«Даму» қорының дамуының негізгі кезеңдері

«Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ (одан әрi — «Даму» Қоры/ Қор) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 26.04.1997 ж. №665 «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған

2001 ж. дейiн Қор отандық тауар өндiрушiлерге қолдау көрсету жөнiндегi шаралар Бағдарламасы бойынша мемлекеттiк бюджет қаражаттарының пайдаланылуын, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкi мен Азия даму банкiнiң несие желiлерi бойынша есепке алу және бақылау агентiнiң қызметтерiн атқарды.

2002 ж. бастап Қор шағын бизнестi өзiнiң тiкелей жеке қаражаттарының есебiнен несиелеудi бастады. «Даму» Қорымен «Республикалық бюджеттiң қаражатынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеу бағдарламасы» және «2004-2006 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту бағдарламасы» iске асырылды.

2005 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Үкiметiмен «ҚР-дағы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған жылдамдатылған шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарламаға сәйкес, 2005-2007 жылдар iшiнде Қор жобалық қаржыландыру және лизинг бағдарламаларын, Қазақстанда шағын несиелеу жүйесiн дамыту бағдарламасын, ШК субъектiсiне берiлетiн, екiншi деңгейдегi банктерден (одан әрi — ЕДБ) алынатын несиелердi кепiлдендiру бағдарламасын iске асыру арқылы шағын кәсiпкерлiктi (одан әрi — ШК) қолдауды жүзеге асырды.

2006 ж. қыркүйегiнен бастап «Даму» Қоры «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ акционерлiк холдингiнiң құрамында жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 22.05.2013 ж. №571 «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесiн оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Жарлығына сәйкес «Даму» Қорының 100% акциялары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингi» АҚ (одан әрi — «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) табысталды. Бұл Жарлық шыққанға дейiн «Даму» Қорының 100% акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ына (одан әрi — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) тиесiлi болды және 28.12.2011 ж. бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлiгiнiң, ал 10.04.2013 ж. бастап Қазақстан Республикасының өңiрлiк даму Министрлiгiнiң сенiмгерлiк басқаруында болды. Қазiргi уақытта Қордың жалғыз қатысушысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ болып табылады.

2007 жылдың соңынан бастап Қор Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Тұрақтандыру бағдарламасының қаражатын шарттастырылған түрде орналастыру операторының функцияларын атқарып келедi.

2010 ж. бастап «Даму» Қоры кәсiпкерлердiң несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялаудың және банктердiң алдында кәсiпкерлердiң несиелерiн кепiлдендiрудiң қаржылық агентi болып табылады, сонымен қатар «Бизнестiң жол картасы 2020» мемлекеттiк бағдарламасының (одан әрi — «БЖК 2020» бағдарламасы) аясындағы оқыту және кеңес беру бағдарламаларының операторы қызметiн атқарады.

2015 ж. бастап «Даму» Қоры «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың Бiрыңғай бағдарламасының аясында қаржылық қолдаудың iске асырылуын және мониторингiн (кәсiпкерлердiң несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау және банктердiң алдында кәсiпкерлердiң несиелерiн кепiлдендiру) жүзеге асыратын қаржылық агент болып табылады.

2012-2014 жж. барлық облыс орталықтарында және Астана, Алматы, Семей, Түркiстан қалаларында 18 кәсiпкерлерге қызмет көрсету Орталықтары, сонымен қатар 14 Кәсiпкерлектi қолдаудың мобильдi орталықтары құрылды.

«Даму» Қорының филиалдары Қазақстанның барлық аумақтарында жұмыс жасайды, жергiлiктi кәсiпкерлермен, қоғамдық ұйымдармен және билiктiң жергiлiктi атқарушы органдарымен айтарлықтай жұмыс тәжiрибесi бар.

Мақалың шыққан күні: 08.10.2018 12:16Жаңартылған күні: 09.10.2018 11:00Қараулар: 758

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54