Веденов ауылдық округінің 2017 жылдағы «Әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2018 жылға міндеттер туралы» Веденов ауылдық округі әкімі М.И. Имамбаевтың ЕСЕБІ

Ауылдық округтiң аумағында 4 елдi мекен: Веденовка с., Жаңатуған а., Қарабұлақ а., Федосеевка селосы орналасқан. Округтегi тұрғындардың саны 1216 адам.

2017 жылда Веденов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты белгiленген жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың — 13 өтiнiштерiқаралды, 47 — нормативтiк-құқықтық актiлерi қабылданды, мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi: бiлiм беру ұйымдарына тегiн тасымалдауды — 10, сауда-саттықты жүргiзудiталап етпейтiн мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқық алу (конкурстар, аукциондар) — 9 өтiнiштер қабылданды.

2017 жылдың көктемгi және күзгi шақырулардың қорытындылары бойынша,ҚР Қарулы Күштерiнде– 2 әскери шақырылушықызмет өткеретiн болды.Жұмыс бойынша Азаматтарды әскерге шақыру және тiркеу бойынша тұрақты негiзде жұмыс жүргiзiледi. Есепте 190 — әскери мiндеттiлер, 29 — әскерге шақырылушыларды тұрады.

«Агробизнес 2020», «Бизнестiң жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және басқа мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру

Жеке кәсiпкер Ковалев Д. В. сүттiАӨК (ауылдық өндiрiстiк кооперативi) "Веденовка 2017" ашылды. Жеке кәсiпкер Шаяхметов М. У. " "Құлан" мемлекеттiк бағдарламасыарқылы 2,7 млн. теңге несие алды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнi қарсаңында Веденов ауылында өрт сөндiру бекетi ашылды. Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде "ЖШС "Агрофирма Веденовка"аудан әкiмдiгiмен арасында өрт сөндiру постыныңмiндеттерi ұстау мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк меморандумы жасалынды.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту

Тұрақты жұмыс орындары — 4, уақытша — 8. Жұмысқа — 2 мүгедек орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың iшiнен 3 адам жұмысқа тартылды.

Орташа еңбекақыны көтеру.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде еңбекақыны уақытнда төлену бөлiгiнде,өндiрiстiк үрдiстердi тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселелерi жөнiндегi ынтымақтастық туралы аудан әкiмдiгi, жұмыс берушi және кәсiподақтар арасында өзара түсiнiстiк туралы Меморандумдар жасалды. Ауылдық округтегi орташа айлық еңбекақы — 78652 теңгенi құрайды.

Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту

Үй-үйдi аралау жүргiзiлдi. Салық төлеушiлердiң тiзiмiне сәйкес жер және мүлiк салығы есептелдi, салықты жинау күн сайын жүргiзiледi. Салық төлеушiлерге салықтар бойынша есептелген сомасымен хабарлама тапсырылды. 2017 жылы салықтар 2257748 тенге жиналды. Салықтар 100 % құрады.

Жер қатынастарын реттеу

ҚР Жер кодексiне сай 2016 жылғы 01 тамызда ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер телiмдерiн жалға беру бойынша конкурс өткiзiлдi. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерiн алу кезегiауылдық округ боцынша жоқ.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ толықтыру

ҚБШ-ға қаражаттың түсуiн ұлғайту мақсатында өкiлеттi органдармен өзара әрекеттестiктi нығайту бойынша iс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес, АШТӨ-мен және басқа да жұмыс берушiлермен жалақыны көтеру бойынша түсiндiру жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлуде, кәсiпорындардағы есепке алынбаған жұмысшылар анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесе отырып, жергiлiктi салықтар бойынша бересiлердi түгендеу жүргiзiлiледi, заңсыз кәсiпкерлiкпен айналысатын тұлғалар анықталуда. «Бурабай ауданының Веденов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодексiне сәйкес бұзушылықтарды анықтау бойынша үнемi жұмыс жүргiзедi. 2017 жылда 10 әкiмшiлiк хаттама толтырылып, ескерту шығарылды. ҚБШ 5303 теңге сомасына толтырылды.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету ең маңызды басмыды болып табылады. Веденовка селосында сумен жабдықтау орталықтандырылған, ұзындығы 18,5 км, 32 колонка, ұңғыма, резервуар, суайдауыш мұнара «Бурабай Су арнасы» МКК ШЖҚтеңгерiмiнде орналасқан. Осы суқұбыры қайта жаңартуды қажет етедi. Қарабұлақ және Жанатуған ауылдары жекелеген ұңғымалармен қамтамасыз етiледi

Абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

Елдi мекендердi абаттандыру,көгалдандыру мен санитарлық тазалау ауылдық округ әкiмдiгiнiң маңыздың жұмыстарының бiрi болып табылады. «Елдi-мекендердi санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша көктемгi айлық өткiзу туралы» Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң қаулысын орындай отырып, ауылдық округ әкiмiнiң аппараты елдi-мекендердi санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандырудың үш айлығын өткiзу жөнiндегi өз iс-шаралар жоспарын әзiрледi. 2016 жылы абаттандыру бойынша 4 жиналыс, 6 экологиялық сенбiлiк өткiзiлдi. Веденовка селосының орталық көшесiнде қоршаулар орнатылды. орталық кеңсе мен мектептерде ағаштарды сирету жүргiзiлдi. ҰОС қатысушыларына арналған ескерткiштердiң, А.Бережнойға арналған стеланың аумағы жиналды. 6000 тонна қоқыс шығарылды. Әр елдi мекенде ҚТҚ мен қи шығаруға арналған арнайы бөлiнген орындар бар. Қоқыс тастайтын барлық жерлер тәртiпке келтiрiлдi, үймелендi.

Жол желiлерiн дамыту бойынша жұмыстар, қоғамдық көлiктi, оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру.

ЖШС "АФ "Агрофирмасы" жшс, АШК "Қарабұлақ" "Есiл Агро" ЖШС бiрлескен күшпен қыс мезгiлiнде жолдар қардан тазартылады. Елдi мекендер көшелерiнiң жолдарының, облыстық және аудандық деңгейлердегi жолдардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқушыларды тасымалдау үшiн Газель шағын автобусы бар. Оқушыларды Жаңатуған, Крупское елдi мекендерiнен Қарабұлақ негiзгi мектебiне тасымалдау жүзеге асырылады.

Жылу беру маусымына дайындалу

Округтiң аумағында 1 орта мектеп, 1 негiзгi мектеп, 1 дәрiгерлiк амбулатория және бiр ВАП бар. Бүгiнгi күнi әлеуметтiк сала объектiлерiнiң қысқы жылу беру маусымына дайындық пайызы 100 пайызды құрайды.

Жинау науқанының қорытындысы.

ЖШС және ШҚ басшыларымен кеңестер өткiзiлiп, ұйымдасқан түрде егiн жинау жұмыстарын, сапалы тұқым дайындау, қар тоқтатуды ұйымдастыру.

Ағымдағы жылы жалпы егiс алқаптарының алаңыЖШС "АФ "Агрофирмасы" — 11670 га құрады. Оның iшiнде дәндiдақылдар, соның iшiнде бидай — 2659 га, арпа — 2023 га, сұлы — 200 га, майлы дақылдар — 6480 га. АШК "Қарабұлақ" "Есiл Агро" жаздық егiс — 2878 га, соның iшiнде бидай — 2636 га, арпа — 304 га. Шаруа қожалықтарының егiн жинау алқабы — 1212 гақұрады, соның iшiнде бидай — 100 га, арпа — 925 га, майлы дақылдар — 100 га, бұршақты — 30 га. "АФ "Агрофирмасы" ЖШС, АШК "Қарабұлақ" "Есiл Агро", ШҚ пайшылармен 100% есеп айрылысты.

Халықтың әлжуаз жiгiне көмек көрсету

"Өрлеу" жоба аясында, халыққа әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталған,

Бағдарлама тұрғындарға әлеуметтiк көмек көрсетуге, тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша белсендi шаралар қолдануға және азаматтардың иек артушылық мiнезiн жоюға бағытталған. 2017 жылы округте 2 отбасы жобаға қатысты, шартты ақшалай көмек алушы болып табылды, 2 адам жұмысқа орналастырылды. «Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекет көрсететiн қызметке сәйкес науқастануына байланысты 4 тұлғаға материалдық көмек көрсетiлдi.

ЖШС мен АШК әкiмшiлiгi ауылдық округтiң ауылдарының әлеуметтiк инфрақұрылымдарына көп назар аударып, қолдау көрсетедi. Олар ауылдардың суқұбыры желiлерiн ұстау мен жөндеу, әртүрлi мерекелiк iс-шаралар үшiн мектептерге, Веденовка селосының Мәдениет үйiне демеушiлiк көмек көрсетедi.

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Ауылдық округ аумағында бiр Веденовка с. дәрiгерлiк амбулаториясы мен Қарабұлақ а. 1 медициналық пунктi жұмыс iстейдi. Медициналық қызметкерлер округ тұрғындарына уақытылы медициналық жәрдем көрсету бойынша жұмысты жүргiзедi.

Болашаққа жоба-сметалық құжаттамалар жасау бойынша жұмыстар.

1. 2017 жылдың желтоқсан айында Веденовка селосының көшелерiн жарықтандыруды салу 21256 тыс.тг конкурс өткiзiлiп, мердiгер анықталғаннан. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың қаңтар айында басталады.

2. Аудандық мәндегi ұзындығы 25 км Веденовка-Қарабұлақ жолын жөндеу жоспарлануда.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 11:04
Жаңартылған күні: 05.01.2018 11:04
Қараулар: 222