2019 жылдың қаңтар-ақпанындағы Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау
(2019 жылғы 01шілдедегі жағдай бойынша)
Р/н№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімі | Орындалуына жауаптылар | Қаржыландыру көзі | Орындалуы |
1. | Щучинск қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салу және тұрғын үй алуға кезек туралы. | 2019 жылғы01 сәуірге дейін | «Бурабай ауданының құрылысбөлімі» ММ, «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ | Республикалық бюджет,Облыстық бюджет | Орындалуда2019 жылғы 28 мамырдағы қабылдау-беру актісіне сәйкес Щучинск қаласының Ботаническая көшесі бойындағы 45-пәтерлі тұрғын үй «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің теңгеріміне қабылданды. Қазіргі уақытта үйді мемлекеттік тіркеу және пәтерлерге техникалық паспорт дайындауға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен шарт жасалуда. Жақын арада пәтерлерді бөлу бойынша тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізу жоспарланып отыр. |
2. | Щучинск қаласының № 6 орта мектебін жөндеуге жоба-сметалық құжаттама әзірлеу туралы. | 2019 жылғы01 маусымға дейін | «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (ішінара), аудандық бюжет | ОрындалудаЩучинск қаласының № 6 орта мектебін күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу жобалаушы «Караганда строй проект»-пен жүргізілуде. Қазіргі таңда мектепті күрделі жөндеудің барлық түрлері бойынша жұмыс жобалары орындалды және жобалаушы ЖСҚ-ны 2019 жылғы 15 шілдеге аяқтау мен тапсыруды жоспарлануда.Аудандық бюджеттен бөлінген 2 миллион теңге сомасына 2019 жылғы тамызда ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама жүргізу жоспарланған. |
3. | Оқжетпес ауылының тұрғын үйлеріне тиісті жылумен жабдықтауды беру мүмкіндігі туралы. | 2019 жылғы01 желтоқсаға дейін | Бурабай кентінің әкімдігі | Аудандық бюжет | ОрындалдыАғымдағы жылдың ақпан айында "Бурабай Тазалык" ШЖҚ МКК суды жылдамдықты қысымдау үшін қуаты 1250 текше метр/сағ. желілік сорғы орнатылған болатын, содан кейін Оқжетпес кентінде үйлеріндегі жылумен жабдықтау дұрысталды. |
4. | Жасыл ауылының Железнодорожная көшесін ағымдағы жөндеу туралы. | 2019 жылғы01 шілдеге дейін | «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің әкімі | Жергілікті бюджет | Орындалды1 млн. 700 мың теңге сомасына Жасыл ауылының Железнодорожная көшесінің бойындағы құмды-қиыршықтасты жолды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс аяқталды (мердігер «РСУ-16» ЖШС). |
5. | Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу туралы. | 2019 жыл бойы | «Бурабай ауданының ауыл шарушылығы бөлімі» ММ,«Бурабай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, | - | ОрындалудаАғымдағы жылдың басынан бастап ауданда 6 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде екінші тоқсанда – 3 (сәурде – Көкшетау қаласында,мамыр-маусымда Щучье қаласында), оларда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылытардың өнімдері сатылды. |
Барлығы: 5 ұсыныс |
Мақалың шыққан күні: 09.07.2019 14:12Жаңартылған күні: 09.07.2019 14:12Қараулар: 423