2018 жылғы қызметі туралы ақпарат

2018 жылы Бурабай кентiн абаттандыру мен санитарлық тазалауға көп көңiл бөлiндi. Осылайша «Экосервис Бурабай» ЖШС жаз бойы қоқысты бөлек жинауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргiздi және оны жалғастыруда. Кентi абаттандыру аясында Кенесары көшесiнiң бойына қылқан жапырақты ағаштың 400-ден астам көшетi отырғызылды.

Бурабай ауданының әкiмдiгi Бурабай кентiнiң орталық алаңын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргiздi, онда кеспе тастар төселдi, гүлдер үшiн қыш құмыралар қойылды, «street food» тамақтану пункттерi орналастырылды, бiрыңғай заманауи стильде безендiрiлдi және ол туристер арасында белгiлi болды.

Сондай-ақ, желекжолды және жаяужол қондырумен өтпенi жайластыру аяқталды, бұл туристердiң Бурабай кентiнiң Кенесары көшесiнен жағалау аймағына жайлы жүрiп-тұруын қамтамасыз етедi.

Бұдан басқа, Бурабай ауданының әкiмдiгi «КаzВiоServis-Astana» ЖШС-мен бiрлесiп жазғы кезеңде мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар пайдалана алатын 2 модульдiк дәретхана қойды (орталық жағажайда және Бурабай кентiнiң Кенесары көшесiнiң бойындағы орталық алаңда), бұл дәретханалар тегiн болып табылады.

Сонымен қатар, Бурабай кентiнiң Кенесары көшесiнде «I love Burabay» жазбасы түрiндегi шағын сәулет нысандар және жағажай, велосипедтердi жалға беру пункттерi, дәрiханалар, полиция бөлiмшелерi, емхана, мұражай және шұғыл көмек көрсету қызметiнiң телефондары туралы ақпарат беретiн көрсеткiштер қойылды.

Абылай хан мен оның ұрпақтарына арналған, Бурабай кентiнiң тарихы залынан, қазақ этнографиясы залы — академик В. И. Вернадский залынан, жауынгерлiк және әскери даңқ залынан тұратын тарихи-өлкетану мұражайы орналасқан, Бурабай кентiнiң Кенесары көшесiндегi «Бурабай» мұражайының ғимаратын қайта жаңарту аймақ үшiн маңызды оқиға болды,

Кент аумағында өткен жазда Кенесары көшесi мен М. Жұмабаев көшесiнде екi көлiк қоятын орын аймағы ашылды.

Сондай-ақ, Щучинск қаласының телемұнарасы ауданында «BURABAY» имидждiк жазбасын салу (биiктiгi 14, ұзындығы 77 метр) бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылды, бұл курорттық өлкенiң тұрғындары мен қонақтары арасында оң резонанс туғызды.

Бурабай ауданының туризм бөлiмiмен кемпингтiк алаңдарды жайластыру бойынша әдiстемелiк ұсыныс әзiрленiп, жұмыс үшiн «Бурабай» МҰТП ММ-не жолданды.

Өткен жазғы кезеңде кемпингтiк алаңдар үшiн орындар белгiлендi және жайластырылды: Бурабай кентi (Щорс көшесi) және Абылайхан ауылдық округi, Ақылбай ауылы (ауылдың оңтүстiк бөлiгi, Кiшi Шабақты көлiнiң жағалауына дейiнгi ара қашықтық 100 метрдi құрайды ).

«Ботай» мәдени-тарихи мұражайның ашылуы 2018 жылдың жазғы маусымның заманалық оқиғасы болды. Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында энеолит дәуiрiнiң жетi тұрғын үйi дәлдiкпен тыңнан жасалды.

2018 жылғы 21 қыркүйекте Кенесары көшесiнде орналасқан, Бурабай кентiнiң жаңа мешiтi ресми ашылды, мешiттiң жалпы алаңы — 1660 шаршы метрдi құрайды.

Бурабай ауданында салынып жатқан және пайдалануға берiлген туристiк объектiлерге қатысты: 2017 жылы 3,13 млрд. теңге сомасына төрт iрi туристiк объектi нiң (мейманханалар: «Rufus Lodge» — 734,0 млн. теңге, «Green Which Hotel» — 350,0 млн. теңге, «Green Park Burabay» — 100,0 млн. теңге және веложолдар — 2 млрд. теңге)және екi қонақ үй пайдалануға берiлдi.

Ағымдағы жылы «Архей» (406 млн. теңге) сауықтыру кешенi, Республикалық шаңғы базасының мейманханасы, сондай-ақ төрт қонақ үй пайдалануға берiлдi. «Жеке-Батыр» шипажайының жаңа корпусын салу мен ескiсiн қайта жаңарту (1,5 млрд. теңге), «Щучье» шипажайын қайта жаңарту (400 млн. теңге) жүргiзiлуде.

Жетi мейманхана кешенi (мейманхана — тапсырыс берушi «Зерновая индустрия-Астана» ЖШС, екi кешен — тапсырыс берушi «Демеу қоры», «Глория» мейманханасының жаңа корпусы (300,0 млн. теңге) және 16 қонақ үй iске асыру сатысында.

Бурабай кентiнiң жағалау аймағын және Кенесары көшесiнiң бiрыңғай сәулеттiк келбетiн одан әрi дамыту және жақсарту мақсатында «KazWoodGroup» ЖШС компаниясымен 2019 жылға абаттандыру бойынша бiрыңғай тұжырымдама құру бойынша жұмыс жоспарланды.

Мақалың шыққан күні: 23.01.2019 16:50
Жаңартылған күні: 23.01.2019 16:50
Қараулар: 346