2018 жылдың қаңтар-ақпанындағы Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау (2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша)

Р/н№ Іс-шаралар Орындау мерзімі Орындалуына жауаптылар Қаржыландыру көзі Орындалуы
1. Щучинск қаласында қаңғыбас иттерді атуға қаржы бөлу туралы мәселені қарау 2018 жылғы20 желтоқсанға дейін «Бурабай ауданының ветеринариябөлімі» ММ,Щучинск каласының әкімі Аудандық бюжет ОрындалудаАғымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында 1 135 700 теңге сомасына 471 қаңғыбас ит пен 45 мысықты аулау жұмысы жүргізілді.
2. Щучинск қаласының жолдарын жөндеу туралы мәселені қарау 2018 жылғы01 желтоқсанға дейін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ,Щучинск каласының әкімі Облыстық бюджет Орындалуда2018 жылы Щучинск қаласының көше-жол желілерін ағымдағы жөндеуге (күтіп ұстауға) облыстық бюджеттен 52,0 млн. тг. бөлінді.Шарт 2018 жылғы 25 мамырда тікелей жасау жолымен бір көзден «Тазалық-Сервис» ШЖҚ МКК-мен жасалды. Бүгінгі күні қаланың жоспарланған 23 көшесінің 7-уі (Әуезов, Абылайхан, Едомский, Мичурин, Амангелді, Майская, Мир) бойынша жұмыстар жүргізілді.«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Щучинск қаласының 8-ші Март, Парковая, Интернациональная, Тургайская, Уәлиханов, 2-ші Звездная көшелерін, Қылшақты өзенінен өтетін көпірге орташа жөндеу жүргізуге 228,1 млн. тг. сомасына Ұлттық экономика министрлігіне бюжеттік өтінім жолданды.«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасын қаржыландыру жоқтығынан қаражат бөлінген жоқ.
3. Сарыбұлақ ауылында ауыз су құдығын айнала қоршау салу туралы мәселені қарау 2018 жылғы01 шілдеге дейін Бурабай кентінің әкімі Бурабай кентінің бюджеті Орындалды2018 жылғы 18 маусымда Сарыбұлақ ауылында ауыз су құдығын қоршау бойынша жұмыстар аяқталды.
4. Аудандық маңыздағы Веденовка-Қарабұлақ жолын жөндеу туралы мәселені қарау 2018 жылғы01 қыркүйекке дейін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Веденов ауылдық округінің әкімі Облыстық бюджет ОрындалудаҚарабұлақ, Озерное, Брусиловка, Баянбай, Көрнекті және Сосновка ауылдарына кірме жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ОБ-дан 50 млн. тг. сомасына трансферт бөлінді. Шарт 2018 жылғы 17 мамырда тікелей жасау жолымен бір көзден «Тазалық-Сервис» ШЖҚ МКК-мен жасалды. Бүгінгі күні жұмыстар Көрнекті және Веденовка ауылдарында жүргізілуде.Бурабай ауданының ТҮКШ бөлімі Веденов ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп, «Аудандық маңызы бар «Веденока-Қарабұлақ» жолын орташа жөндеуге» ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім беру үшін бастапқы деректерді жинау бойынша жұмыстар жүргізуде.
5. Николаев орта мектебі үшін мектеп автобусын сатып алу туралы мәселені қарау 2018 жылғы01 қыркүйекке дейін «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ,Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі Аудандық бюжет Орындалуда«Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 16 мамырдан 01 маусымға дейінгі кезеңде Николаев ОМ үшін мектеп автобусын сатып алуға Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы ашық конкурс өткізді. Қазіргі сәтте нәтижесін шағымдау жүріп жатыр. Қызметті болжалды жеткізушінің сомасы ҚҚС есепке алғанда 14051,0 мың теңгені құрайды.
  Барлығы: 5 ұсыныс        
Мақалың шыққан күні: 10.07.2018 10:18
Жаңартылған күні: 10.07.2018 10:18
Қараулар: 161