«Успеноюрьев ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға міндеттері туралы» Успеноюрьев ауылдық округінің әкімі О.Д. Айтбаевтың есебі

Успеноюрьев ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен 2018 жылы белгiлi бiр жұмыстар атқарылды.

6 жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшi қаралды,42 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. 17 (75 адам) отбасы атаулы әлеуметтiк көмек алатын болды.

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттiк бағдарламасы аясында 2018 жылғы 9 қарашада Успеноюрьев орта мектебiнде «Тарихи естелiк әрбiр адамның негiзi» тақырыбында аудандық семинар өттi.

2018 жылғы қаңтардағы есеп беру кездесулерiнде тұрғындар келесi мәселелердi көтердi:

1. Щучинск-Николаевка рейстiк автобус қатынасы кестесiнiң тұрақсыздығы туралы. 2018 жылғы 1 наурыздан бастап Щучинск-Николаевка маршруты бойынша жүретiн рейстiк автобус кестеге сәйкес тұрақты жұмыс iстейдi.

2. Успеноюрьевка-Николаевка жолын жөндеу туралы. 2018 жылғы мамырдан бастап қарашаға дейiн Успеноюрьевка-Николаевка трассасында асфальт жабынын жөндеу жүргiзiлдi.

1.Инвестициялардың көлемi.

Ағымдағы жылы«RGGold» ЖШС ұзындығы 4 км Дмитриевка ауылы арқылы өтетiн жолды жөндеуге 112 млн. теңге сомасында қаражат бөлдi.

2.Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру.

«Сыбаға» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша «Қоянды Агро» ШҚ 50 млн. теңге сомасына кредит алды және Чехиядан «Семитал» тұқымының 50 бас iрi қара малын сатып алды.

3. Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.

Успеноюрьев ауылдық округiнiң 6 елдi мекенiндегi халықтың саны 1515 адамды құрайды.

«RG Gold» ЖШС 2018 жылы 20 тұрақты жұмыс орнын құрды.

«Тиман» ЖК — 1 тұрақты жұмыс орнын құрды.

«Топоров» ЖК — 1 тұрақты жұмыс орнын құрды.

«Гришина»ЖК –1 тұрақты жұмыс орнын құрды.

«Владимирова» ЖК –1 тұрақты жұмыс орнын құрды.

4 уақытша жұмыс орны құрылды.

1 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

4. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

Ағымдағы жылдың 12 айында жиналған салық — 4 млн. 315 мың теңге.

5. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ толықтыру.

ҚБШ-ға қаражат түсiмдерiн арттыру мақсатында АШТӨ және басқа да жұмыс берушiлермен еңбекақыны өсiру бойынша түсiндiру жұмыстары жүргiзiледi, кәсiпорындардың ескерiлмеген қызметкерлерi анықталады. Бурабай ауданының мемлекеттiк кiрiстер басқармасымен бiрлесiп, жергiлiктi салықтар бойынша бересiге түгендеу жүргiзiледi, заңсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар анықталады. 2018 жылы трансферттер есебiнен жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ-на 3 910 мың теңге сомасында қаражат түстi.

6. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын жұмсау.

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмiмен әкiмдiк ғимаратының шатырын қайта жаңартуға ЖСҚ әзiрлеуге және мемлекеттiк сараптамадан өткiзуге, мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға көтергiштi орнатуға және қызметтiк автокөлiктi жөндеуге 2306,2 мың теңге сомасында қаражат бөлiндi.

7. Елдi мекендердi абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша жұмыс.

Елдi мекендердi санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша айлық өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау аясында абаттандыру бойынша 4 жиын, 8 экологиялық сенбiлiк пен таза бейсенбiлiк өткiзiлдi. Әкiмшiлiк ғимараттар тиiстi жағдайға келтiрiлiп, бағаналарды сырлау мен ағаштарды әктеу, ҰОС қатысушыларына ескерткiш пен А.С. Куница атындағы стелла аумағын абаттандыру жүргiзiлдi. 1000 тонна қи мен қоқыс шығарылды. Жол бойындағы шөптi шабу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. Әр елдi мекенде ҚТҚ мен қи шығару үшiн арнайы бөлiнген орындар бар. Барлық қоқыс орындары ретке келтiрiлдi.

8. Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi, оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс.

Кентiшiлiк жолдар мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы қанағаттанарлық. Успеноюрьевка және Николаевка ауылдарында жалпы ұзындығы 8 км кентiшiлiк жолдар тегiстелдi.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Щучинск-Николаевка жолы жөнделдi, 8 км жол асфальтталды, 30 км қашықтықта шұңқыр жөндеу жүргiзiлдi.

Оқушыларды мектепке тасымалдайтын ПАЗ-672 автобусы, «ГАЗЕЛЬ» микроавтобусы бар. Райгородок ауылынан жоғары сынып оқушылары Николаевка ауылындағы орта мектептке және Үлгiалған, Қарағай ауылдарынан Щучинск қаласының мектеп-интернатына оқушыларды тасымалдау жүзеге асырылады.

9. Жылыту маусымына дайындық.

Округ аумағында әлеуметтiк сала объектiлерi бар: 2 орта мектеп, 1 дәрiгерлiк амбулатория. Отынмен қамтамасыз етiлуi 100 % құрайды, жылу беру маусымы қалыпты режимде өтуде.

10. Жем-шөп дайындау.

Мал азығын дайындау жоспары орындалды. «Алтын бидай» ЖШС-мен шаруа қожалықтарымен 8000 тонна жоспарланып 8500 тонна шөп дайындалды.

11. Тұрғындардың әлеуметтiк әлсiз жiгiне көмек.

Қарттар мен мүгедектер айлығы кезiнде «Алтын бидай» ЖШС 139 400 теңге сомасына зейнеткерлерге 5 килограммнан қызылша мен сәбiз және 15 килограммнан қырыққабат бөлдi. «Шипилов», «Демченко» және «Қоянды Агро» шаруа қожалықтары 503000 теңге сомасына жем-шөп (сабан, қалдықтар) апарып бердi.

«RG Gold»ЖШС Жаңа жыл мерекесiне жалпы 150 000 теңгеге сомасына тәттiлер салынған қағаз қапшық түрiнде 5 жасқа дейiнгi балаларға көмек көрсеттi.

12. Халыққа медициналық қызмет көрсету.

Округтiң алты елдi мекенiнде 2 медициналық пункт және 1 дәрiгерлiк амбулатория жұмыс iстейдi. Медицина қызметкерлерi округ халқына уақытылы медициналық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргiзедi.

2018 жылы қиын өмiрлiк жағдайға тап болған (онкологиялық ауру, туберкулез, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан) 5 отбасына бiр жолғы көмек тағайындалды. Туберкулезге қарсы iс-қимыл iс-шараларының жоспары аясында Успеноюрьевка ауылының дәрiгерлiк амбулаториясымен халықты 100% қамтыған флюорографиялық тексеру жүргiзiлдi. Жыл сайын халықтың нысаналы топтарына онкологиялық ауруларды ерте сатында анықтау бойынша тегiн скринингтiк тексеру жүргiзiледi.

13. Проблемалық мәселелер мен алдағы уақытқа мiндеттер.

- 2019 жылы сметалық құжаттама әзiрлеу және Успеноюрьевка ауылы көшелерiнiң жарықтандыруын ағымдағы жөндеу.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:51
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:51
Қараулар: 573