«2018 жылы Ұрымқай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылға міндеттер туралы» Ұрымқай ауылдық округінің әкімі Ж.Қ. Оспановтың есебі

Ұрымқай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты 2018 жылы белгiлi бiр жұмыстар атқарды.

Жеке және заңды тұлғалардың 8 өтiнiшi қаралды, 73 нормативтiк — құқықтық актi қабылданды, 96 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, 137 нотариальдық әрекет куәландырылды, 25 отбасы (102адам) атаулы әлеуметтiк көмек алды.

2018 жылғы есеп беру кездесулерi барысында тұрғындардан ұсыныс түстi: Кульстан және Кiндiкқарағай ауылдары тұрғындарының қажетiлiгi үшiн ауыз сумен тереңнен су тартатын ұңғымаларды тазартуды жүргiзу туралы. «Көкшетаугидрогеология» АҚ Кульстан ауылындағы тазалау жұмыстары барысында жұмысты одан әрi жүргiзуге кедергi болатын жұмыс ұңғымасының түбiнде 2-3 ескi сорғы барын анықтады. Су алу жалғасуда, тұрғындар ауыз суды пайдалануда. Кiндiкқарағай ауылындағы тереңнен су тартатын ұңғыманы тазалау тиiмсiз деп санаймыз, себебi су қоры жеткiлiктi. Сондай-ақ, Кульстан тұрғындарының өтiнiшi бойынша ауылдың ортасына автобус аялдамасы қойылды.

2018 жылы салық жиналды:

- жек тұлғалардан жер салығы — 208 мың теңге;

- мүлiк салығы — 69,4 мың теңге;

- ЖТ-лардан көлiк салығы — 1420,3 мың теңге, ЗТ-лардан 1009,8 тың теңге;

- кәсiпкерлерден жеке табыс салығы — 748 мың теңге;

- жарнама орналастырғаны үшiн — 370 мың теңге.

Барлық жиналған салық — 6524,2 мың теңге.

2018 жылы жергiлiктi қоғамдастықпен тығыз жұмыс жасай отырып, қаражатты қаражатты бөлу туралы маңызды шешiм қабылданды: Ұрымқай ауылының орталық көшелерiн жарықтандырудың электр энергиясы қызметiне, жайдың жалақысына, округтi абаттандыруға. ЖӨӨБ қаражатының есебiнен 120 мың теңге сомасына Ұрымқай ауылының Мәдениет үйiне концерттiк көйлектер сатып алынды, Ұрымқай ауылдық округi әкiмiнiң аппаратындағы мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше алу үшiн қол жетiмдiк бұрышына принтер сатып алынды, спорттық балалар алаңы орнатылды.

2018 жылы өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында «Бизнес бастау» және «Бизнес кеңесшi» бағдарламасы бойынша 9 адам оқып шықты ,оның iшiнде 4 адам мал өсiрудi дамыту үшiн 10,2 млн. теңге көлемiнде шағын кредит алды.

Президентiмiздiң «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында округтiң барлық мектептерi мен мекемелерiнде iс-шаралар өткiзiлдi. Округ тұрғындары «Әншi ауыл- 2018» секiлдi iс-шараларға, Ұрымқай орта мектебiнiң базасында өткен, «Рухани жаңғыру» аудандық семинарында, А. Дементьевтi еске алудың шығармашылық кешiне, Конститутция күнiне арналған кiтап көрмесiне, Аудандық «Супер Әже» аудандық байқауына, «Жас ұлан», «Жас қыран» қатарларына оқушыларды қабылдау бойынша шығармашылық iс-шараларғаа және т.б. белсендi қатысты.

2018 жылы 9 тұрақты және 119 уақытша жұмыс орны ашылды.

Бiрiншi бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен жене қысқа мерзiмдiк кәсiптiк бiлiммен қамтамасыз ету» аясында 20 адам оқытылды, кәсiпкерлiк негiздерiне 9 адам оқытылды, Жастар практикасына 3 адам жолдама алды, 1 мүгедек жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 5 адам тартылылды.

Округ бойынша орташа еңбекақы 100 857 теңгенi құрайды. «Алтын Бидай 2020» ЖШС-ның орташа жылдық еңбекақысы 154 мың теңгенi құрайды. Округтiң шаруа қожалықтары мен басқа да ЖШС-дың еңбекақысы 65-70 мың теңгенi құрайды, осының салдарынан жұмыс күшiнiң тапшылығы туындайды, бұл өз кезегiнде егiс пен егiн ору науқандарының мерзiмдерiне терiс әсер етедi.

Негiзгi капиталға инвестицияның көлемi 2018 жылы 723 млн 132 мың теңгенi құрады. «Алтын Бидай 2020» ЖШС «Джон Дир» комбайндарын, модульдi –егiс кешендерiн, тйлағыш-жинағыштар,сепкiштер, ангарлар сатып алды. «Орман шаруашылығы» ЖШС-да 98,422 тенгеге жасанды тоған қолдануға берiлдi.

Сондай ақ, «Алтын Бидай 2020» ЖШС округте әлеуметтiк саласына қолдау көрсетiп отырады. Өткен кезеңде олар спорттық, мерекелiк iс-шараларға және қарттар мен мүгедектердi қолдау айлығын өткiзуге 1 млн 287 мың теңгеге демеушiлiк көмек көрсеттi.

Елдi мекендердi сумен жабдықтау жеке су ұңғымаларымен қамтамасыз етiледi. Суқұбыры Ұрымқай ауылында бар, ол 1975 жылы пайдалануға берiлген, 80% тозған. Ағымдағы жылда негiзгi суқұбырына 50 ден аса үй қосылды. Ұрымқай ауылындағы суқұбыры қайта жаңартуды талап етедi. Щучье дезстанциясы жылына екi рет Ұрымқай ауылының сумен жабдықтау жүйесiн дезинфекциялауды жүргiзедi. Бұл жұмысқа «Алтын Бидай 2020» ЖШС төледi.

Округ бойынша маңызды мәселе Ұрымқай ауылының суқұбыры желiлерiн қайта жаңарту, Дмитриевка ауылында суқұбыры желiлерiн салу.

Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту айлығында абаттандыру бойынша 10 жиылыс, 10 экологиялық сенбiлiк өткiзiлдi, үй маны аумағын санитарлық тазалау бойынша 240-тан астам нұсқама тапсырылды, 3 стихиялық күл-қоқыс төгу орны жойылды, 75 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ұрымқай, Дмитриевка, Қарашiлiк ауылдарының орталық көшелерiндегi арамшөптер шабылды. Щучинск-Ұрымқай тас жолында, Ұрымқай- Кульстан,Красный кордон,Кiндiкқарағай ауыл аралық жолдарында шөп екi қабат шабылды.

Дмитриевка ауылында бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында «RG Gold» компаниясы1 км жолдың жол жабынына сапалы орташа жөндеу жүргiздi, көктемде тасқын суы өтуi үшiн қосымша 5 суөткiзу құбыры салынды. Сондай ақ, шарт бойынша Көрнектi ауылында 2,2 км кент iшiлiк жолға тас төгiлдi және грейдирлендiрiлдi. «Тазалық сервис» ШЖҚ МКМ-нiң күшiмен инерттi материал iшiнара қосылып, Ұрымқай- Кiндiкқарағай жолының 12 шақырымы грейдирлендiрiлдi және жол жабынын 60-80 см көтерумен төбедегi грейдерiң 800 метрiне тас төгiлдi.

«Ұрымқай ауылының Советская-Ленин көшесiнiң асфальт жабынының (1,5 км) шұңқыр жөндеуi» жұмыстарына сметалық құжаттама бар.

Автобус транспорты округтiң барлық елдi мекендерiне жүйелi түрде қатынайды. Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты Красный кордон, Дмитриевка, Кульстан, Көрнектi ауылдарында тұратын балаларға жалпы бiлiм беретiн мектепке және керi үйiне тегiн тасымалдауды ұсыну бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетедi. Барлығы 64 мектеп оқушысын тасымалдау жүзеге асырылады.

Округ бойынша барлығы 134 мүгедек бар,оның iшiнде 18 адам I-топ, 48 адам II-топ, 57 адам III — топ мүгедегi, мүгедек балалар — 11. Жыл сайын мүгедектер мен тұрғындардың әлеуметтiк осал жiгiне отын-шөп дайындауға көмек көрсетiледi.

Апта сайын дүкендердегi әлеуметтiк маңызды тауарларға бағаның мониторингi жүргiзiледi. Жеке кәсiпкерлермен бағаның көтерiлуiне жол бермеу туралы әңгiме жүргiзiледi. Барлық дүкендерде тұрғындардың әлеуметтiк осал жiгiне арналған «әлеуметтiк сөрелер» ұйымдастырылған, ондағы алдымен қажеттi тауарларға бағалар нарықтағыдан 5 % төмен7

Ұрымқай ауылында дәрiгерлiк амбулатория, ал Дмитриевка, Кiндiкқарағай, Красный кордон, Қарашiлiк, Көрнектi ауылдарында медициналық пунктер жұмыс iстейдi. Науқастарды 1 жоғары санатты дәрiгер, 14 медицина қызметкер қабылдайды. Ұрымқай дәрiгерлiк амбулаториясына терапевт-дәрiгер қажет. Ағымдағы жылдың маусым-шiлде айларында балалар мен әйелдер толықтай профилактикалық қараудан өткiзiлдi. Дәрiгерлiк амбулаторияның жанында күндiзгi стационар жұмыс iстейдi. Округте туу — 30 бала, өлу- 26 адамды құрады.

2018 жылы жалпы сомасы 324 675 мың теңге қиын өмiрлiк жағдаятқа тап болған отбасыларға бiр жолғы көмек тағайындалды — 9 адам (онкологиялық ауру, туберкулезбен ауру). А.ж. мамыр-маусым айында тұрғындарды 100% флюрографиялық тексеру өткiзiлдi. Жыл сайын ерте кезеңнен онкологиялық ауруларды анықтауға тұрғындардың мақсатты топтарын тегiн скринингтiк тексеру жүргiзiледi.

Үстiмiздегi жылы округте 11 қылмыс жасалды,5 ашылды. 2 адам АПЕМ-ге жiберiлдi. 86 әкiмшiлiк хаттама жасалды. Тұрақты негiзде қылмыстарды болдырмау бойынша профиактикалық жұмыстар жүргiзiледi (мектептерде әңгiмелер жүргiзiледi, «Сақшы» қоғамдық құралым жұмыс iстейдi).

2019 жылға алдағы мiндеттер:

1. Ұрымқай ауылының Советская-Ленин көшесiнiң (1,5-км) асфальт жабынын шұңқырлы жөндеу.

2. Қаржыландыру болған жағдайда Дмитриевка ауылында суқұбырын салу.

3. Қаржыландыру болған жағдайда Дмитриевка ауылын жарықтандыруды салу.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:49
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:49
Қараулар: 640