2018 жылға арналған ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы мен бюджетінің орындалуының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы Бурабай ауданы әкімінің есебі

Мемлекет Басшысы алға қойған мiндеттердi жүзеге асыру толығымен ауданның экономикасын дұрыс дамытуды қамтамасыз еттi.

Аудан экономикасы үшiн өткен жылдың басты жетiстiгi өсу қарқынының неғұрлым жоғарыға көшуi болып табылады. Нақты сектордың базалық саласында өсу қарқыны қамтамасыз етiлдi. Сонымен, өнеркәсiпте 24,5 %, ауыл шаруашылығында 2,8 %, тұрғын үйдi енгiзуде 25,6 %. Бөлшек сауда көлемi 5,7 %-ға өстi. Орташа айлық номиналдық еңбекақы 112444 теңгенi құрады. Мемлекеттiк бюджетке 15,2 млрд.теңге немесе жоспарға 109,1 % салықтар мен өзге де мiндеттi төлемдер түстi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қаржылық дербестiгiн нығайту үшiн 2018 жылдан бастап ауданда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейiнде кезеңiмен дербес бюджет енгiзiлуде. 2 мыңнан астам халық санымен 9 елдi мекенде дербес бюджет бекiтiлдi. 2020 жылдан бастап дербес бюджет қалған 3 ауылдық округте бекiтiлетiн болады.

Өнеркәсiп саласын дамытуға бағытталған мақсатты шаралар кешенiн жүзеге асыру өндiрiс көлемiнiң артуын және жаңа кәсiпорындарды iске қосуды қамтамасыз еттi. 2018 жыл үшiн аудан бойынша өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 40670,9 млн.теңгенi құрады, нақты индекс көлемi — 124,5 %. Тау-кен қазу өнеркәсiбiнiң нақты индекс көлемi 124,3 %-ды құрады немесе 3075 млн.теңге сомасына өнiм өндiрiлдi. Түстi металдар кенiн өндiру 62,4 %-ға, тау-кен қазу өнеркәсiбi саласында техникалық қызметтердiң көлемi өткен жылмен салыстырғанда 38,4 %-ға артты. Өңделетiн өнеркәсiптiң көлемi өткен жылға 19,1 %-ға өсумен 34299,6 млн.теңгеге қол жеткiздi. Тамақ азық-түлiгiн өндiруде 6,2 %-ға, құрылыс материалдарын өндiруде 28,6 %-ға, металлургияда 44,2 %-ға өсу қамтамасыз етiлдi.

2018 жылы 4 жаңа цех ашылды: жиһаз шығару бойынша, балалар кимiмдерiн тiгу, минералдық сусынды құю және iрiмшiк өндiру бойынша, оларда 15 жаңа орындар құрылды.

2019 жылы бiрнеше жобаларды жүзеге асыруды бастау жоспарлануда, соның iшiнде:

-5 млн.тонна өнiмдiлiгiмен бiрiншi кеннiң алтын-шығару фабрикасын салу ( RG Processing ЖШС). Онда 1 мың жаңа орын құрылатын болады (жiберу 2021 жылдың аяғында жоспарлануда).

-Жылына 1 тонна қуаттылығымен белсендiрiлген көмiр өндiру бойынша зауыт салу, онда 50 жаңа жұмыс орны құралатын болады (Charcjal-Burabay ЖШС).

-10 жаңа жұмыс орнын құрумен кезегiне 10 мың литр қуаттылығымен минералды сусынды құю бойынша цех ( Акорд ЖШС).

Алдағы кезеңде аудан өнеркәсiбiн дамытуда бiрiншi мiндет қайта өңдеу объектiлердiң қуаттылығын арттыру, өңдеу өнеркәсiбiнде өнiмдiлiк еңбегiн арттыру, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгiзу есебiнен өнеркәсiп өндiрiсiнiң тұрақты экономикалық өсуiне қол жеткiзу болып табылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашлығының жалпы өнiмiнiң көлемi 29008,2 млн.теңгенi құрады, нақты индекс көлемi 102,8 %. Ауыл шарушалық тауарларын өндiрушiлерге 669 млн.теңге сомасында субсидия түрiнде мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi, соның iшiнде өсiмдiк шаруашлығына 540 млн.теңге, мал шарушалығына 129 млн.теңге. Ауыл шаруашылығына 1567,4 млн.теңге, өткен жылдың деңгейiне 103,7 % инвестицияланды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы егiнi жиналды. 2018 жылы ауыл шаруашылық дақылының жаздық егiсi 157 мың гектарды құрады. Жемнiң жаздық егiсi 1,1 %-ға (2017 жылы — 161,7 мың тонна, 2018 жылы — 163,4 мың тонна), майдың жаздық егiсi 56 %-ға (2017 жылы 32,1 мың тонна, 2018 жылы 50,2 мың тонна) артты.

Мал шаруашылығы саласында мал бассының және өнiм көлемiнiң нақты өсу динамикасы байқалуда.

Сонымен iрi қара мал басының саны 610 басқа (2019 ж. 1.01. барлығы 26079 бас), жылқы 526 басқа (барлығы 11780 бас), шошқа 881 басқа (барлығы 7027 бас), қой және ешкi 41 басқа (36929 бас) өстi. Соның iшiнде «Агробизнес 2020», «Сыбаға» Мал шалуашлығын дамыту бағдаламасын жүзеге асыру есебiнен шетелдiк селекциядан тұқымдық малдың iрi қара малының 258 басы сатып алынды.

130 басқа еттi бағыттағы 2 ферма (Атамекен а., Мәдениет а) және 100 басқа 1 сүт-тауар фермасы (Атамекен а.) құрылды.

2019 жылы «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асырылатын болады, 335 тұқымдық iрi қара малды сатып алу жоспарлануда (Наурызбай батыр а. — 50 бас, Абылайхан а/о бойынша 100 бас, Атамекен а/о бойынша 105 бас, Зеленобор а/о бойынша 50 бас, Златополье а/о бойынша 30 бас).

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы Qoldau.kz. порталы арқылы субсидиялау процесi автоматтандырылды.

Ауданда «Алтын Бидай 2020» ЖШС (Ұрымқай ауылдық округiнде) базасында нақты егiншiлiк элементiн енгiзу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердi орынды пайдалану мақсатында ағымдағы жылы конкурстық негiзде 3531,1 га ауданымен 34 жер учаскесiн ауыл шаруашалық айналымына тарту жоспарлануда.

2018 жылы эпизоотияға қарсы iс-шараларды өткiзуге 51,5 млн.теңге бөлiндi. Аса қауiптi ауру ауыл шаруашылық жануарларына қарсы ветеринарлық-профилактикалық және диагностикалық iс-шаралар жоспарға сәйкес өткiзiлдi. 2018 жылы бруцеллозға оң шағылысатын 6 iрi қара мал басы анықталды, олар уақтылы бөлектенiлдi және санитарлық союға жiберiлдi. Иелерiне өтеу төлендi.

Өткен жыл үшiн негiзгi капиталға 27,1 млрд.теңге сомасында (немесе 2017 жылға 62,9% ) инвестиция салынды. Сонымен қоса жеке инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 22,8 %-ға артты (9,8 млрд.теңгеден 12,5 млрд.теңгеге дейiн).

2018 жыл үшiн тұрғын үй құрылысына инвестиция көлемi 1,9 ретке өстi (4238 млн.теңге). 25 мың шаршы метрден жоғары пайдалануға енгiзiлдi, бұл 2017 жылдан 25,6 %-ға көп.

Щучье-Бурабай курорттық аймағын әрi қарай дамыту мақсатында 2018 жылы 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жалғастырылды және 4 жаңа жобаны жүзеге асыру басталды, олардың iшiнде жолдарды, су құбырларын, кәрiз, жабдықтарды тазалуды салу бар. Жобалардың жалпы құны 21 млрд.теңгенi құрайды. Осы мақсаттарға жоғары тұрған бюджет есебiнен 1,7 млрд.теңге бөлiндi.

2019 жылы ЩБКА бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегi бюджеттерден 4,9 млрд.теңге, оның iшiнде жаңа жобаларға 1,0 млрд.теңге, жалғастырушы жобаларға 3,9 млрд.теңге бөлiндi.

Ауданда басты мәселенiң бiрi жолдарды жөндеу болып табылады.

Өткен жылы жалпы сомасы 50,0 млн:теңгеге елдi мекендердiң кiреберiс жолдарын ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi (Озерное, Қарабұлақ, Жарқайын, Брусиловка, Баянбай, Көрнектi, Сосновка)., жалпы сомасы 52 млн.теңгеге Щучинск қаласының көше-жол желiлерi жөнделдi. Щучинск-Николаевка жолының учаскесiн орташа жөндеу жүргiзiлдi. Осылайша жақсы жағдайда тұрған 2017 жылы 40 %-дан 42,5 %-ға дейiн жолдардың деңгейi бойынша көрсеткiштiң өсуi қамтамасыз етiлдi.

2019 жылы Зеленобор-Мәдениет жолын орташа жөндеу басталатын болады. Осы мақсаттарға 300 млн.теңге бөлiндi (жобаның жалпы құны 590,4 млн.теңге).

Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк аясында 1,6 млрд.теңге сомасына Щучинск қаласының жетi көшесiнiң жолдарын жөндеу басталады.

Сонымен қоса ағымдағы жылы жалпы сомасы 6,2 млрд.теңгеге жол салу бойынша 4 жобалық-сметалық құжаттамаға және жол жөндеуге бiр ЖСҚ-ға мемлекеттiк сараптама алу жоспаралануда (Текекөл көлiнен Шабақтыны сол жағынан айналып өту көлiне дейiн автожолды салуға, Горный шағын ауданында мектептiң кiреберiс жолына, Заречный шағын ауданында IIБ объектiсiне, кавалериялық взводтың ғимаратына. Сонымен қоса 20 км ұзындығымен Бурабай-Қатркөл жолын күрделi жөндеудi жүргiзуге).

Аудан экономикасының басым бағыттарының бiрi туризмдi дамыту болып табылады.

Өткен жылы жалпы құны 450 млн.теңгеден жоғары 4 жаңа туристiк объектi пайдалануға енгiзiлдi (Бурабай к. қонақ үй «Zeyin» ЖШС, Щучинск қ. ауықтыру кешенi, «Щучье көлi» «Архей» ЖШС, А.В. Нилов ЖК, В.А. Макеев ЖК екi қонақ үйi.). Жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеге «Жеке-Батыр» шипажайын және «Щучье» шипажайын қайта жаңарту жүргiзiлуде.

16 туриз объектiлерiн салу жалғасуда, олардың iшiнде 3 қонақ үй кешенi, инвестиция сомасы 7 млрд.теңгеден жоғары құрайды (оның iшiнде «Зерновая индустрия-Астана» ЖШС мейманханасы, «Демеу Қоры» кешенi, «Глория» мейманханасының жаңа корпусы) .

ЩБКА дамытудың үлкен себебi жаңа жобаларды жүзеге асыру болып табылады, соның iшiнде «Ақ Бура» жаңа куорорттық аймағын салу, әлеуметтiк-мәдени, сауда-ойын-сауық, спорттық-сауықтыру және тұрақты мекенжайы бар аялдама объектiлерiн қамтитын Бурабай к. көпфункционалды кешенiн салу.

Туристердi тарту үшiн Бурабай кентiнде Визит-орталығы қайта жаңартылды (Жер қойнауы мен минерология залы; Қарағай ормандары мен сулы-батпақты алқаптар залы), кенттiң тарихымен (Абылай ханға және оның ұрпақтарына арналған зал, Қазақ этнографиялық залы — академик В.И. Вернадскийдың залы, Әскери және әскери даңқ залы) экспедициялық зал құрылды).

2018 жылғы маусымының атақты оқиғасы «Ботай» мәдени-тарихи мұражайының ашылуы болып табылады. Бурабай кентiнде жаңа мешiттiң ашылуы болып табылады.

Өткен жылы Бурабай кентiн абаттандыру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Соның iшiнде кенттiң орталық алаңы абаттандырылды, жағалау аймағына аллеялар салынды. Шағын сәулет құрылысының нысандары, туристiк объектiлердi және жедел телефон қызметiн орналастыру сияқты ақпараттық көрсеткiштер орнатылды.

Ауданда Щучинск қ. телемұнарасында «Burabay» жарықтандырылған жазу орнатылды (биiктiгi 14 м және ұзындығы 77 м).

400-ге жуық қылқан жапырақты көшеттер отырғызылды.

Жазғы кезеңге 22 тегiн дәретхана, оның iшiнде мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға бейiмделген 2 модульдiк дәретхана орнатылды.

Тамақтану және сауда пунктерiн орналастыру үшiн орындар ұйымдастырылған.

Ағымдағы жылы кенттi абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Туристердi тарту мақсатында ағымдағы жылы бiрнеше жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, соның iшiнде Щучинск қ. телемұнарасы жанында бақылау алаңы салынатын болады, Ботай мәдениетi мұражайының жанында этно-ауыл және Мараловалық шаруашылық ұйымдастырылады.

Мейманханалар мен қонақ үйлердiң сапалы қызмет көрсетуiн арттыру мақсатында оларға санаттарды беру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2018 жылдың соңында 23 объектiге санаттылық сертификатын берумен «жұлдыздар» тағайындалды. 2019 жылы жұлдыздарды тағайындау бойынша жұмыстар жалғасатын болды (2017 жылы 8 қонақ үй және мейманхана болды).

Курорттық аймақтың дөңгелек жүктемесi мақсатында «Four seasons» тұжырымдамасы әзiрлендi. 2018 жыл үшiн ЩБКА-да 44 әртүрлi нысанда iс-шаралар өткiзiлдi, оның iшiнде армреслинг бойынша Азия чемпионы, мұз астында балық ұстау фестивалi, спорттық билер бойынша ҚР кубогы, «Burabay Yoga Fest» йога фестивалi, Желкен кемесi, «Синегорье», Қан Соңар, «Бiржан Сара» операсы бард әндерiнiң фестивалi, Бiрiншi Халықаралық гастрономиялық фестивалi, құзға шығу бойынша ҚР чемпионы, «Электрондық музыка фестивалi» Open Air, «Race Nation Burabay — 2018 бөгетпен жарысу, "Я — Чемпион!" халықаралық балалар спорттық теледидарлық ойыны сияқты белгiлi iс-шаралар (барлығы 14 зәкiрлi және 30 оқиғалық iс-шаралар) .

Аудан экономикасының негiзгi бағыттарының бiрi шағын және орта бизнестi дамыту болып табылады. Бүгiнде 5152 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыс iстейдi. Iс әрекеттегi шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң үлесi артты (76,1%). Оларды өткен жылмен салыстырғанда 5,2 %-ға өсумен 974 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Шағын және орта бизнестi қолдау мақсатында мемлекетпен айтарлықтай қаржылай көмек көрсетiлдi. Сонымен жүзеге асырылып жатқан «Бизнестiң жол картасы — 2020» аясында 2018 жылы жалпы сомасы 279 млн.теңгеге 10 жобаға қолдау көрсетiлдi. Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында 164 млн.теңгеге жуық сомада 45 адам шағын несие, 6,0 млн.теңге сомасында бизнес-идеяны жүзеге асыруға 25 адам грант алды.

Әкiмдiк жұмысында әлеуметтiк саланы дамытуға ерекше көңiл бөлiнедi.

Ауданның барлық мектептерi Назарбаев Зияткерлiк мектептерiнiң тәжiрибесi бойынша бiлiм берудiң жаңартылған мазмұнына көштi.

Аудандық бюджет есебiнен оқушылар түгелiмен тегiн оқулықтармен қамтамасыз етiлген. Оқушыларды тасымалдаудың сапасын арттыру үшiн 3 автобус сатып алынды (Досов ат. ОМ, Николаевка ОМ және Зеленобор МГ).

29 ауылдық және 2 қалалық мектептерде Wi-Fi орнатылды. Бiлiм беру объектiлерiнiң материалдық-техниалық базасы 30,5 млн.теңгеге нығайтылды (химия кабинетi сатып, 41 бағдарламалық-аппараттық кешендердiң жиынтығы, 55 компьютер, 11 мектеп үшiн жиһаз сатып алынды ).

Бұдан басқа, бiлiм берудiң объектiлерiн жөндеуге 66 млн.теңге бағытталды (соның iшiнде Мектептен Тыс жұмыс орталығының төбесiн күрделi жөндеуге (21 млн.теңге), 2 ауылдық мектептердiң төбесiн ағымдағы жөндеуге (Абылайхан және Озерное а. 4,5 млн.теңге), 5 ауылдық мектептердiң терезелерiн (Абылайхан ат. ОМ, Веденов ОМ, Мәдениет ОМ, Атамекен а. ОМ, Ақылбай а. ОМ 15 млн.теңге), 6 мектепте жылу қазандықтарын ауыстыруға (15,7 млн.теңге сомада), 4,20 млн.теңге сомада 3 мектепте жылу жүйесiн жөндеу жүргiзiлдi).

Ағымдағы жылы Щучинск қаласында 135 орынды интернатымен 800 орынды бейiндi мектептiң құрылысы аяқталады.

3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиеге қамту 100 %-ды құрады (немесе 3028 бала).

Аудан халқына емдеу-профилактикалық көмектi 225 төсек орны бар стационарымен Орталық аудандық ауруханасы, аудандық емхана, 10 дәрiгерлiк амбулатория, 2 фельдшерлiк-акушерлiк орын және 32 медициналық орындар көрсетедi.

2018 жыл үшiн сәби өлiмi азайды (11-ден 7 жағдайға), аналар өлiмiне, туберкулезден өлiмге жол берiлмедi. Туберкулезбен ауыру 2017 жылдың 40 жағдайынан 2018 жылдың 33 жағдайына қарсы азайды.

Ауруды азайту мақсатында аудан бюджетiнде туберкулезбен және онкологиямен ауыратындардың әрқайсысына 15 АЕК мөлшерiнде әлеуметтiк көмек қарасытырылған. Дәрiмен алдын алуды жүргiзген кезде аз қамтылған отбасының оқушыларына тегiн ыстық тамақтану ұйымдастырылды, мектепке дейiнгi тәрбиелеу жүйесiнде «Одуванчик» балабақшасында 50 адамға екi шипажайлық топ жұмыс iстейдi.

Ауылдық жерлерге келген қызметкерлерге кадрларды тарту мақсатында әлеуметтiк қолдау шаралары төленедi (көтерме жәрдемақы және несие). Колледждiң аз қамтылған студенттерiне, сонымен қоса медициналық ЖОО-ның студенттерiне аудандық бюджет есебiнен оқу үшiн төлем қамтамасыз етiлуде.

Жалпы алғанда туу 5,3 ретке артты, бұл жалпы алғанда демографиялық жағдайға әсер еттi. Өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда халық саны + 262 адам (1046 адам туды, 800 адам өлдi) табиғи өсудiң және +18 (2788 адам келдi, 2770 адам кеттi) көшi қонның оң есебiнен 0,4 %-ға артты және 75385 адамды құрады.

Жыл сайын дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде шығалданатындардың саны артуда, оны қамту 2018 жылы 28 % (21106 адам) қарсы 2017 жылдың 25 %-на құрады.

2018 жыл үшiн ауданда 197 спорттық-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлдi.

Мәдени тынығуды ұйымдастыру үшiн 36 кiтапхана, 12 клубтық мекемелер жұмыс жасайды. 2018 жылы 2 ауылдық модельдiк кiтапханалар құрылды (Оқжетпес және Веденов кiтапханалары базасында). Аудандық балалар кiтапханасында коворинг-орталығы ашылды.

Зерттеу нәтижелерiне сәйкес 2018 жылы әр түрлi деңгейдегi мемлекеттiк тiлдi меңгеретiн аудан халқының үлесi 70,5 %-ды құрады. 2018 жылы тiлдердi оқыту орталығында 44 адам мемлекеттiк тiл, 7 адам ағылшын тiлiн курсын өтiп, сертификаттар алды. 327 адам оқуларын жалғастыруда.

Халықты әлеуметтiк қолдау мәселелерiне көп көңiл бөлiнедi.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2203 жұмыссыздар жұмысқа орналасты, бұл жүгiнгендердiң санынан 97,3 %-ды құрайды.

«2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасымен бiр жарым мың адамға жуық қамтылды. 2018 жыл үшiн тiркелген жұмыссыздық деңгейi 0,2 %-ды құрады (332 жұмыссыздар).

Мемлекет басшысының мiндетiн орындау барысында ауданда еңбекақыны көтеру бойынша 534 кәсiпорындармен ұлкен жұмыс өткiзiлдi, онда 8377 адам бос емес. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 409 кәсiпорында 3200-ден астам аз төленетiн қызсметкерлердiң жалақылары арттырылатын болады (оның iшiнде 8 — iрi кәсiпорын, 5 — орта, 396 — шағын).

Негiзгi басым мемлекеттiк жастар саясатын, жастарды қолдау және жан-жақты дамытуды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ауданда 17904 жастар өкiлдерi тұрады, бұл ауданның жалпы халқынан 23,9 %-ды құрайды. Қала жастары 10986 адамды, ауыл жастары — 6918 адамды құрайды.

Аудан аумағында ТжКО-дың 4 мекемесi орналасқан, барлығында жастар iсi бойынша комитеттер жұмыс iстейдi. Жастар ұйымдары — Қатаркөл ауыл шаруашылық колледжi жанындағы «Шаңырақ» ЖҚҰ, Жоғары техникалық мектептiң жанындағы «Жастар» ЖҚҰ жұмыс iстейдi, олар жастардың бос уақытын және шығармашылық дамуын ұйымдастыруда қолдау көрсетедi. Тегiн психологиялық, құқықтық, әдiстемелiк көмек, жұмысқа орналасуға көмек көрсететiн Жастар ресурстық орталығы жұмысын жалғастыруда.

Әлеуметтiк желiде де белсендi жұмыстар жүргiзiлуде, «Бурабай ауданының жастар ресурстық орталығының» «Вконтакте», «Facebook», «Instagram»-де топтары құрылған, олар аудан жастарының және iшкi саясаттың мәселелерiн, жағымсыз контент үшiн жергiлiктi жастардың онлайн-қоғамдастықтарына мониторинг жүргiзудi, қоғамдық көңiл-күйдi диагностикалауды, әлеуметтiк шиеленiстiң ықтимал салаларын анықтауды жарықтандырумен айналысады.

Елбасының ұсынысы бойынша 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Бұл жұмыспен қамтудың және бос уақыттың жаңа нысандарын құруға, бiлiм беру ұйымдарының жаңа ынталандыруына әкелетiнiн бiлдiредi. Жастар үшiн өзiн-өзi таныту, маңызды жоспарлар мен жобаларды жылжыту үшiн үлкен мүмкiндiк туады.

Тұрақты әлеуметтiк-саяси жағдайды сақтау мәселесi назарсыз қалмауда.

Iшкi саясат саласында жергiлiктi атқарушы органдардың иделогиялық жұмыстарының негiзгi бағыттарына iшкi саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттiк басымдықтарды насихаттау, Қазақстан тәуелсiздiгiнiң имиджiн нығайту, қоғамдық келiсiмдi сақтау болып жатады. Жүйелi жұмыс тұрақты әлеуметтiк — саяси жағдайды сақтап қалуға мүмкiндiк бердi.

Ауданда 4 саяси партияның филиалдары, әртүрлi конфессиялардан тұратын 23 дiни бiрлестiктер тiркелген. Қазақстан халқы ассамблеясының аудандық құрамында 3 этномәдени бiрлекстiктер жұмыс iстейдi.

Халыққа ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарының 8 ұйымы ұсынады, соның iшiнде 3 газет, 3 кабельдi теледидар және 2 журнал.

Аудан халқының мемлекеттiк қызмет сапасын арттыру мақсатында жергiклiктi артақрушы органдармен және ауылдық округ әкiмдерiнiң аппаратымен мемлекеттiк қызметтiң 101 түрi қызмет көрсетедi, соның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы мемлекеттiк қызметтiң 13 түрi, электронды үкiмет порталы арқылы 20 түрi қызмет көрсетедi.

2018 жыл үшiн 28 342 қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде Мемлекеттiк корпорация арқылы 9427 (33,3 %), электронды үкiмет порталы (ЭҮП) арқылы 3114 (10,9 %) және мемлекеттiк орган арқылы 15801 (55,8 %) қызмет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуде бұзу мерзiмдерi жоқ. Ауылдық округ әкiмдерiнiң аппараттарында, Бурабай кентiнде және Щучинск қаласында «E-gov» 12 өз-өзiне қызмет көрсету бұрыштары орнатылған. Ағымдағы жылда өз-өзiне қызмет көрсету бұрыштары 464 электронды қызметтi көрсеттi.

Электрондық қызметтердi танымал ету және олардың сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында ағымдағы жылда жергiлiктi атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» ҰАҚ филиалының қатысуымен мемлекеттiк қызметтiң 4 жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы «Әкiмдердiң халықпен есептiк кездесулерiн өткiзу туралы» Жарлығына сәйкес, өткен жылы ауылдық округтердiң, Бурабай кентiнiң және Щучинск қаласының әкiмдерiмен 57 есептiк кездесу өткiзiлдi. Онда 3 мыңнан астам адам қатысты.

Есептiк кзкеңнiң қорытындысы бойынша 2018 жылы 5 ұсыныс орындауға қабылданды, олардың барлығы орындалды:

1. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстауға және атуға 2861,3 мың теңге сомасында қаражат бөлу туралы мәселе шешiлдi. 1066 ит және 167 мысық ұсталынды.

2. Облыстық бюджеттен Щучинск қаласының жолдарын жөндеуге 52 млн.теңге сомасында қаражат бөлу туарлы мәселе шешiлдi. 23 көше бойынша жұмыстар жүргiзiлдi: Инерттi материалдарды iшiнара қосу арқылы түзету және көлденең жоспарлау.

3. Сарыбұлақ ауылында ауыз сумен ұңғыма айналасында қоршаулар бекiтiлген.

4. 10 км ұзындығымен Веденов-Қарабұлақ аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жүргiзiлдi.

5. 14051 мың теңге сомасына Николаевка ОМ үшiн мектептiк автобус сатып алынды.

Мемлекет басшысы өзiнiң халыққа Жолдауында басты мақсат халықтың өмiр сүру сапасын жақсарту деп қойды. Осы Жолдауды жүзеге асыру мақсатында алдағы кезеңге бiз өз алдымызға келесi мiндеттердi қойдық:

-Мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру;

-Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту;

-Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру көлемiн арттыру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, соның iшiнде сүт-тауарлы мал шаруашылық фермаларын құру;

-- кәсiпкерлiктi өндiрiс саласында және қызмет саласында дамыту үшiн ауданда қажет жағдайларды жасау;

-- жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекке қабiлеттi халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

-тәртiпке келтiру, елдi мекендердi көгалдандыру және абаттандыру;

-- ауданның бiлiм беру жүйесiн жетiлдiру бойынша жұмыстарды жалғастыру, заманауи құұрал-саймандар және жабдықтармен жабдықтау.

Мемлекеттiк билiктiң атқарушы органдарының жұмысының басты басымдықтары экономика мен әлеуметтiк саланы дамыту, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтiк қорғауға бағытталған әлеуметтiк саясат болып табылады. Бiз мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында белгiленген жаңа даму мүмкiндiктерiн iске асыруымыз керек. Бiздiң ауданның тұрғындары барлық мiндеттердi қанағаттандыратынына және бiздiң өңiрiмiздi жаңа деңгейге көтеретiнiне сенiмдiмiн.

Мақалың шыққан күні: 02.04.2019 16:18
Жаңартылған күні: 02.04.2019 16:18
Қараулар: 624