Кенесары ауылдық округінің әкімі А.А. Ахметовтың «Кенесары ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2019 жылға белгіленген мақсаттар туралы» есебі

Кенесары ауылдық округi әкiмiнiң аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сай, халықтың экономикалық жағдайын, әлеуметтiк және демографиялық құрамын ескере отырып, сонымен қатар, мемлекет басшысы бекiткен бағдарламалық құжаттарды, облыс, аудан әкiмдерiнiң тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жоспарлай отырып, орындайды.

2018 жылы есеп беру кездесулерiнде ауыл тұрғындарының атынан 2 ұсыныс түстi:

1). Баянбай ауылы бойынша иттердi аулау туралы: ветеринария бөлiмiмен бұл жұмыс жүргiзiлдi.

2). Баянбай-Брусиловка жолдарын жөндеу туралы: 2018 жылы шiлде-тамыз айларында ұзындығы 18 км, жалпы сомасы 716 мың теңгеге шұнқырларды жөндеу, грейдiрлеу жұмыстары жүргiзiлдi.

2018 жылы 08 қарашада Кенесары ауылының Сатпаева орта мектебiнде "Рухани жаңғыру" мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру шеңберiнде аудандық жылжымалы көрме өткiзiлдi, сондай қатар, ата-аналармен бағдарламаны түсiндiру бойынша жиналыстар өткiзiлдi. Сатпаева орта мектебi,Баянбай ауылы орта мектебiнiң оқушылары "Туған ауыл тарихы" атты жобаға қатысады.

Өнеркәсiп және шағын кәсiпкерлiктi дамыту

Кенесары ауылдық округiнде шағын және орта бизнес жақсы дамыған. Барлығы — 17 дүкен, 5 кафе, кондитерлiк цех, 2 монша, жанар-жағар май құю бекетi, 1 қонақ үй, наубайхана жұмыс iстейдi. Олар тұрғындардың азық-түлiк және тұрмыстық құралдар бойынша қажеттiлiгiн толығымен өтейдi.

Ауылдық округке қарасты елдi мекендерде мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiндегi қолдау механизмдерiн түсiндiру бойынша кеңестер өткiзiлдi.

Ауыл шаруашылығы

2018 жылы ауыл шаруашылығының нақты көлем индексi жалпы өнiм шығарылымының (қызмет көрсетудiң) 101,4 % жеттi.

Ауылдық округ аумағында 183 адам жұмыс iстейтiн 28 шаруа қожалығы және 8 ЖШС-i қызметтерiн атқаруда. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының иелерiмен және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң басшыларымен егiстiк жұмыстарына дайындық, сапалы тұқым дайындау, химиялық отау, жауын-шашын және шөп дайындау мәселелерi бойынша кеңестер өткiзiлiп, әңгiмелер жүргiзiлдi.

15 826,8 га аумақтағы күзгi егiс жұмыстары тиiстi деңгейде жүргiзiлдi. Оның iшiнде: 6 399 гектарға бидай, 3 710,2 гектарға арпа, 170 гектарға сұлы, 4 812 гектарға майлы дақылдар егiлдi. 63 гектар картоп отырғызылды.

Халықтың әлеуметтiк мәселелерiн шешу кезiнде қосалқы шаруашылықтардың көмегi зор. Мал шаруашылығы саласындағы қиындықтарға қарамастан, бiрте-бiрте мал саны қалпына келуде. Iрi қара малдың саны — 2228 бас, ұсақ малдың саны — 3159 бас, жылқы саны-408, шошқа саны — 641.

Округтiң демографиялық көрсеткiштерi

Ауылдық округтегi жалпы халық саны — 2 393, оның iшiнде: Кенесары ауылында 1727 адам, Баянбай ауылында 577 адам, Брусиловка селосында — 89 адам тұрады. Экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 1529 адам, жұмыс iстейтiн адам саны -1398, оның iшiнде өзiн өзi жұмыспен қамтыған халық саны — 53 адам. Есептiк кезеңде 23 бала дүниеге келiп, 9 неке тiркелдi.

Бiлiм беру саласы

Адами капиталдың өсуi — ең алдымен бiлiм беру мен денсаулық сақтауға тiкелей байланысты. 2017-2018 жылдары бiлiм берудi ақпараттандыру процесi жаңа серпiн алды. Округтiң барлық мектептерiнде компьютерлiк сыныптар мен интерактивтi тақталар бар. Әрбiр мектеп ғаламтор жүйесiне қосылған. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен мектептер өртке қарсы автоматты дабылдамамен жабдықталған. Барлық орта және негiзгi мектептерде лицензияланған медициналық кабинеттер жұмыс iстеп тұр. Барлық мектептерде буфеттiк ыстық тамақ ұйымдастырылған, аз қамтылған отбасылардың балалары тамақпен жаппай оқу Қорынан қамтамасыз етiледi.

ҰБТ тапсыру қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылы ҰБТ орташа балл 86,8 % құрайды, өткен жылдың деңгейiне қарағанда 19,8 % — ға жоғары.

Мемлекеттiк қызметтер

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына жүргiзiлген қоғамдық мониторингтiң ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк қызмет көрсетудi сапасын аттыру бойынша шаралар қабылдануда.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны –54.

Инвестицияларды тарту

2018 жылы негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi — 181 449,0 млн. теңге. Ұн сату–8 323,0 мың теңге, "Кенесары–Астық" ЖШС элеваторының қызметi ( сақтау, кептiру, тазалау) — 173 126,0 мың теңге, ЖК "Омаров С.Б." наубайхана қызметi — 4 520,0 мың теңге."

Мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру

Мал тұқымын асылдандыру бойынша Кенесары ауылында "Ел Жағдай" ӘКК құрылған,6 асыл тұқымды бұқа сатып алынды.

2018 жылы қоғамдық жұмыстарға 5 адам жiберiлдi.34 жұмысшы мемлекеттiк қолдауынсыз жұмыспен қамтылды.

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының «Микрокредит беру» бағыты бойынша 4 адам 9 500,0 мың теңге көлемiнде несие алды. 2018 жылға 19 адам өтiнiм бердi.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты қысқарту

Тұрақты құрылған жұмыс орындарының саны — 11.Уақытша құрылған жұмыс орындары саны — 23.

2018 жылдың 12 айында қоғамдық жұмыстарға 5 адам жiберiлдi,34 адам жұмысқа орналастырылды.

Орташа еңбекақыны көтеру

Округ бойынша орташа еңбекақы — 85 334 теңге,ауыл шаруашылығы бойынша 90 979 теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 107,9 % өстi.

Округ бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарындағы орташа зейнетақы 61 092 теңгенi құрайды.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, соның iшiнде еңбекақының уақытылы төленуiне қатысты аудан әкiмдiгi, жұмыс берушi және кәсiподақ арасында өндiрiстiк процесстердi тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде өзара түсiнiстiк туралы Меморандумдар жасалды.

Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салынатын базаны кеңейту

Осы жылдың 12 айында 5 081 319 теңге салық жиналды, оның iшiнде, жер салығы — 390 261 теңге, мүлiк салығы — 64 498 теңге.

2019 жылдың 1 қаңтарының қорытындысы бойынша ауылдық округтiң бюджетi 100 пайызға орындалды.

Жер қатынастарын реттеу

12 адам жер учаскесiне қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн жер учаскесiне жеке меншiк құқығын алды, 2 заңды тұлға уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығы берiлдi.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын жұмсау

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың «Елдi-мекендердiң көшелерiн жарықтандыру» бағдарламасы бойынша келiп түскен 2 479,0 мың теңге сомасындағы қаражат Кенесары ауылының жарықтандыру желiлерiне қызмет көрсетуге жұмсалады.Бүл қаражат 100 % орындалды.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету

Кенесары ауылындағы су құбыры желiлерiнiң ұзындығы — 33 шақырым. "Бурабай Су Арнасы" ШЖҚ МКК қызмет көрсетедi. Сергеев су қоймасына 518 үй қосылған, есепке алу құралы бар 490 абонент, есепке алу құрылғысынсыз 28 абонент бар.

Баянбай ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту қажет. Баянбай ауылының жерасты суының қорларына барлау жүргiзiлiп,жер учаскесi заңдастырылды.

Елдi-мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары

2018 жылғы айлық кезiнде абаттандыру бойынша 3 жиналыс, 5 экологиялық сенбiлiк өткiзiлдi. Айлық өткiзу барысында үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазалау бойынша 172 ескерту табыс етiлдi, 2 стихиялық қоқыс орны жойылды, 201 тонна қоқыс шығарылды. Мектеп оқушыларының, қоғамдық жұмысшылардың қатысуымен 30 түп қайың, 25 шаршы метр гүлзарлар отырғызылды.

Көктемгi санитарлық тазалау, елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру айлығының қорытындысы бойынша ауылдық округте «Үлгiлi үй» атты конкурс өткiзiлдi.

Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау жұмыстары

Аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының және елдi-мекен көшелерi жолдарының жай-күйi қанағаттанарлық деңгейде. Қаңтар-ақпан айларындағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолдар «Есiл–Агро» ЖШС, «Омаров С.Б» ШҚ. және т. б. көмегiмен тазартылып отырылды.

Оқушыларды «Газель» микроавтобусы Баянбай аулынан Брусиловка ауылына тасымалдайды.

Жылу беру маусымына дайындық

Қазiргi уақытта барлық әлеуметтiк нысандар 2018-2019 қысқы жылыту кезеңiне 100% — ға дайын.

Сәтбаев атындағы орта мектепке 2018-2018 жылдардағы жылу беру маусымына 258 тонна көмiр қажет едi, 268 тонна көмiр әкелiндi.

Баянбай ауылындағы орта мектепте жаңа оқу жылына қажет 212 тонна көмiр толық көлемде әкелiндi.

Брусиловка селосының клубына жоспар бойынша қажет 10,7 тонна көмiр әкелiндi.

Жем-шөп дайындау

Округ бойынша 8606 тонна көлемiнде шөп қажет едi, бүгiнгi күнi шөп қоры толық дайындалып, 100 % орындалды. Шабындық және жайылымдық жерлердiң тапшылығы — ауылдық округтегi ең түйiткiлдi мәселелердiң бiрi.

Халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету

«Есiл-Агро» ЖШС халықтың әлжуаз топтары үшiн шөптiң бiр тоннасын 10000 теңгеге сатады.

Апта сайын әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағаларына мониторинг жүргiзiлуде. Бағалардың көтерiлуiне жол бермеу мақсатында жеке кәсiпкерлермен түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезеңiнде азық-түлiк жиынтығы түрiнде 278 зейнеткерлер мен мүгедектерге сомасы 958 000 мың теңге көмек таратылды.

«Мектепке жол» акциясының аясында Баянбай ауылының аз қамтылған және көп балалы отбасыларына жергiлiктi кәсiпкерлер тарапынан 13 оқушыға мектепке қажеттi заттар алынды.

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша әрекеттестiк

Ауылдық округтiң денсаулық сақтау жүйесiне мыналар кiредi: 1 дәрiгерлiк амбулатория, 2 фельдшерлiк пункт, 1 дәрiхана. Медициналық қызметкерлердiң саны 8 адам.

Ағымдағы жылы әйелдердiң сүт безi обырына скрининг тексеру өткiзiлiп, 201 әйел тексерiлдi

Қан айналымы жүйесiнiң ауруларына скрининг жүргiзiлiп, 163 адам тексерiлдi.

0-14 жас аралығындағы балаларға скрининг өткiзiлiп, 452 бала, 15 пен 18 аралығындағы 49 жасөспiрiм тексерiлдi.

2018 ға арналған мiндеттер:

- мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру: «Бизнестiң жол картасы — 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс»;

- егiс алқаптарын әртараптандыруды өткiзу, атап айтқанда, егiс алқаптарында бидай үлесiн азайтып,жем-шөп үлесiн арттыру;

- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi ет-сүт қабылдау пункттерiн құру арқылы көлемiн ұлғайту;

- ауылдық тұтыну кооперативтерiн құру;

-Баянбай ауылы су құбырлары желiлерiн күрделi жөндеуден өткiзу үшiн сметалық жобасын әзiрлеудi пысықтау;

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:37
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:37
Қараулар: 466