ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 13 қарашаны қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 14 қарашадағы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, мекен-жайы бойынша шығарылады.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

лот № Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің берілу мақсаты Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы мен түрлері) Алаңы (га) Бонитет балы Топырақ сипаттамасының сапасы Сумен қамтамасыз етілуі Өңірдің ауыл шаруашылық мамандануы
1 Жалтыр ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 171,0 17,0 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
2 Каменка а.шекарасында Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 300,0 18,0 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
3 Қызылжар ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 82,5 14,2 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
4 Колутон ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 209,0 15,6 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
5 Новочеркасск ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 230,0 22,2 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
6 Новочеркасск ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Мәдени-суармалы жайылым (МСЖ) 89,0 22,9 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
7 Старый Колутон ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 377,0 20,4 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
8 Ұзынкөл ауылдық округі Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа қожалығын жүргізу Егістік 99,0 26,2 Күңгірт-күрең топырақ Суландырылмаған Өсімдік шаруашылығы
Жалпы аумағы 1557,5 га, соның ішінде егістік 1468,5 га, мәдени-суармалы жайылым 89,0 га

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Астрахан ауданы әкімдігінің http://astrahan.gov.kz/ нтернет-ресурстарында немесе Астрахан ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71641)23865 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Мақалың шыққан күні: 29.09.2020 15:23Жаңартылған күні: 29.09.2020 15:23Қараулар: 115

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қазан, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77