2019 жылдың қаңтар-ақпанындағы Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау

(2019 жылғы 01шілдедегі жағдай бойынша)

Р/н№ Іс-шаралар Орындау мерзімі Орындалуына жауаптылар Қаржыландыру көзі Орындалуы
1. Щучинск қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салу және тұрғын үй алуға кезек туралы. 2019 жылғы01 сәуірге дейін «Бурабай ауданының құрылысбөлімі» ММ, «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Республикалық бюджет,Облыстық бюджет Орындалуда2019 жылғы 28 мамырдағы қабылдау-беру актісіне сәйкес Щучинск қаласының Ботаническая көшесі бойындағы 45-пәтерлі тұрғын үй «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің теңгеріміне қабылданды. Қазіргі уақытта үйді мемлекеттік тіркеу және пәтерлерге техникалық паспорт дайындауға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен шарт жасалуда. Жақын арада пәтерлерді бөлу бойынша тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізу жоспарланып отыр.
2. Щучинск қаласының № 6 орта мектебін жөндеуге жоба-сметалық құжаттама әзірлеу туралы. 2019 жылғы01 маусымға дейін «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (ішінара), аудандық бюжет ОрындалудаЩучинск қаласының № 6 орта мектебін күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу жобалаушы «Караганда строй проект»-пен жүргізілуде. Қазіргі таңда мектепті күрделі жөндеудің барлық түрлері бойынша жұмыс жобалары орындалды және жобалаушы ЖСҚ-ны 2019 жылғы 15 шілдеге аяқтау мен тапсыруды жоспарлануда.Аудандық бюджеттен бөлінген 2 миллион теңге сомасына 2019 жылғы тамызда ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама жүргізу жоспарланған.
3. Оқжетпес ауылының тұрғын үйлеріне тиісті жылумен жабдықтауды беру мүмкіндігі туралы. 2019 жылғы01 желтоқсаға дейін Бурабай кентінің әкімдігі Аудандық бюжет ОрындалдыАғымдағы жылдың ақпан айында "Бурабай Тазалык" ШЖҚ МКК суды жылдамдықты қысымдау үшін қуаты 1250 текше метр/сағ. желілік сорғы орнатылған болатын, содан кейін Оқжетпес кентінде үйлеріндегі жылумен жабдықтау дұрысталды.
4. Жасыл ауылының Железнодорожная көшесін ағымдағы жөндеу туралы. 2019 жылғы01 шілдеге дейін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің әкімі Жергілікті бюджет Орындалды1 млн. 700 мың теңге сомасына Жасыл ауылының Железнодорожная көшесінің бойындағы құмды-қиыршықтасты жолды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс аяқталды (мердігер «РСУ-16» ЖШС).
5. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу туралы. 2019 жыл бойы «Бурабай ауданының ауыл шарушылығы бөлімі» ММ,«Бурабай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, - ОрындалудаАғымдағы жылдың басынан бастап ауданда 6 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде екінші тоқсанда – 3 (сәурде – Көкшетау қаласында,мамыр-маусымда Щучье қаласында), оларда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылытардың өнімдері сатылды.
  Барлығы: 5 ұсыныс        
Мақалың шыққан күні: 09.07.2019 14:12
Жаңартылған күні: 09.07.2019 14:12
Қараулар: 292