Қатаркөл ауылдық округінің әкімі М.С.Кусаиновтың «Қатаркөл ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға белгіленген мақсаттар туралы» есебі

Сәуiр айындағы пилоттық санақ нәтижелерi бойынша, ауылдық округiнде тұратын халық саны 3062 адамды құрады. Экономикалық-белсендi халықтың саны 1476 адамды құрады, оның iшiнде жалданып жұмыс iстейтiн 1232 адам; жеке негiзде жұмыспен қамтылғандар 176 адам; жеке қосалқы шаруашылықта жұмыспен қамтылғандар 57 адам; жұмыс берушiлер болып табылатындар 9 адам. Барлығы округ бойынша аулалар 942;

Мемлекеттiк бағдарламалар:

«Жаппай кәсiпкерлiк және нәтижелi жұмыспен қамту» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде «Бизнес-Кеңесшi» жобасы бойынша сертификат тапсыра отырып, қысқа мерзiмдi оқудан 4 адам өттi.

Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуды кредиттеу бойынша бағдарламаларға қатысуға ауылдық округтен 7 адам өтiнiм бердi.

Мұздатқыш қондырғысын сатып алу үшiн А.Кабиденовке 2,6 млн. теңге соммасында несие берiлдi.

ЖК Б.К.Бекеев Вишневое ауылында айналым қаражатын сатып алу үшiн «НС Степняк» арқылы сомасы-1000 000 теңге несие алды. Тамыз айында алынған субсидия сомасы 234000 теңге (төл мен малға), асыл тұқымды бұқаларға 150000 теңге.

ЖК А.К.Амренов 314000 теңге сомасында, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаға 150000 теңге субсидия алды .

Екiншi бағыт бойынша кәсiпкерлiктiң негiздерiн оқытудан 4 адам өттi.

Үшiншi бағыт бойынша — қоғамдық жұмыстарға 4 адам, ӘЖО-2 адам, жастар iс-тәжiрибесiне — 4 адам.

ЖК «Абилкаиров» бордақылау және одан әрi қарай өсiру үшiн 700 бас қаз сатып алды.

А. Ю.Красноусов өз iсiн ашуға 240500 теңге сомасында өтеусiз грандқа ие болды .

«Щучинск-Бурабай курорттық аймағынын дамыту» бағдарламасы бойынша есептi кезеңде келесi жұмыстар өткiзiлдi:

1.«Бурабай ауданының Қатаркөл кәрiздiк коллекторының құрылысы», жобалық құны 2 млрд. 591 млн 344 мың теңгеге БСО-ның және Қатаркөл ауылының кәрiз жүйесiн Щучинск қаласының тазарту құрылыстарымен байланыстырады.

2. Құны 632.0 млн. теңгеге Қатаркөл ауылының су бұру объектiлерi мен желiлерiнiң құрылысы.

3. 50,0 млн. теңгеге Қатаркөл ауылының және санаторийлердiң, БСО-ның сумен жабдықтау желiлерi құрылысының бiрiншi кезеңi басталды ( жобаның құны 2575726884 теңге)

4. Ұзындығы 20 шақырым Қатаркөл — Бурабай автокөлiк жолын күрделi жөндеуге ЖСҚ әзiрлендi, жобалық құны 1,8 млрд. теңге ( Ленин көшесiнен Приозерный орманшылығына дейiн жарықтандыру).

Өңiрлердi дамыту бағдарламасы бойынша:

1.Бiрiншi жарты жылдықта аудандық бюджеттен қаржы бөлiнiп, Қатаркөл — Сосновка автокөлiк жолын грейдерлеу және жөндеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi ( мердiгер ШЖҚ «Тазалык Сервис» МКК).

2. «Ауылдық округiнде автомобиль жолдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша соммасы 1 млн.480000 теңгеге бағалар ұсынысына сұрау жасалды (ЖК «Әлмағамбетов. Р.») келiсiм шартқа сәйкес мердiгер мiндеттерiн орындамағаны үшiн, бiздiң тарапымыздан Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз берiлдi.

3.Сомасы 1 млн. 269000 теңге ҚБШ шотына жиналған ақшаға Қатаркөл кiру жолын жөндеу бойынша сметалық құжаттама дайындалды және бағалар ұсынысына сұрау өткiзiлдi. Сатып алу жеңiмпазы Алматы қаласы «Vector Group» ЖШС болып жарияланды. Ауа райының бұзылуына байланысты, осы қызметтi орындау мүмкiн еместiгiне байланысты, шарт өзара келiсiмi бойынша бұзылды.

4.Ұзындығы 1,0 км Вишневое ауылының жолын құм-тас жабқышын ағымдағы жөндеуге бюджеттiк өтiнiм және сметалық құжаттама 2019 жылға жасалды (жобаның құны 4303786 теңге).

Мемлекеттiк бағдарлама бойынша 2.0 млрд. теңге сомасынан астам «Огонек» Шығармашылық Үйiне ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс жалғасуда.

Аяқталғаннан кейiн 100-ден астам адам жұмысқа орналастырылады.

Меншiктi қаражат есебiнен:

1.Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында ЖК Шевченко А. В. су тасқыны кезеңiнде сомасы 5.0 млн. астам теңгеге Вишневое ауылында бөгеттi күшейту бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

2.«AQUA Innovation Company» ЖШС Ключевое ауылында бөтелкедегi суды құю және өндiру бойынша мини зауытының желтоқсан айында құрылысы аяқталды және iске қосылды, онда жергiлiктi халықтың 30-дан астам адамын жұмыспен қамту жоспарланған ( жобаның құны 120,0 млн. теңге).

3.Қатаркөл ауылының стадионын қайта құру аяқталды (футбол; волейбол және баскетбол алаңдары; жаттығу мен фитнес залдары; жүгiру жолы), жобаның құны-100,0 млн. теңгеден астам.

4. «Diskoveri — Borovoe» ЖШС-де жұмысшы қызметкерлер үшiн тұрғын ғимараты салынды, құны 100,0 млн. астам теңгенi құрайды.

5. «Континент» БСО күрделi жөндеу жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы:

Астық жинау кезiнде «Арқа Сәулет» ЖШС 5294 га алаңынан орташа өнiмдiлiгi 16 ц/га 84489 ц арпа жиналды; 290 га қыша алаңынан, жалпы жинау-ды 655,7 ц құрады; 220 га астық қоспалары алаңынан — 1304,2 центнер жиналды. 2018 жылы ЖШС 126116444 теңгеге аспалы жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды (үш комбайн, Бюллер, сепкiштер, тозаңдатқыштар, астық тазалау машиналары, аспалы тырмалар).

«Комплекс Р» ЖШС 879 га бидай алаңынан 11163 центнер жинады, өнiмдiлiк 12,7 ц/га құрады; 816 га алаңынан орташа өнiмдiлiгi 16 ц/га 12974 ц арпа, зығыр 438 центнер жиналды. Сүрi алаңы 460 га құрайды. Есептi кезеңде сомасы 35,0 млн. теңгеге қосалқы бөлшектер, гербицид пен фунгицидтер сатып алынды.

ҚАШК — 50 га арпа — 320 ц, Караул ШҚ — 99 га арпа — 988 ц, Рысбаев ШҚ — 32 га — 249 ц.

942 ауладан мал мен құс ұстайтын аулалар саны 354 (37,5%). Жыл басынан берi ветеринария бойынша барлығы эпизоотияға қарсы жоспарлы iс-шаралар өткiзiлдi. Барлығы округ бойынша 200 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Абаттандыру.

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес ауылдық округ әкiм аппаратымен елдi мекендердi аббаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша iс-шаралар жоспары әзiрлендi.

500-ден астам адамдардың қатысуымен сенбiлiктер, «таза бейсенбiлiктер», «Таза жағалау» акциясы бойынша iс-шаралары өткiзiлдi. Оқу ұйымдарымен бiрлесiп «ағаш отырғызу Күнi» акциясында — 200-ден астам ағаштар отырғызылды (қайың, қарағай, мойыл).

«ЭкоСервисБурабай» ЖШС басшылығының халықпен контейнерлерге қызмет көрсету және орнату мәселесi бойынша кездесу ұйымдастырылды.

ШЖҚ «Ветсервис» МКК-мен қаңғыбас иттердi аулау жүзеге асырылды — саны 58 бас, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

ҚР ӘҚБК 505 бабының 1 бөлiгi бойынша (абаттандыру ережелерiн бұзу) ескерту сипатындағы бiр хаттама толтырылды. Табиғатты қорғау полициясы желiсi бойынша ескерту сипатындағы 12 хаттама толтырылды, 20 астам рейдтер өткiзiлдi. Көктемгi-жазғы кезеңде қоғамдық жұмысшылармен 5 стихиялық қоқыс тастайтын жерлер жойылды.

Әлеуметтiк сұрақтар:

Әлеуметтiк мәселелердi шешу әкiм аппаратының күнделiктi жұмысының ажырамас бөлiгi болып табылады. Округ аумағында 495 зейнеткер, 117 мүгедек оның iшiнде 67 адам жұмысқа жарамды жаста. Қарт адамдар мен мүгедектер ұйымдар мен коммерциялық құрылымдарға бекiтiлген. Есептiк кезеңде «АӘК Жаңа форматты» жобасы шеңберiнде 23 отбасы қатысты (88 адам), 2404945 теңге игерiлдi. Шартсыз ақшалай көмек бойынша 8 отбасы (24 адам), шартты ақшалай көмек — 15 отбасы (64 адам) жәрдемақы алды.

«Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызметiне сәйкес, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша сомасы 649350 теңгеге 18 адамға материалдық көмек көрсетiлдi, оның iшiнде 9 адам онкология бойынша — 324675 мың теңге, 2 адам туберкулезбен ауыратындар — 72150 теңге, 7 адам мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылғандар — 252525 теңге. 25 жалғыз басты азаматтарды және мүгедектерге қызмет көрсету 6 әлеуметтiк қызметкерлермен жүзеге асырылады, оның екеуi ҮЕҰ желiсi бойынша жұмыс iстейдi.

Қарт адамдарды және мүгедектердi әлеуметтiк қолдау бойынша айлығын өткiзу кезеңiнде, жалпы сомасы 1 млн. 232000 теңге көмек көрсетiлдi.

Өтiнiштерiмен жұмыс:

Есептi кезеңде 25 өтiнiш қаралды (24 жеке, 1 заңды тұлғалар), оның iшiнде 16-қанағаттандырылды, 4-қайта жiберiлдi, 5-жазбаша түсiнiктеме берiлдi. 138 нормативтiк-құқықтық актiлер қабылданды ( 127 өкiм және 11-шешiм).16233,75 теңге сомасына 50 нотариаттық iс-әрекеттер жасалды, 98 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi (тасымалдау-32,нысаналы мақсатын өзгерту-3, сауда-саттықты талап етпейтiн жер учаскелерiн ұсыну -62, бас тартылды-1). Мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн ауылдық округi аппаратында картридер пайдаланылады, яғни ХҚКО бармай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы ЭЦҚ-мен SMS-құпиясөз боласа, қызмет ала-алады. Туғандарды және қайтыс болғандарды уақтылы тiркеуге бақылау жүргiзiледi, туылғандар -51 бала, өлiм жағдайы-31. Мүмкiндiгi шектеулi адамдарға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн әкiмiнiң аппаратында пандус пен шақыру түймесi орнатылған .

Әскери мiндеттiлермен жұмыс: Барлығы есепте 419-әскери мiндеттiлер. 2018 жылғы көктемгi шақыруға ҚР-ның қарулы күштерiне 8 адам жiберiлдi (жоспар-6). Күзгi әскерге шақыру жоспары 9 жеткiзiлдi, 10 адам жiберiлдi. Саны 23 адам әскерге шақыру учаскесiне 2001 жылы туған азаматтар тiркелдi.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:35Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:35Қараулар: 1011

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
желтоқсан, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54