Өрт сөндірушілерді қалай дұрыс шақыру керек?

Кез келген өрт әрқашан да апат әкелмек. Осы жағдайда сабырмен және ақылмен әрекет етсек қауiп-қатердiң алдын алу оңайырақ болады. Өрт болған жағдайда дереу телефонмен немесе ұялы телефонмен өрт сөндiру қызметiне «101/112» хабарлаңыз. Бiрақ бәрi қоңырау шалып хабарлау керек екендiгiн бiле тұра, үрейленiп, көптеген адамдар осы жайды ұмытып кетедi. Бұған адамдардың көз алдында күтпеген жерден шыққан үлкен дәрежедегi өрттiң болуы басты себеп болып табылады.

Көптеген адамдар өрттiң болуына байланысты жағдайларда қатты қобалжығандықтан, кейде өздерiнiң мекен-жайларын, телефон нөмiрлерiн, тiптi аты-жөндерiн де ұмытып жатады. Осындай жағдайлар орын алмас үшiн, өрт шыққанда не iстеу керек жайлы барлық негiзгi ақпараттар көзге көрiнiп тұратын жерде iлулi тұруы және өрт сөндiрушiлердiң нөмiрi телефон аппаратына бекiтiлген болуы қажет. Оның үстiне бұл жағдайлар әсiресе, үйде кiшкентай балалар мен қарт адамдар тұрса маңызды болмақ.

Есiңiзде болсын, өрт кезiнде кез келген минут, тiптi секунд өте маңызды, сондықтан ешқандай дүрбелең жоқ болуы тиiс.

Және Сiз бiрден қауiпсiз жерде екендiгiңiздi сезiнген соң , бiрден өрт сөндiру қызметiне хабарлау қажет.

Диспетчермен сөйлескен кезде мыналарды хабарлау қажет:

Өрт болған немесе жанып жатқан жердiң мекен-жайы;

Жанып жатқан жердi дұрыс айту: тұрғын үй төбесi, қойма немесе офистiк үй-жай, ЖЖМ және т. б.;

Жанып жатқан жердi анықтау: үй төбесi, тұрмыстық аспап, ауданба, облыс қандай, газ желiсi және т.б.;

Айтуға қажеттi нақтылайтын тұстар, атап айтқанда, қандай қабатында өрт шықты және ғимараттың жалпы неше қабаттан тұратындығын, подъезд нөмiрiн, бұл өрт сөндiрушiлерге өрттi сөндiру үшiн қай ғимаратқа, қай қабатқа жақындау үшiн және де басқа жағдайлар үшiн қажет.

Мiндеттi түрде өзiңiздiң аты-жөнiңiздi, сондай-ақ телефон нөмiрiңiздi айту қажет.

Сөйлескен кезде асықпай, бiрақ жеткiлiктi, анық айту керек. Бiрден хабар бергеннен кейiн, сiз айтқан мекен-жайға өрт сөндiру машинасы бiрден шығады, жәнесiзхабарланған барлық қосымша мәлiметтер рация бойынша өрт сөндiрушiлерге хабарланады.

Оператормен сөйлесiп болған соң үйден шығып, үйдiң жанында өрт сөндiрушiлердi күту керек. Оларға жанып жатқан нысандағы өрттiң алдын алудың ең жеңiл жолын көрсетуiңiз қажет.

Мақалың шыққан күні: 14.02.2019 15:26Жаңартылған күні: 15.02.2019 09:46Қараулар: 1147

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54