2018 жылы білім бөлімінің атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

МЕКТЕПКЕ ДЕЙIНГI ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

Бурабай ауданында 46 мектепке дейiнгi ұйымдар жұмыс iстейдi, оның iшiнде 13 балабақша мен 33 мектепке дейiнгi шағын орталықтар. 1 жастан 6 жасқа дейiн -4714 бала қамтылған немесе 72% , олардың iшiнен 3 жастан 6 жасқа дейiн -3243 бала немесе 100% .

3 жастан 6 жасқа дейiн орын алу кезегiнде 248 бала бар.

Мектепке дейiнгi ұйымдарға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырыс орналастыру үшiн 2018 жылы Республикалық бюджеттен «Балапан» бағдарламасы бойынша 468000,0 м.тенге қаражат бөлiндi.

ЖАЛПЫ ОРТА БIЛIМ БЕРУ

Ауданда 42 мемлекеттiк күндiзгi жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Оқушылар контингентi 9877 құрайды .

Есепте мүмкiндiгi шектеулi 583 бала тұр, оның iшiнде 253 мүгедек бала. Бүгiнгi күнi мүмкiндiгi шектеулi балалардың жалпы санынан балаларды инклюзивтi бiлiммен қамту 49,1% — ды құрайды. Мектептердiң 42,8% — ында инклюзивтi бiлiм беру үшiн жағдай жасалған.

Аз қамтылған отбасынан 1051 оқушы, 100% тегiн ыстық тамақпен қамтылған.

Аудан бойынша 2018 жылғы ҰБТ орташа балы 71,7 баллды құрады. ЖОО-ға түсу үшiн шектi деңгейден 29 оқушы өтпедi, бұл 12,3% құрады. 38 түлек Алтын белгiнi, 18 түлек үздiк аттестатты (100%) растады.

Компьютерлiк техникамен қамтамасыз ету орта есеппен — 7,6 оқушы/1 компьютер, ауылда — 7,06. Бурабай ауданының барлық мектептерi интернетке қосылған, 512 Кбит/с жоғары жылдамдықпен кең жолақты Интернетке 42 мектеп қосылған (16 мектеп спутниктiк жабдықтар арқылы, wi-fi желiлерiмен 28 мектеп қамтылған). 2018 жылдың 01-қарашадан бастап «Mektep» (2 Мбит/с) тарифтiк жоспардан Small Business (8 Мбит/с) тарифтiк жоспарға ҒББМБ базасын сапалы толтыру, «Күнделiк» электрондық журналын жүргiзу, Bilimland порталын оқу процесiнде қолдану үшiн 12 аудан мектептерiнде интернет жылдамдығын арттырды.

Ауданның барлық 42 мектебi «Bilimland» бiлiм беру платформасына қосылған. «Күнделiк»электрондық журналында барлық 42 мектеп жұмыс iстейдi.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАНЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз етiлуi 58,1% құрайды, барлығы-80 кабинет. 1236,006 мың теңге сомасына 800 оқушы орындық мектеп және 135 орындық интернат құрылысы жүргiзiлуде.

Ауданның бiлiм беру ұйымдарында 85959,7 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Облыстық бюджет қаражаты есебiнен аз қамтылған елдi мекендерден (Досов ат. ОМ, Зеленобор мектеп-гимназия) оқушыларды тасымалдау үшiн 2 автобус сатып алуға 28332,0 мың теңге қаражат бөлiндi, жергiлiктi бюджеттен 14051,0 мың теңге сомасына бiр автобус (Николаевка ОМ) сатып алынды.

ТТО нысандарының тiзбесiне кiретiн барлық 23 бiлiм беру ұйымы 8657,3 мың теңгеге бейнебақылау жүйелерiмен жабдықталған.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Ауданда 133 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде:

- 126 қорғаншылықта, қамқоршылықта және 7 патронатта;

- 41 денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында.

Облыста 3 қосымша бiлiм беру ұйымы жұмыс iстейдi, оның iшiнде БЖСМ 2607 баланы қамтиды, бұл оқушылардың жалпы санының 26,5% құрайды. Сонымен қатар, 4052 оқушы бiлiм беру ұйымдарының үйiрмелерi мен секцияларында жұмыс iстейдi, бұл 64% құрайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын iске асыру мақсатында 22 базалық жобадан тұратын аудандық тiзiлiм әзiрлендi. Осы тiзiлiм аясында аудандық және мектеп деңгейiндегi 66 iс-шара өткiзiледi.

КАДРЛЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ

Бурабай ауданының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде 2017-2018 оқу жылында 1098 мұғалiм жұмыс iстейдi. Оның iшiнде жоғары бiлiмi бар 935 (85,6%), техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар -154 (14,4%) және жалпы орта бiлiмi бар — 0.

Бiлiктiлiк санаттары бойынша жоғары санатты 143 (13%), бiрiншi санатты — 428 (38%), екiншi санатты — 361(32,8%) және санатсыз — 201 (18%)

БЮДЖЕТТIҢ ОРЫНДАЛУЫ

Бурабай ауданының бiлiм бөлiмi бойынша 12 бюджеттiк бағдарлама, оның iшiнде трансферттердiң 3 түрi.

2018 жылға қаржыландыру жоспары 4580541,5 мың теңгенi құрады, 99,9%-ға игерiлдi.

Мақалың шыққан күні: 07.02.2019 11:36
Жаңартылған күні: 07.02.2019 11:36
Қараулар: 624