ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкiмдiгi шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн 10 жыл мерзiмге уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкiмдiгi конкурс өткiзу туралы хабарлама бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау Балкашинауылы, Абылай хан көшесi, 119 үй мекен-жайы бойынша 2019 жылғы 01 маусымдағы бастап 2019 жылғы 19 маусымдағы қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 22 маусымдағы Ақмола облысы, Балкашин ауылы, Абылай хан көшесi, 117, 1 қабат, мәжiлiс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.

№п/п Жер учаскесінеүшін ұсынылады, Лот №: Жер учаскесінеүшін ұсынылады: Өңірдің ауыл шаруашылығын амамандануы Жалпы аудаңы, га Жалға беру мерзімі, жыл Алқаптардың құрамы,оның ішінде Топырақтың сапалық сипаттамасы, орташа балл бонитет Сумен қамтамасыз етілуі Өзгеде
Егістік Жайылымдық Шабын-дық Басқа алқаптар      
1 Белгород ауылдық округі Лот № 1 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 97,0 га10 жылға 97,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 50,3) суландырылмаған  
2 Белгород ауылдық округі лот № 2 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 135,7 га10жылға 135,7 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 63,1) суландырылмаған  
3 Белгород ауылдық округі лот № 3 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 139,0 га10 жылға 139,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 62,0) суландырылмаған  
4 Васильев ауылдық округ ілот №4 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 333,0 га10 жылға 295,0 га 38,0 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 52,2) суландырылмаған  
5 Васильев ауылдық округі лот №5 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 338,0 га10 жылға 338,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 49,0) суландырылмаған  
6 Васильев ауылдық округі лот №6 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 363,0 га10 жылға 352,0 га 11,0 га     Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 48,3) суландырылмаған  
7 Васильев ауылдық округі лот №7 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 272,0 га10жылға 272,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 50,6) суландырылмаған  
8 Васильев ауылдық округі лот №8 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 376,0 га10 жылға 376,0 га       Қара қоңыр топырақ,(Балл бонитет 47,5) суландырылмаған  
Жер учаскелерінің жалпы көлемі 2053,7га, оның ішінде егістік 2004,7 га, жайылым 49,0га.

Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар берiледi:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтi және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң http://sand.akmo.gov.kz/ интернет-ресурстарында немесе «Сандықтау ауданының жер қатынастары бөлiмi» КММ-нiң 8(71640)9-13-56 телефон нөмiрi бойынша алуға болады.

Мақалың шыққан күні: 29.04.2020 19:06Жаңартылған күні: 29.04.2020 19:06Қараулар: 1370

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қыркүйек, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77