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, нөмірленген беттерімен тігілген түрде басылған немесе өшірілмейтін сиямен жазылған, соңғы беті: жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген тұлға) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенім білдірілген тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған жағдайда) расталуымен ұсынады.
Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы әкімдігінің Ғаламтор-ресурсынан алуға болады. http://egin.akmo.gov.kz/ немесе 87164221510 телефоны арқылы.

Мақалың шыққан күні: 09.01.2020 11:57Жаңартылған күні: 17.04.2020 12:46Қараулар: 927

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77