Кенесары ауылдық округінің әкімі А.А. Ахметовтың «Кенесары ауылдық округінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Жыл сайын өткiзiлетiн барлық деңгейдегi әкiмдердiң халық алдындағы есеп беру кездесулерi билiктiң халықпен ашық диалогы болып табылады, ол өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы халықты хабардар етiп қана қоймай, сонымен қатар өзектi мәселелердi шешудегi болашақты уақтылы анықтауға мүмкiндiк бередi.

2019 жылғы есептiк кездесулерде ауылдық округ тұрғындарынан 1 ұсыныс түстi: Баянбай ауылы су құбыры желiлерiн қайта жаңарту туралы. Осы мәселенi шешу үшiн экономика бөлiмiне бюджеттiк өтiнiм бердiк. Бұл жоба «Ауыл-Ел Бесiгi»бағдарламасына енгiзiлдi.

Ауыл шаруашылығы.

Ауылдық округ аумағында 183 адам жұмыс iстейтiн 28 шаруа қожалығы және 8 ЖШС-ы қызметтерiн атқаруда. 16 834 га аумақтағы күзгi егiс жұмыстары тиiстi деңгейде жүргiзiлдi. Дәндi және бұршақты дақылдар — 6721,4 га, оның iшiнде: арпа — 5 071 га, сұлы — 190 га, бұршақ дақылдары — 121 га. Майлы дақылдар 4730 га алқапқа, ал картоп 70 га алқапқа жайылған. Дәндi және бұршақ дақылдарының өнiмдiлiгi 16 ц/га, майлы дақылдар — 12 ц/га құрады

Жем-шөп дайындау.

Округ бойынша 9100 тонна көлемiнде шөп қажет едi, бүгiнгi күнi шөп қоры толық дайындалып ,қажеттiлiк 100 % жабылды.

Округтiң демографиялық көрсеткiштерi.

Ауылдық округтегi жалпы халық саны — 2 353, оның iшiнде: Кенесары ауылында 1707 адам, Баянбай ауылында 551 адам, Брусиловка селосында — 95 адам тұрады. Экономикалық тұрғыдан белсендi халық саны 1495 адам, жұмыс iстейтiн адам саны -1355, оның iшiнде өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халық саны — 53 адам. Есептiк кезеңде 34 бала дүниеге келiп, 10 неке тiркелдi.

Бiлiм беру саласы.

Округтiң барлық мектептерiнде компьютерлiк сыныптар мен интерактивтi тақталар бар, әрбiр мектеп ғаламтор жүйесiне қосылған, барлық орта және негiзгi мектептерде лицензияланған медициналық кабинеттер жұмыс iстеп тұр, буфеттiк ыстық тамақ ұйымдастырылған. Аз қамтылған отбасылардың балалары тамақпен Жаппай оқу қорынан қамтамасыз етiледi. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен Сәтпаев атындағы орта мектеп бейнебақылау камераларымен жабдықталды.

«Мектепке жол» акциясының аясында Баянбай ауылының 9 бiрiншi сынып оқушысына мектеп керек-жарақтары сатып алынды, «Есiл-Агро» ЖШС демеушiлiк көмек көрсеттi.

Мемлекеттiк қызметтер.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына жүргiзiлген қоғамдық мониторингтiң ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттiк қызмет көрсетудi сапасын аттыру бойынша шаралар қабылдануда.

2019 жылдың өткен кезеңiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер саны –35.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек.

Бiздiң округ бойынша АӘК алушылардың саны-38 отбасы , адамдар саны- 133, оның 82-i балалар. Жоспар 100% орындалды.

Инвестицияларды тарту

2019 жылдың 12 айында негiзгi капиталға салынған инвестиция көлемi — 640 255,0 млн. теңге. «Кенесары–Астық» ЖШС — ұн сату–489 ,0 мың теңге, элеватор қызметi (сақтау, кептiру, тазалау) — 152 255,0 мың теңге, « С.Б. Омаров» ЖК наубайхана қызметi — 4 810,0 мың теңге.

Сүт және ет өнiмдерiнiң сапасын арттыру және көлемiн ұлғайту мақсатында С.Б. Омаров 85,5 млн. теңгеге Словакиядан 96 бас голштино-фриз сиырын сатып алды.

2019 жылдың қазан айында «Беке» ШҚ «Степняк» несие серiктестiгi арқылы 40,0 млн. теңгеге 100 бас қазақтың ақбас тұқымын алды.

«С.Б. Омаров» шаруа қожалығы бойынша 2019 жылы сүт сату 580 тонна, «Беке» шаруа қожалығы бойынша — 280 тоннаны құрады.

Мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру.

Микрокредит беру бағдарламасы бойынша 4 адам мал шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 12 млн 800 мың теңге несие алды. Сондай-ақ, 2019 жылдың қыркүйегiнде «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 2 адам 200 АЕК көлемiнде грант алды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықты қысқарту.

Тұрақты құрылған жұмыс орындарының саны — 11, уақытша құрылған жұмыс орындарының саны — 23. 2018 жылдың 12 айында қоғамдық жұмыстарға 6 адам жiберiлдi.

Орташа еңбекақыны көтеру .

Округ бойынша орташа еңбекақы — 85 334 теңгенi құрайды. Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, соның iшiнде еңбекақының уақытылы төленуiне қатысты аудан әкiмдiгi, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлердi жұмысқа орналастыру жөнiнде өзара түсiнiстiк туралы меморандумдар жасалды.

Жер қатынастарын реттеу.

Қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн 9 адам жер учаскесiне жеке меншiк құқығын алды, 5 жеке тұлға уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану және тұрақты жер пайдалану құқығын алды. 2 заңды тұлға тұрақты жер пайдалану құқығын алды.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын жұмсау.

Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысымен Кенесары ауылында балаларға арналған ойын алаңын жасау және орнату шешiлдi. Ойын жабдықтарының құны 969 000 мың теңгенi құрайды. Жоспарланған жұмыстар атқарылды.

Үнемделген 1 634 000 теңге ақша есебiнен Кенесары ауылының негiзгi көшесi жарықтандыруының жарықдиодты шамдарын ауыстыру жүргiзiлдi.

Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

2019 жылға 4,996 млн.теңге жоспарланған, жиналғаны — 8,889,331 млн.теңге, 178 % орындалды, оның iшiнде: жер салығы — 469 029 теңге, мүлiк салығы — 66 815 теңге.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету.

Кенесары ауылындағы су құбыры желiлерiнiң ұзындығы — 33 шақырым. «Бурабай Су Арнасы» ШЖҚ МКК қызмет көрсетедi.

Баянбай ауылының су құбыры желiлерiн қайта жаңарту қажет.Баянбай ауылының жерасты суының қорларына барлау жүргiзiлiп,жер учаскесi заңдастырылды, ақаулық актiсi жасалды, облыстық құрылыс басқармасына осы жобаны қаржыландыруға өтiнiш жiберiлдi. Көкшетау қаласында зерттеу жобасы жасалды.

Елдi-мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары.

2019 жылғы айлық кезiнде абаттандыру бойынша 4 жиналыс, 6 экологиялық сенбiлiк өткiзiлдi. Айлық өткiзу барысында үй маңындағы аумақтарды санитарлық тазалау бойынша 166 ескерту табыс етiлдi, 2 стихиялық қоқыс орны жойылды, 620 тонна қоқыс шығарылды.

Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау жұмыстары.

Аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының және елдiмекен көшелерi жолдарының жай-күйi қанағаттанарлық деңгейде. Қыс айларында жолдар «Есiл–Агро» ЖШС-ы, «Омаров С.Б» ШҚ. және т.б. көмегiмен тазартылып отырады.

Оқушыларды «Газель» микроавтобусы Баянбай аулынан Брусиловка ауылына тасымалдайды.

Халықтың әлжуаз топтарына көмек көрсету.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзу кезеңiнде азық-түлiк жиынтығы және қайырымдылық ас ұйымдастырылып, 197 зейнеткер мен мүгедекке сомасы 697 000 мың теңгеге көмек таратылды.

2020 ға арналған мiндеттер:

Мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру: «Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Бизнестiң жол картасы — 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс»;

- егiс алқаптарын әртараптандыруды өткiзу, атап айтқанда, егiс алқаптарында бидай үлесiн азайтып, жем-шөп үлесiн арттыру;

Баянбай ауылы су құбырлары желiлерiн күрделi жөндеуден өткiзу үшiн сметалық жобасын әзiрлеудi пысықтау;

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 16:05Жаңартылған күні: 30.12.2019 16:05Қараулар: 483

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
шiлде, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77