«Успеноюрьев ауылдық округін 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық дамыту қорытындылары және 2018 жылға міндеттер туралы» Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі О.Д.Айтбаевтың ЕСЕБІ

1.Инвестициялардың көлемi.

Ағымдағы жылы, "RG Gold" ЖШС 34 млн. теңге сомасына ұзындығы 2990 метр Райгородок ауылының суқұбыры желiлерiн қайта жаңғыртуға қаржы бөлдi.

Сомасы 12 млн.теңгеге Николаев орта мектебiнiң төбесiне жөндеу жүргiзiлдi.

Успеноюрьев орта мектебiнде жай жалға алып отырған, ауылдық кiтапхана үшiн жалпы сомасы 2 млн. 630 мың теңгеге жиһаз сатып алынды және күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.

2. "Агробизнес-2020", "Бизнестiң Жол Картасы-2020", "Жұмыспен қамтудың Жол Картасы-2020" және т. б. мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру.

"Береке" мемлекеттiк бағдарламасы аясында ЖК "Салыкова" 2,5 млн. теңгеге кредит алды, оған 11 бас iрi қара мал сатып алынды.

Успеноюрьевка ауылының аумағында ЖК "Казумова" өз қызметiн жүзеге асырады, ол IҚМ өсiрумен айналысады, қазiргi уақытта iрi қара малдың саны -90, жылқы — 9 басты құрайды.

3. Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.

Успеноюрьев ауылдық округiнiң 6 елдi мекенiндегi тұрғындардың саны 1530 адамды құрайды.

"RG Gold" ЖШС-да 2017 жылы тұрақты жұмыс орны құрылды — 28.

Уақытша жұмыс орны құрылды — 4.

Жұмысқа орналастырылды — екi III-топ мүгедегi.

4. Орташа айлық жалақыны өсiру.

Орташа айлық жалақы округ бойынша 96 980 мың теңгенi құрайды.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде еңбекақыны уақытылы төлеу бөлiгiнде өндiрiстiк үдерiстердi тұрақтандыру, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлердi жұмысқа орналастыру мәселелерi бойынша ынтымақтастық туралы жұмыс берушi, кәсiподақ және аудан әкiмдiгi арасында өзара түсiнiстiк туралы Меморандумдар жасалды.

5. Салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

Ағымдағы жылдың 12 айында салықтар жиналды — 4 млн. 308 мың теңге.

6. Жер қатынастарын реттеу.

ҚР Жер кодексiне сәйкес 2017ж.01.12. ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн жалға беру бойынша конкурс өткiзiлдi, "Қоянды-Агро" шаруа қожалығының басшысы Казбек Нурсаинович Ахметов конкурстың жеңiмпазы болды.

Округте жер учаскелерiн алуға кезекте тұрғандар жоқ.

7. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚАБШ толықтыру.

ҚАБШ-ға қаржы түсiмдерiн ұлғайту мақсатында уәкiлеттi органдармен өзара әрекеттестiктi күшейту бойынша iс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес АШТӨ-ларда және басқа да жұмыс берушiлермен еңбекақыны өсiру бойынша тұрақты түрде түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi, кәсiпорындардың есепке алынбаған еңбеккерлерi анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесiп жергiлiктi салықтар бойынша бересiлердi түгендеу жүргiзiледi, заңсыз кәсiпкерлiк қызметiмен айналысатын тұлғалар анықталады. Осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлуде және ҚАБШ толықтыру мәселесi ауылдық округ әкiмiнiң бақылауында тұр. 2017 жылы трансферттер есебiнен жергiлiктi өзiн өзi басқарудың ҚАБШ-на 37,0 мың теңге сомасында қаражат түстi.

8. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын жұмсау.

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмi бойынша сомасы 37,0 мың теңге Успеноюрьевка, Николаевка және Райгородок ауылдарының тазалығын қамтамасыз етуге жұмсалды.

9. Жергiлiктi қоғамдастықпен өзара iс-қимыл.

2015 жылы ауылдық округ бойынша 9 жергiлiктi қоғамдастықтың мүшесi сайланды. Олармен өзара iс-қимылда 2017 жылы қаражатты бөлу туралы шешiм қабылданды.

10. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi маңызды және басым болып табылады. 3 елдi мекеннiң тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтауды пайдаланады. 2012 жылы Успеноюрьевка ауылының суқұбыры желiлерiнде қайта жаңартуды жұмыстары жүргiзiлдi. Осы кезеңде ауылдың 90 ауласы суқұбырын үйлерiне тартты. 2017 жылы Райгородок ауылының ұзындығы 2990 метр суқұбыры желiлерi қайта жаңартылды.

Николаевка ауылының желiлерi 1985 жылы пайдалануға берiлген, бүгiнгi күнi желiлердiң тозуы 80% құрайды. Қалған 3 елдi мекенде сумен жабдықтау жекелеген ұңғымалармен қамтамасыз етiледi. Сумен жабдықтаудың барлық объектiлерi Бурабай ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлiмiнiң теңгерiмiне берiлген. Успеноюрьевка ауылының суқұбыры жүйесiне ағымдағы жылдың қараша айынан бастап "Бурабай Су Арнасы" ШЖҚ МКК қызмет көрсетедi, қалған елдi мекендерде күтiп ұстаумен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен тұрғыдар айналысады.

11. Елдi мекендердi санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстар.

Елдi мекендердi санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру ауылдық округ әкiмдiгiнiң маңызды жұмыс болып табылады. «Елдi мекендердi санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша көктемгi айлықты өткiзу туралы» Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң қаулысын орындау үшiн ауылдық округ әкiмiнiң аппараты елдi мекендердi санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру жөнiндегi айлықты өткiзу бойынша өзiнiң iс-шаралар жоспарын әзiрледi. 2017 жылдың айлығы кезеңiнде абаттандыру бойынша 4 жиынын, 8, экологиялық сенбiлiк, таза бейсенбiлiк өткiзiлдi. Әкiмшiлiк ғимараттар тиiстi түрге келтiрiлдi, барлық су шүмек бағаналары мен дiңгектер әктелдi және сырланды.

ҰОС қатысушыларына арналған ескерткiштердiң, А.С. Куница атына қойылған стелланың аумақтарына санитарлық тазалау жүргiзiлдi. 1000 тонна қи мен қоқыс шығарылды. жол бойындағы шөптi шабу жүргiзiлдi. Әрбiр елдi мекенде ҚТҚ мен қи шығаруға арналған, арнайы бөлiнген орындар бар. Барлық қоқыс орындары ретке келтiрiлдi.

12. Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке дейiн тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар.

Кентiшiлiк жолдардың, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайлары қанағаттанарлық. Успеноюрьевка және Николаевка ауылдарында жалпы ұзындығы 8 км кентiшiлiк жолдарға сеппе жүргiзiлдi.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Щучинск-Николаевка жолын жөндеу жұмыстары орындалды. 8 км жол асфальтталды, 30 км қашықтықта шұңқыр жөндеу жүргiзiлдi.

Оқушыларды тасымалдау үшiн ПАЗ — 672 автобусы, "ГАЗЕЛЬ" шағын автобусы бар. Жоғары сынып оқушыларын Райгородок елдi мекенiнен Николаев орта мектебiне, Үлгiалған, Қарағай ауылдарынан Щучинск қаласы мектеп-интернатына, Успеноюрьевка ауылынан Ұрымқай орта мектебiне тасымалдау жүзеге асырылады.

13. Жылыту беру маусымына дайындық.

Округ аумағында әлеуметтiк сала объектiлерi бар: 2 орта мектеп, 1 дәрiгерлiк амбулатория. Бүгiнгi таңда қысқы жылу беру маусымына дайындық пайызы 100% құрайды.

14. Жем-шөп дайындау.

Мал азығын дайындау жоспары орындалды. "Алтын бидай" ЖШС мен шаруа қожалықтарының күшiмен 8500 тонна шөп дайындалды, жоспар бойынша 8000 тонна.

15. Тұрғындардың әлеуметтiк әлсiз жiктерiне көмек.

"Ұрымқай орман шаруашылығы" ММ мүгедектерге қысқы кезеңге отын дайындауға көмек көрсетедi. Қарттар мен мүгедектер айлығы кезеңiнде "Алтын бидай" ЖШС зейнеткерлерге 107 000 теңге сомасына 5 кг қызылша, 5 кг сәбiз және 15 кг қырыққабат бөлдi. "Шипилов" ШҚ, "Демченко" ШҚ, "Қоянды Агро" ШҚ "Конструктив Энерго Строй" ЖШС-мен бiрлесiп 50 000 теңге сомасына азық-түлiк пакеттерiн сатып алды. "Қарттар мен мүгедектер күнiне" дастархан жайылды, концерт қойылды. "RG Gold" ЖШС Жаңа жыл мерекесiне сомасы 120 000 теңгеге тәттiлермен қағаз қапшық түрiнде5 жасқа дейiнгi балаларға көмек көрсеттi.

16. Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар.

Апта сайын, округтiң дүкендерi бойынша әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiктерге бағалардың мониторингi жүргiзiледi.

Бағалардың көтерiлуiне жол бермеу бойынша жеке кәсiпкерлермен сұхбаттар жүргiзiледi.

2015 жылдың ақпан айынан "Қазақстанда жасалған" акциясы басталды. Барлық сауда объектiлерiнде "Қазақстанда жасалған" логотиптерi орналастырылды.

Азық-түлiк тауарларымен және халық тұтынатын тауарлармен жекелеген сөрелер жасалды.

17. Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Округтiң алты елдi мекенiнде 2 медициналық пункт, 1 дәрiгерлiк амбулатория жұмыс iстейдi. Медицина қызметкерлер округ тұрғындарына уақытылы медициналық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргiзедi.

2017 жылы ауыр өмiрлiк жағдайда қалған (онкологиялық ауру) 5 отбасына бiржолғы көмек тағайындалды. Алдын-алу мақсатында Успеноюрьев дәрiгерлiк амбулаториясында туберкулез қарсы iс-қимыл бойынша iс-шаралар жоспары әзiрлендi, оған сәйкес барлық профилактикалық iс-шаралар жүргiзiледi. Тұрғындарды 100% флюорографическом тексеруде әкiмi аппаратының тарапынан көмек көрсетiледi. Жыл сайын, ерте сатысында онкологиялық ауруларды анықтауға халықтың нысаналы топтарын тегiн скринингтiк тексеру жүргiзiледi.

18. Келешекке жобалық-сметалық құжаттама әзiрлеу бойынша жұмыс.

Успеноюрьев ауылдық округi әкiмiдiгiнiң ғимаратын күрделi жөндеуге ЖСҚ әзiрленуде.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 11:24
Жаңартылған күні: 05.01.2018 11:24
Қараулар: 209