«Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің қызметі туралы ақпарат

2019 жылдың 8 айы бойынша атқарылған жұмысы туралы ақпарат

2018 жылы «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрi мәтiн бойынша — Бөлiм) келесi жұмыстар жүргiзiлдi:

Жалпы алғанда 1024 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына куәлiктер беру»-173

«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналар үшiн тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттiк нөмiрлiк белгi беру»-146

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу»-235

«Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнiң, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнiң, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу (тiркеуден алу)»-22

«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендiгi туралы ақпарат беру»-61

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендiгi туралы анықтама беру»-66

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»-18

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» — 45

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау»-258

Бұқаралық ақпарат құралдарында Бөлiм көрсететiн мемлекеттiк қызметтер туралы 10 мақала жарияланды.

2018 жылғы қаңтардан желтоқсан аралығында 14 жәрменке өткiзiлдi. Жәрменкеде барлығы 32,5 млн. тенге соммасы ауылшаруашылығы өнiмдерi сатылды.

2018 жылы Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiмен бiрге кеңестер өткiзiлдi:

- 2018 жылғы көктемгi-егiстiк жұмыстарына дайындық

- Күзгi — егiстiк жұмыстарына дайындық барысы

- Қазақстан Фермерлер одағы мен бiрге агроөнеркәсiп кешенiн дамыту

- 2018 жылғы егiн орағының қорытындысы және ауыл шаруашылығы күнiне құрметтеу.

2018 жылы республикалық бюджеттен ауданды қаржылық қамтамасыз етуге 627,2 млн. тенге субсидия бөлiндi, олардың өсiмдiк шаруашылығына 339,8 млн.тенге, соның iшiнде алынған тұқымға — 52,4 млн. тенге, алынған гербицидке — 287,4 млн. тенге, мал шаруашылығын дамытуға 353,1 млн. тенге.

Арамшөптермен күресуде 150,7 мың гектар аумақта, оның iшiнде 92,7 мың гектар жерде екi есе арамшөптерге, 58,0 мың гектар жерде дәндi дақылдарға қарсы химиялық оталар жасалды.

2018 жылдың астық өнiмiне 30 мың гектар аумақта жер өңделдi.

2018 жылы Бурабай ауданында 103,2 мың гектар астық және бұршақ дақылдары себiлдi, 4 және 5 есе бидайының егiс алқаптарында орналасқан оның iшiнде 45,4 мың гектар егiн жиналды, 43,2 мың гектар арпа, 2,7 мың гектар сұлы, 9,6 мың гектар жасымық, бұл 16,6 ц/га өнiмдiлiкпен 171,7 мың тонна астық өндiруге мүмкiндiк бердi.

Жанар-жағармай материалдары бөлiндi: егiн егуге — 2340 тонна, егiн орағына-2340 тонна. Ауданда кепiлдiк дизель отынын тасымалдауға операторлар болып — «Sana Petroleum» ЖШС- 905 тонна, «Жалтыр Тас» ЖШС — 488,55 тонна, «Золотая Нива» ЖШС — 398,34 тонна және «Агрокооперация Бурабай» АШТК — 570 тонна.

2018 жылы 1565,8 млн. тенге соммасында ауылшаруашылығы техникалары сатыпалынды.

Аудан бойынша 2018 жылысыйымдылығы кем дегендебiруақытта 1000 бас бордақталауалаңдарына 1146 бас бұқалар өндiрiлдi. Бұқа тапсыру бойынша жылдық жоспар орындалды.

Бүгiнгi күнi minagro. кz порталында 210 100 гектар егiндiк жердiң 210 100 гектары цифрланды, бұл ауданның жалпы егiс алаңының 100 % құрайды, сондай-ақ 139 947 гектар жайылымның 106 129,18 гектары цифрланды, бұл жайылымдық жерлердiң жалпы алаңының 75,8 % құрайды, 880 гектар шабындықтың 1 746,37 гектары цифрланды, бұл 198,5% құрайды, 410 гектар көпжылдық егiстiң 64,76 гектары цифрланды, бұл 15% құрайды.

Бөлiм басшысы                                                                                                                     Р. Касенов

Мақалың шыққан күні: 11.01.2019 10:27
Жаңартылған күні: 06.09.2019 14:26
Қараулар: 1246