2019 жылғы 01қазандағы жағдай бойынша іс-шаралар жоспарын орындау

2019 жылдың қаңтар-ақпанындағы
Бурабай ауданының барлық деңгейдегі әкімдерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар айтқан ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау
(2019 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша)

Р/н№ Іс-шаралар Орындау мерзімі Орындалуына жауаптылар Қаржыландыру көзі Орындалуы
1. Щучинск қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер салу және тұрғын үй алуға кезек туралы. 2019 жылғы01 сәуірге дейін «Бурабай ауданының құрылысбөлімі» ММ, «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Республикалық бюджет, облыстық бюджет Орындалды«Нұрлы жер» тұрғын үй құрлысы бағдарламасы бойынша, 2019 жылғы 28 мамырдағы қабылдау-беру актісіне сәйкес сатып алу құқығысыз жалдық 45-пәтерлі тұрғын үй «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің теңгеріміне қабылданды. 2019 жылғы 06 шілдеде ЖАО-да есепте тұрған, халықтың әлеуметтік осал тобы санатынан азаматтарға кілттер табыс етілді.
2. Щучинск қаласының № 6 орта мектебін жөндеуге жоба-сметалық құжаттама әзірлеу туралы. 2019 жылғы01 маусымға дейін «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (ішінара), аудандық бюжет ОрындалдыЩучинск қаласының № 6 орта мектебін күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу 2019 жылғы 29 тамызда аяқталды. Қазіргі уақытта ЖСҚ мемлекеттік сараптамада.
3. Оқжетпес ауылының тұрғын үйлеріне тиісті жылумен жабдықтауды беру мүмкіндігі туралы. 2019 жылғы01 желтоқсаға дейін Бурабай кентінің әкімдігі Аудандық бюжет ОрындалдыАғымдағы жылдың ақпан айында "Бурабай Тазалык" ШЖҚ МКК суды жылдамдықты қысымдау үшін қуаты 1250 текше метр/сағ. желілік сорғы орнатылған болатын, содан кейін Оқжетпес кентінде үйлеріндегі жылумен жабдықтау дұрысталды.
4. Жасыл ауылының Железнодорожная көшесін ағымдағы жөндеу туралы. 2019 жылғы01 шілдеге дейін «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Бурабай ауданының Атамекен ауылдық округінің әкімі Жергілікті бюджет Орындалды1 млн. 700 мың теңге сомасына Жасыл ауылының Железнодорожная көшесінің бойындағы құмды-қиыршықтасты жолды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс аяқталды (мердігер «РСУ-16» ЖШС).
5. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу туралы. 2019 жыл бойы «Бурабай ауданының ауыл шарушылығы бөлімі» ММ,«Бурабай ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, - ОрындалудаАғымдағы жылдың басынан бастап ауданда 8 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде үшінші тоқсанда – 2 (шілде - Нұр Сұлтан қаласында, тамызда - Щучинск қаласында), оларда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылытардың өнімдері сатылды.
  Барлығы: 5 ұсыныс        
Мақалың шыққан күні: 20.09.2019 15:29
Жаңартылған күні: 20.09.2019 15:31
Қараулар: 106