Абылайхан ауылдық округі әкімі Г.К. Қалмағанбетовтың «Абылайхан ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға белгіленген мақсаттар туралы» есебі

Абылайхан ауылдық округi әкiмiнiң аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықтың әлеуметтiк-демографиялық құрамын ескере отырып, экономикалық жағдайына сәйкес жоспарланады, мемлекет басшысы бекiткен бағдарламалар құжаттарына, облыс, аудан әкiмiнiң тапсырмаларының орындалуына сәйкес жұмысын ұйымдастырады.

Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық экономиканың дамуын сипаттайтын барлық көрсеткiштер өткен жылға қарағанда көпшiлiгi жоғары.

Демографиялық көрсеткiш

Ауылдық округ бойынша халықтың саны — 2377 адамды құрайды, соның iшiнде Қызылағаш ауылында- 1014 адам, Жаңа Қарабаур ауылында — 217 адам, Озерное ауылында — 210 адам және Ақылбай ауылында — 936 адам.

Экономикалық белсендi халық -1198 адам, жұмыс iстейтiндер саны — 809 адам, зейнеткерлер саны — 348 адам және әр топтағы мүгедектер саны — 120 адам.

Инвестициялық тарту

Ауылдық округ бойынша 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылға арналған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 51 млн 523 мың теңгенi немесе 93,5 % құрайды. Стратегиялық бағыт — ауылдық жерлердi дамыту болып табылады.

Салық және бюджет

Осы 2018 жылда 5 550 744 теңге салық жиналды, оның iшiнде мүлiк салығы — 65 791 теңге, жер салығы — 766 211 теңге, авто көлiк салығы — 3 509 823, төлем көзiнен салық салынбайтын жеке табыстар салығы 1 208 918 теңге.

Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру

Мал тұқымын асылдандыруды дамыту бағдарламасы бойынша- «Мансур –Алдияр» ЖК Темиров А.А.-1, «Абылайхан» АШК Макенов Е.Б. -6, «Мойнак» АШК Темиров О.А. — 6, «Макенов» ЖК Макенов А. Б. -2, «Жанайдаров» ЖК Жанайдаров Р.Б. — 1, «Бiрлiк» ЖК Темирова М.-1, «Касымов» ЖК Касымов Т.С.-1. Барлығы — 18 бұқа.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

2018 жылы "Игiлiк" бағдарламасы бойынша: Қазкешев Мейрамбек 7 бас iрi қара мал сатып алуға 1,9 млн.теңге, Құсайынова Алма 10 бас iрi қара мал сатып алуға 3,0 млн.теңге, Жанайдаров Рүстем 13 бас iрi қара мал сатып алуға 4,0 млн. теңге, Калмағанбетова Айман 14 бас iрi қара мал сатып алуға 4,0 млн.теңге, Мұқашев Жансерiк 4 бас iрi қара мал сатып алуға 1,2 млн. теңге несие алды.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту

Абылайхан ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына қоғамдық жұмысқа 4 адам тартылды. Келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, барлығы жұмыспен қамтылды.

3 жұмысқа жарамды мүгедек жұмыспен қамтылды: Исенов Д., Булгаков С., Дулатов М.

16 отбасы (60 адам отбасында) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi алып отыр, барлығы да жұмыспен қамтылды.

Орташа айлық жалақыны көтеру.

Халықтың табыс деңгейi жалақы мөлшерi, зейнетақы, олардың индекстеу және уақытылы төлем жиелiгi болып табылады.

ЖШС, ШҚ, ЖК басшыларымен бiрге жұмысшылардың жалқысын арттыру үшiн белсендi жұмыс iстеп жатырмыз. Жыл сайын, егiн егу және жинау кезiнде ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қызметкерлерiне еңбекақы арттырылуда. Ауылдық округте орташа жалақы көлемi 85 856 теңгенi құрайды.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық әкiмдiгiмен, жұмыс берушi және кәсiподақ арасында өндiрiстiк үдерiстердi тұрақтандыру, еңбек құқықтары мен жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде меморандум жасалды.

Жер қатынастарын реттеу

Абылайхан ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында кезекте тұрған жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алу жүзеге асырылуда. Жер учаскесiн алуға кезекте 150 өтiнiш берушi тiркелген.

Жергiлiктi қауымдастықпен өзара әрекеттесу.

2018 жылы ауылдық округ бойынша жергiлiктi қоғамдастықтың 3 отырысы өттi, онда кiрiс трансферттер ЖҚ қаражатты бөлу туралы мәселесi қаралды.

Ауылдық округiнiң 2018 жылда бюджетi 100 % меңгерiлдi.

Бақылау шоттарында қаражаттын қолма-қол жұмсау және қолданысқа жiберу мемлекеттiк мүлiктi жалдау есебiнен бос болмауына байланысты. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшiн төлемдер, жеке және заңды тұлғалардың ерiктi салымдар төлеу жөнiнде жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Халықты ауыз сумен қамту

Үш елдi мекендерде (Қызылағаш ауылы, Ақылбай ауылы, Озерное ауылы) орталықтандырылған ауыз су құбырлары жұмыс iстейдi және Жаңа Қарабауыр ауылында орталықсыздандырылған. Ауыл тұрғындарының өз күшiмен үйлерiне су енгiзiлдi.

Аббатандыру, көгалдандыру және елдi мекендердi санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң «Елдi мекендерде көктемгi санитарлық тазалау, абаттандыру, айлық өткiзуi туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округ әкiмi үш айлық санитарлық тазарту, көгалдандыру және елдi мекендердi аббандыру бойынша iс-шаралар жоспарын әзiрледi. Халықпен 8 кездесу, 10 сенбiлiк өткiзiлдi, Қызылағаш ауылында 1 заңсыз қоқыс алаңы жойылды. Жыл сайын 200 тоннаға жуық қоқыс пен көңдi жеке меншiк иелерi жүйелi түрде шығарады.

Мектеп ғимараты мен ауылдық округте 53 түп ағаштар мен бұталар отырғызылды. Қоғамдық ғимараттар және жеке меншiк үйлердiң қоршаулары жөнделiп жаңартылды.

Ауылдық округ мектептерiнiң жылу маусымына дайындығы.

Ауылдық округ бойынша мектептер 2017-2018 жылдары жылу маусымына 100% дайын. Көмiрдiң қажеттiлiгi әлеуметтiк сала бойынша селолық округте 729 тоннаны құрайды.

Өнеркәсiп пен шағын бизнестi дамыту:

Аулдық округ бойынша орта және шағын бизнес дамыған: 11 дүкен, 2 авто көлiк жөндеу шеберханасы, 2 наубайхана, 2 асхана жұмыс iстейдi.

Ауылдық округте апта сайын әлеуметтiк маңызды тауарлар бағасына мониторинг жүргiзiледi.

Әлеуметтiк қызмет көрсету

Бiр отбасы мемлекеттiк балалар жәрдемақысын алады. Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 360 750 теңге сомма мөлшерiнде емделуге мұқтаж 10 адамға, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Мүгедектер үшiн мектептерге кедергiсiз кiру үшiн арнайы пандустар орнатылған. Ауылдық округ әкiмшiлiгiне кiре берiсте оңай қол жеткiзу үшiн қоңырау түймесi орнатылды.

Бiлiм саласы

Округте 4 мектеп (2 орта және 2 бастауыш) және мектептер жанындағы 4 шағын орталық жұмыс жасайды. Барлығы 307 оқушы және 134 тәрбиеленушi бар.

Округтегi барлық мектептер компьютер сыныптарымен, интерактивтi тақталармен жабдықталған. Әрбiр мектепте интернетке кiру мүмкiндiгi бар. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен мектептерде автоматты өрт дабылдары iске қосылған. Барлық орта және бастауыш мектептерде лицензияланған медициналық кабинеттер жұмыс iстейдi. 2017-2018 оқу жылының соңында орта мектептердi — 29 түлек бiтiрдi.

Денсаулық саласы

Округ аумағында 1 дәрiгерлiк амбулатория Ақылбай ауылында, 1 фельшерлi-акушерлiк пункт Қызылағаш ауылында, Жаңа Қарабауыр, Озерное ауылдарында 2 медпункт қызмет көрсетедi. Медициналық қызметкерлердiң саны 12 адамды құрайды.

Денсуалық сақтау желiсi бойынша басты мәселенiң бiрi Қызылағаш ауылында дәрiгерлiк амбулатория және Қызылағаш, Ақылбай ауылдарында дәрiхананың жоқтығы болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету

Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Әкiмшiлiк ғимаратында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттары халық назарына ұсынылады.

Жыл сайын мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептер талқыланып, ауылдық округiнiң әкiмi сайтында жаңартылады.

Бiр жыл iшiнде — 39 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Шешiлген проблемалық мәселелер:

- Ақылбай ауылындағы стихиялық қоқыс үйiндiсi жойылып, 1450 м^2 шығарылды;

- Щучинск-Көкшетау автожолынан Озерное ауылына дейiнгi ұзындығы 7 шақырым болатын жолға қиыршық тас төгiлiп, тегiстелдi;

- Щучинск-Көкшетау автожолынан Жанқара бекетiне (№20 разъезд) дейiнгi ұзындығы 5 шақырым болатын жолға қиыршық тастөгiлiп, тегiстелдi.

2019 жылға арналған мақсаттар:

1. Ауылдық округке қарасты елдi-мекендердi абаттандыру, жемiс-жидек ағаштарын отырғызу.

2. Елдi-мекендер мен iргелес аумақтарда стихиялық қоқыс үйiндiсi жою.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:18
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:18
Қараулар: 623