Бурабай кентіндегі жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Бурабай ауданының әкiмдiгi
ҚАУЛЫ

2019 жылғы 16.04.                                                                                            № а-4/149

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауына сәйкес, Бурабай кентiнiң бас жоспары негiзiнде, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Ортақ пайдалану объектiлерiн салу мақсатында Бурабай кентi, Кенесары көшесi 17Е мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы 0,0328 га, кадастрлық нөмiрi 01-177-043-087 жер учаскесiн және өзге де жылжымайтын мүлiктi меншiк иесi Евгений Викторович Сивяковтан мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығару басталсын.

2. Мәжбүрлеп иелiктен шығаруды бастау күнi 2019 жылғы 22 шiлдеден болып белгiленсiн, алайда қаулы атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнiнен бастап үш айдан ерте емес.

3. Щучинск қаласы, Абылайхан көшесi 34 мекенжайы бойынша «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi, автокөлiк жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi келiсiм рәсiмдерiн жүргiзу үшiн меншiк иесi жүгiнетiн орын болып белгiленсiн.

4. «Бурабай ауданының iшкi саясат бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi осы қаулыны қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қосқанда жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi, автокөлiк жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жер учаскесiн және өзге де жылжымайтын мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн алып қоюға байланысты жер учаскесiн және өзге де жылжымайтын мүлiктi мәжбүрлеп иелiктен шығару туралы меншiк иесiне жазбаша хабарлама жолдасын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген қажеттi шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Б. Есжановқа жүктелсiн.

7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Бурабай ауданының әкiмi                                                                       Қ. Қарауылов

Мақалың шыққан күні: 19.04.2019 10:14Жаңартылған күні: 14.05.2019 12:46Қараулар: 982

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
желтоқсан, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54