Қатаркөл ауылдық округінің әкімі М.С.Кусаиновтың «Қатаркөл ауылдық округінің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан жаңа жаһандық нақтылықта: өсу, реформалар, даму" жыл сайынғы жолдауы аясында, басты мiндеттердi атап айтты: әлеуметтiк сұрақтарды шешу, халықтың жұмыспен қамтылуы, кiшi және орта бизнестi қолдау, елдi мекендердi аббаттандыру сұрақтары. Қатаркөл ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен 2017 жылға белгiленген жұмыстар атқарылды: Жеке және заңды тұлғалардың — 47 өтiнiшi қаралды, 109 нормативтiк-құқықтық актi қабылданды Барлығы 362 әскери мiндеттiлер және 205 әскерге шақырылушылар есепте тұр. Көктемгi және күзгi шақырулар өткiзiлiп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, ҚР ҚК 22 әскерге шақырылушылар жiберiлдi. Әскерге шақыру учаскесiне азаматтарды тiркеу бойынша жұмыс тұрақты негiзде жүргiзiледi. Бүгiнгi күнi 23 шақыру жасындағы жас-өспiрiмдер тiркелдi.

Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» дағдарысқа қарсы ден қою тетiктерiн, еңбек нарығын реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыруды, оның iшiнде еңбек нарығының мониторингiлеудi, аз қамтылған, жұмыссыз, нәтижесiз-өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықты белсендi жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi қамтиды.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.

2017 жылы 2 тұрақты жұмыс орны құрылды (ЖК Латош) және 8 уақытша жұмыс орындары (ЖҚЖК-2020 бағдарламасы бойынша жөндеу). Төмен көрсеткiш ағымдағы жылы бiрде-бiр жаңа нысан енгiзiлмеуiне байланысты. Жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша 20 адам жүгiндi, оның iшiнде 20 адам жұмысқа орналастырылды.

Округте өмiр сүрiп жатқан 120 мүгедек бар, оның iшiнде 7 бала. Еңбекке жарамды санаттағы 69 адам, оның iшiнде жұмысқа орналасқаны — 20 адам. Жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында округте ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды, 6( адам қамтылды.

Округте маусымдық жұмыс үрдiсi бар. Жазғы кезеңде жұмысқа орналастырылғандардың саны АШТӨ, санаторийлердiң және БСО есебiнен артып келедi.

Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң жинау, салық салынатын базаны кеңейту:

Өткен кезеңде жиналған салық — 9 млн 856 мың 713 тг.

ҚБШ-ға түсiмдердi арттыру мақсатында уәкiлеттi органдармен әрекеттi күшейту бойынша iс-шаралар Жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес АШТӨ-нiң және басқа да жұмыс берушiлермен еңбек ақысын өсiру бойынша тұрақты түрде түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде, ескерiлмеген кәсiпорын қызметкерлерi анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесiп жергiлiктi салықтар бойынша түгендеу жүргiзiледi, заңсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатындар анықталады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлуде және ҚБШ-ны толықтыру мәселесi ерекше бақылауда тұр.

Жер қатынастарын реттеу

Қазақстан Республикасының Жер Кодексiмен реттеледi. ЖТҚ үшiн жер учаскелерi берiлмейдi, Қатаркөл ауылдық округi бойынша кезектiлiк 243 адам құрайды.

Бұл тiзiм Бурабай ауданы әкiмiнiң сайтында орналастырылған. Жер учаскелерiн бөлу Ережесi ауылдық округ әкiмi аппаратының ғимаратының стендтерiнде орналастырылған. 2017 жылы жер мәселесi бойынша көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер — 19, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн жалға берiлген жер телiмдерi — 11. Берiлген жер учаскелерi туралы ақпарат Бурабай ауданының жер қатынастары бөлiмiне ай сайын берiледi.

Жергiлiктi қауымдастықпен өзара iс-қимыл.

2017 жылы жергiлiктi қоғамдастықтың 6 жиналысы өттi, олардың абаттандыру, елдi мекендердiң санитарлық тазалау, көшелердi жарықтандыру, сметалық құжаттамаларды өңдеу бойынша маңызды шешiмдерi қабылданды.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару ҚБШ-ын толықтыру.

2017 жылы жергiлiктi өзiн өзi басқару ҚБШ-на 992,6 мың тг. түстi, оның iшiнде 768,0 трансферттер (824,0 мың тг. жарықтандыру, 19,0 мың тг. санитария) 237,4 мүлiктiк жалдауға (жалға беруге) мемлекеттiк мүлiктi жылдың басындағы қалдығы 199,2 мың. тг.

ҚБШ-ға түсiмдердi арттыру мақсатында уәкiлеттi органдармен әрекеттi күшейту бойынша iс-шаралар Жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес АШТӨ-нiң және басқа да жұмыс берушiлермен еңбек ақысын өсiру бойынша тұрақты түрде түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде, ескерiлмеген кәсiпорын қызметкерлерi анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесiп жергiлiктi салықтар бойынша түгендеу жүргiзiледi, заңсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатындар анықталады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлуде және ҚБШ-ны толықтыру мәселесi ерекше бақылауда тұр.

Қолма-қол бақылау шотына түсетiн ақшалай қаражат сыртқы жарнама, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерлерiнде, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының белдеуiнде, ашық кеңiстiкте үй-жайлар шегiнен тыс және айыппұлдар, сондай-ақ елдi мекендердi көрiктендiру және көгалдандыру, жарықтандыру, санитарлық тазартудан трансферттер.

Сумен қамтамасыз ету.

Сумен жабдықтауды Қатаркөл ауылында ШЖҚ МКК "Тазалык-Сервис" қамтамасыз еттi. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында сумен қамтамасыз ету

« Бурабай-Су арнасына» берiлдi. Сосновка және Ключевое ауылдары ұңғымадан орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiледi. Вишневое ауылы ауыз сумен құдықтан қамтамасыз етiлген. Барлық сумен жабдықтау көздерi санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан өттi.

Абаттандыру.

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес ауылдық округ әкiм аппаратымен iс-шаралар жоспары әзiрлендi, объектiлерге және көшелерге жауапты тұлғалар және ұйымдар анықталды.

Көктем-күз санитарлық тазалау және когалдандыру бойынша айлығында 1000 аса адамдардың қатысуымен 12 сенбiлiк, 12 «таза бейсенбiлiк» iс-шаралары өткiзiлдi. Колледж, Ә.Досов атындағы ОМ оқушыларының Қатаркөл орманшылығы ұжымының қатысуымен «Бүкiл Қазақстандық ағаш отырғызу күнi» акциясы өткiзiлдi –340 ағаш отырғызылды (қайың, қарағай, мойыл). Приозерный орманшылығы территориясында 6 га шыршы отырғызды, «Таза жағалаулар» акциясы бойынша iс-шаралар өткiзiлдi.

Досов атындағы ОМ, ҚАШК, ауылдық округ әкiм аппараты, кәсiпорындар, дүкендер аумағындағы ағаштарды ақтау, гүлзарларды қалпына келтiру жұмыстары өткiзiлдi. жарық бағаналарын және аялдамаларды ақтау жұмыстары жүргiзiлдi.

Қоршауларды әктеу, жол жиектерiн тазалау, қоқыс жинау бойынша «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлдi. санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргiзу қажеттiлiгi туралы, жеке сектор, кәсiпорындар мен ұйымдар, көп қабатты үйлер тұрғындарына хабарламалар тапсырылды.

ҚР ӘҚБК 505 бабының 1 бөлiгi бойынша (абаттандыру ережелерiн бұзу) ескерту сипатындағы бiр хаттама толтырылды.

Қатаркөл, Сосновка, Ключевое, Вишневое ауылдарының периметрi бойынша елдi-мекендердiң аумағында жер жырту жүргiзiлдi.

Қазiргi күнi ТҚҚ кәдеге жарату мәселесi бар. Аталмыш дерек халық iшiнде үлкен алаңдаушылықты туғызып отыр. Тұрғындардың ТҚҚ Щучинск қаласының полигонына шығаруға мүмкiндiгi жоқ, қоқыстарын үйлерiнiң маңында және аулаларында сақтауға мәжбүр. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару және бөлек-бөлек жинау бойынша қызметтер көрсететiн кәсiпорындармен жұмыс жалғасуда. «ЭкоСервисБурабай» ЖШС басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. Есептi кезеңде ШЖҚ «Ветсервис» МКК қызметкерлерiн жалдау бойынша қаңғыбас иттердi аулау жүзеге асырылды — саны 46 бас, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жол желiлерiн дамыту бойынша жұмыс, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке дейiн тасымалдауды ұйымдастыру.

Щучинск қаласынан Қатаркөл ауылына және керi бағытта автобус көлiгiнiң қозғалысын «Континент-Сервис» ЖШС жүзеге асырады. Балаларды жеткiзудi ұйымдастыру жүйелi түрде жүзеге асырылады. «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» мемлекеттiк қызметi 100 % көрсетiлдi.

Жем-шөп дайындау.

Округ бойынша бiр жарым жылдық жем-шөп қорының жоспары 7120 тоннаны құрады.

«АрқаСәулет» ЖШС-де 1 тонна шөптiң құны 12000 теңге.

Әлеуметтiк әлсiз топтарға көмек көрсету.

Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына көмек көрсету.

«Өрлеу» бағдарламасы азаматтардың арқа сүйеушiлiк кейiптен арылуға және халықты жұмыспен қамту бойынша белсене iс-шаралар қолдану үшiн, әлеуметтiк қорғау және халыққа көмек көрсетуге бағытталған. Округта өткен жылдан үш отбасы шартты қаржылай көмек алушылар болып табылады, ал ағымдағы жылы тағы да бiр отбасы аталған бағдарламаға қатысушы болды.

АӘК алушы болып табылған отбасылар «Өрлеу» бағдарламасының қатысушысы болды, олардың материалдық жағдайы жақсарып, тұрақтылыққа қол жеткiздi.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша ассистенттiң жұмыс iстеу кезеңiнде 302 отбасымен әңгiме жүргiздi. 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн АӘК жаңа форматқа ресiмдеу бойынша түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлдi. «Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызметiне сәйкес, өрт нәтижесiнде зардап шеккен материалдық екi отбасыға және ауру бойынша 12 адамға көмек көрсетiлдi.

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiк туралы меморандумдар жасалды және «Бурабай», «Белый Орел», «Ақ-Ниет» және Сосновка ауылының дүкендерiнде халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн азық-түлiк сөрелерi ашылды. ЖК Малдыбаевтың бастамасы бойынша «Бурабай» дүкенiнде көп балалы отбасыларға әр жұмада 2 бөлке нан тегiн бередi.

«Бақытты балалық шақ» атты ұранымен «Мектепке жол» акциясы өттi, 31 бiрiншi сынып оқушыларына мектеп керек-жарақтарымен сөмкелер табысталды. Акцияға Бурабай аудандық мәслихатының депутаты К.А.Жұмабеков және кәсiпкерлер Т. Журавлева, ЖК Ахметжанов, ЖК Соколов қатысты.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау бойынша айлықты өткiзу кезеңiнде, сомасы 1202,4 мың тг көмек көрсетiлдi.

Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар.

Облыс әкiмiнiң тапсырмасын орындау мақсатында және әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк бағаларының көтерiлуiне жол бермеу үшiн апта сайын баға мониторингi жүргiзiледi.

Денсаулық сақтау:

Қатаркөл а. ауылдық дәрiгерлiк амбулаториясы 7284 адамды қабылдады, 410 адамға үйiне барылды. Күндiзгi стационарда емдеуден — 174, оның iшiнде 25 бала. «Саламатты Қазақстан» бiрiншi медициналық кешенде профилактикалық қараудан — 120 адам өттi, флюорографиядан — 886 адам.

Сосновка ауылында ФП үйде орналасқан.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 10:50
Жаңартылған күні: 05.01.2018 10:50
Қараулар: 416