Ұрымқай ауылдық округінің әкімі Ж.К. Оспановтың «Ұрымқай ауылдық округінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2020 жылға міндеттері туралы» ЕСЕБІ

Ұрымқай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты 2019 жылы белгiлi бiр жұмыстарды атқарды.

7 жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi каралды. 84 нормативтiк-құқықтық актiр қабылданды. 78 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. 32 отбасы (139 адам) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек алды. 101 нотариалдық әрекет куәландырылды.

2019 жылғы қаңтардағы есеп беру кездесуiнде алға мiндеттер қойылған болатын: 1) Ұрымқай ауылындағы Ленин, Советская көшелерiндегi асфальт жабының шұңқыр жөндеуi; 2) Дмитриевка ауылында суқұбырын салу, Ұрымқай ауылында суқұбыры желiсiн жөндеу.

2019 жылдың сәуiр айында 1,5км Советская, Ленин көшелерiнде, 0,8км Молодежная көшесiнде шұңқырларға ұсақ тас төгу жүргiзiлдi. Екiншi мәселе бойынша Дмитриевка ауылында суқұбырын салуға және Ұрымқай ауылындағы суқұбыры желiсiн қайта жаңартуға инвестициялық жобаны дайындау үшiн бiз қажеттi құжаттарды (хаттама, жобалық-сметалық құжаттамаға iздестiру жұмыстары жобасының есебi, мемлекеттiк актi мен техникалық паспорт) ұсындық. Инвестициялық жоба дайын, одан әрi қаржыландыру үшiн экономика бөлiмiне өтiнiш берiлдi.

Ауыл шаруашылығы

Округте 8 ЖШС, 24 iрiлендiрiлген шаруа қожалығы мен 2 АӨК ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзедi. Негiзгi кәсiпорын «Журавлевка-1» ЖШС-ның егiс алқабы 17252 га құрайды. 2019 жылы себiлдi: арпа — 9885га, зығыр — 3333 га, рапс — 6892 га, бұршақ-35га. Астықтың орташа шығымдылығы — 21 ц/га, майлы дақылдар — 10,5 ц/га, бұршақ дәндiлер-12 ц/га құрады.

Мал шаруашылығы

Округтегi мал басы жеке үй шаруашылықтарының, шаруа қожалықтарының, жеке кәсiпкерлер мен АӨК-дiң малдарынан тұрады

IҚМ — 2050 бас, жылқы-1076 бас, қой-ешкi — 4970 бас, шошқа-395 бас, құс — 8600 бас.

Бұдан басқа мал шаруашылығымен жеке кәсiпкерлер мен«Журавлевка-1» ЖШС айналысады, онда 100 бас құнажынға арналған мал шаруашылығ фермасы салынған. Сондай-ақ, «Кiндiкқарағай Сүт» ЖШС-мен Ұрымқай ауылында Симменталь асыл тұқымды малының 285 басына арналған СТФ салу жүргiзiлуде. Жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Салықты және басқа мiндеттi төлемдердi жинау, салық салу базасын ұлғайту

2019 жылы салық жиналды:

- жеке тұлғалардың жер салығы — 228,5 мың теңге;

- мүлiк салығы — 63,8 мың теңге;

- жеке тұлғалардан көлiк салығы — 4436,0 мың теңге;

- заңды тұлғалардан көлiк салығы — 711,1 мың теңге;

- кәсiпкерлерден жеке табыс салығы — 1137,8 мың теңге;

- жарнама орналастырғаны үшiн — 424 мың теңге;

Барлық жиналған салық — 7001200 теңгенi құрайды. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың кiрiстер түсiмдерiнiң жоспары 108,4% орындалды.

Жергiлiктi қоғамдастықпен өз ара әрекеттесу

2019 жылы жергiлiктi қоғамдастықпен өзара әрекеттесу барысында Ұрымқай ауылының орталық көшелерiнiң жарықтандыруының электр энергиясы қызметiне, жай жалына, округтi абаттандыруға төлеуге қаржы бөлу туралы аса маңызды шешiмдер қабылданды.

Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру

2019 жылы нәтижелi жұмыспен қамту мен жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы аясында «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 7 адам оқудан өттi, оның iшiнде 2 адам жалпы сомасы 750 мың теңгеге мал шаруашылығын (ұсақ мал) дамытуға мемлекеттiк грант алды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты азайту

2019 жылы 17 тұрақты және 120-дан астам уақытша жұмыс орындары ашылды.

«Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк бiлiммен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты аясында 16 адам оқытылды, 7 адам кәсiпкерлiк негiздерiне оқытылды, 2 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан бастап Жұмыспен қамту орталығына жүгiнген жұмыссыздар қатарынан 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оның iшiнде 3-i жұмысқа орналастырылды.

2020 жылы «Greenenergy» ЖШС Дмитриевка ауылында салаттың 4 түрiн және балық өсiру бойынша жаңа өндiрiс ашуды жоспарлап отыр, ол қосымша жаңа жұмыс орындарын бередi.

Орташа айлық еңбекақыны көтеру

Округ бойынша орташа айлық жалақы 102344 теңгенi құрады, бұл аудан бойынша орташа айлық жалақының 87% құрайды. Барлық кәсiпорындардың, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, шаруа қожалықтарының басшыларымен және жеке кәсiпорлермен жалақыны көтеру бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

Елдi мекендердi көгалдандыру, абаттандыру, санитаралық тазалау бойынша жұмыстар

Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру және санитаралық тазарту айлығы кезеңiнде абаттандыру бойынша 10 жиналыс, 11 экологиялық сенбiлiк өткiзiлдi, тәртiп бұзушыларды анықтау үшiн рейдтiк топ ұйымдастырылды, үй манындағы аумақтарды санитарлық тазалау туралы 220 астам нұсқама табыс етiлдi, 2 стихиялық қоқыс төгiлген жер тазартылды, 83 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Жұмыс жоспарына сәйкес Ұрымқай, Дмитриевка, Қарашiлiк ауылдарының орталық көшелерiнiң жол жиегiндегi шөптердi шабу жүргiзiлдi. Щучинск-Ұрымқай трассасында, ауылдық округтiң кент аралық жолдарында шөптердi екi қабат шабу жүргiзiлдi.

Жол желiсiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектептерге тасымалдау бойынша жұмыс

Елдi мекендерге автобус қозғалысы тұрақты түрде жүзеге асырылады. Әкiмiнiң аппаратымен шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi үйлерiне тегiн тасымалдады ұсыну бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетедi.

520 мың теңге сомасында жергiлiктi өзiн-өзi басқару қаржысы есебiнен Дмитриевка-Ұрымқай кiре берiс жолын (2 км) және Советская-Ленин-Бейбiтшiлiк көшелерiнiң кент iшi жолдарын (3,1 км) орташа жөндеудi жүргiзуге жоба-сметалық құжаттама әзiрлендi.

Көктемде ерiген қар сулары шайып кеткен Көрнектi, Кiндiкқарағай ауылдарына кiрме жолдарды қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлдi. Көрнектi ауылында жұмыстарды (әрқайсы 10,5 метрлiк 2 құбыр төсеу, шайылып кеткен учаскенi толтыру) жүргiзу кезiнде «Журавлевка-1» ЖШС (Н.А.Радченко) техника бердi — 4 тiркемесiмен Камаз автомашинасы, «Бурабай Су арнасы» ШЖҚ МКК Горводоканал (Г.П. Тiлегенова) тиегiш, экскаватор ұсынды. Жұмысты жүргiзу барысында Златополье кен емес материалдар зауыды, Б.С. Махметов, Ж.К. Мұхамеджанов және жергiлiктi тұрғындар көмек көрсеттi.

Кiндiкқарағай ауылында жұмыстарды (құбыр төсеу, жол жабынын қалпына келтiру) жүргiзу барысында «Журавлевка-1» ЖШС (Н.А.Радченко) техника — 5 тiркемесiмен Камаз автомашинасын, тиегiш бердi, олар апта бойы жұмыс iстедi.

Жем-шөп дайындау

2019 жылы шөпке қажеттiлiк 12850 тоннаны құрады. Тұрғындар жем-шөппен толық қамтамасыз етiлдi.

Халықтың әлеуметтiк тұрғыдана осал топтарына көмек

Жыл сайын қарттар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезiнде қарттар мен жалғыз басты зейнеткерлерге көмек көрсетiледi. Есеп беру жылында жалпы 1 млн. 83 мың теңге сомасына көмек көрсетiлдi.

Бiлiм беру

Округте 2 орта, 2 негiзгi және 1 бастауыш мектептер бар. Мектептерде барлығы 400 оқушы бiлiм алуда.

Мектептердiң жанында толық күн және жарты күн болатын 5 шағын орталық жұмыс iстейдi. Балалардың саны 90 адамды құрайды.

2019 жылы Ұрымқай ауылында «Аянбатыр KZ» ЖШС-мен 45 орындық бала бақшаның құрылысы бастады.

Денсаулық сақтау

Ұрымқай ауылында дәрiгерлiк амбулатория жұмыс iстейдi, ауылдарда 5 медициналық пункт бар. Дәрiгерлiк амбулаторияның жанында күндiзгi стационар жұмыс iстейдi. Округте туу 17 адамды, өлiм 24 адамды құрады.

2019 жылы өмiрде қиын жағдайға душар болған 7 адамға жалпы сомасы 265125 теңге мөлшерiнде бiр жолғы көмек көрсетiлдi (онкология, туберкулез аурулары). Әкiмшiлiк тарапынан тұрғындарды 100% флюорографиялық тексеруге көмек көрсетiледi.

Құқықтық тәртiп

Округте құқық қорғау жұмысын жергiлiк полиция қызметiнiң учаскелiк инспекторы полиция капитаны С.Ж. Шалмұқанов жүргiзедi. Өткен кезеңде қылмыстар жасалған жоқ. Арнайы емдеу-профилактикалық мекемесiне 1 адам жiберiлдi. 98 әкiмшiлiк хаттама жасалды.

Алдағы мндеттер:

1. Округтiң барлық елдi мекендерi жерлерiнiң шекараларын заңдастыру.

2. Қаржыландыру болған жағдайда Дмитриевка-Ұрымқай жолын (2 км) және Советская-Ленин-Бейбiтшiлiк көшелерiнiң ауыл iшi жолдарына (3,1 км) орташа жөндеу жұмыстарын жүргiзу.

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 16:10Жаңартылған күні: 30.12.2019 16:10Қараулар: 101

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қаңтар, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77