Бурабай кентінің Кенесары және Озерный көшелері бойындағы жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Бурабай кентiнiң Кенесары
және Озерный көшелерi бойындағы
жер учаскелерiн және өзге де жылжымайтын
мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп
иелiктен шығарудың басталуы туралы»
Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы
12 наурыздағы № а-3/90
қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Бурабай кентiнiң Кенесары және Озерный көшелерi бойындағы жер учаскелерiн және өзге де жылжымайтын мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарудың басталуы туралы» Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 12 наурыздағы № а-3/90 қаулысына келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қою жоспарынан шығарып тасталған жер учаскелерi мен жылжымайтын мүлiк объектiлерiнен тiркеушi органдағы заңдық талаптар алынып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Бурабай ауданы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы                                                Д. Есжанов

Мақалың шыққан күні: 02.08.2019 18:22
Жаңартылған күні: 02.08.2019 18:22
Қараулар: 75