«Веденов ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға міндеттер туралы» Веденов ауылдық округінің әкімі М.И. Имамбаевтың есебі

Ауылдық округтiң аумағында 4 елдi мекен: Веденовка а., Жаңатуған а., Қарабұлақ а., Федосеевка а. орналасқан. Округтегi тұрғындардың саны 1216 адам.

2018 жылда Веденов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты белгiлi бiр жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi қаралды — 15, 56 нормативтiк-құқықтық актi қабылданды, мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi: жалпы бiлiм беру ұйымдарына тегiн тасымалдауды ұсыну — 5, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқық алу– 9 өтiнiш қабылданды.

2018 жылдың сәуiр айында жалпы сомасы 21,432 млн.теңгеге Веденовка ауылында көшенi жарықтандыруды салу аяқталды, 124 дiңгек пен 94 шырағдан орнатылды.

Аудандық маңызы бар Веденовка — Қарабұлақ бағытындағы 9 км жолдың ағымдағы жөндеуi жүргiзiлдi.

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi қарсаңында

Веденовка ауылында заманауи компьютерлiк жабдықтармен, интернет, теледидармен жарақтандырылған, кiтап қоры жаңартылған модельдi кiтапхана ашылды.

ҚАБШ есебiнен (қолма-қол ақшаны бақылау шоты) жалпы сомасы 1,696 мың теңгеге балалар алаңдарының 2 жиынтығы сатып алынды.

Қарабұлақ ауылында балалар алаңы орнатылды (екi жұпты әткеншектер, теңгерме әткеншектер, демалуға арналған орындық, құмсалғыш, үстел, швед қабырғасымен әртүрлi деңгелi турник, қоқыс жәшiгi). 2019 жылы Веденовка ауылында екiншi балалар алаңы орнатылатын болады.

2018 жылдың тамыз айында Веденов орта мектебiнде 4 мллионнан астам теңгеге 30% пластикалық терезе орнатылды, осы бағыттағы жұмыс 2019 жылы жалғасатын болады. Жобалау-сметалық құжаттама бар, бюджеттiк өтiнiм берiлдi.

Нәтижесiнде 2 шақырылушы ҚР Қарулы Күштерiнде қызмет өткерiп жатқан, 2018 жылдың көктемгi және күзгi әскер қатарына шақырулары өткiзiлдi. Шақыру жасына азаматтарды тiркеу бойынша жұмыс тұрақты негiзде жүргiзiледi. Барлығы 196 әскери мiндеттi, 31 — әскерге шақырылушы есепте тұр.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.

Құрылған тұрақты жұмыс орындары — 4, уақытша — 20. Жұмысқа орналастырылған мүгедектер — 2.

Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың iшiнен 2 адам жұмысқа тартылды.

Орташа айлық еңбекақыны көтеру.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде еңбекақыны уақытында төлену бөлiгiнде, меншiктiң барлық нысандарының басшыларымен қызметкерлердiң еңбекақысы төмен санаттарына жалақыны 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгi жалақыдан арттыру жөнiнде әңгiме өткiзiлдi. Округ бойынша орташа айлық еңбекақы 81684 теңгенi құрайды.

Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту.

Үй-үйдi аралау жүргiзiлдi.Ссалық жинау күн сайын жүргiзiледi. Салық төлеушiлерге салықтар бойынша есептелген сомасымен хабарлама тапсырылды. 2018 жылы түсiм 2581973 тенгенi немесе жоспарда 2369000 теңге болғанда 109 % құрды.

Жер қатынастарын реттеу.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерiн алуға ауылдық округте кезек жоқ.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚАБШ-ны толықтыру.

ҚАБШ-ға қаражаттың түсуiн арттыру мақсатында уәкiлеттi органдармен өзара iс-қимылды күшейту жөнiндегi iс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес ауыл шаруашылығы тауалраны өндiрушiлермен және басқа да жұмыс берушiлермен еңбекақыны көбейту бойынша түсiндiру жұмыстары жүйелi түрде жүргiзiледi, кәсiпорындардың есепке алынбаған еңбеккерлерi анықталады, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрге жергiлiктi салықтар бойынша берешектердi түгендеу жүргiзiледi, заңсыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғалар анықталады. ҚАБШ 2,369 млн.теңгенi құрайды.

Тұрғындарды сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi маңызды және басымды болып табылады. Веденовка аулында ұзындығы 18,5 км сумен жабдықтау орталықтандырылған, 32 колонка, ұңғыма, резервуар, суайдауыш мұнара «Бурабай Су арнасы» ШЖҚ МКК-нiң теңгерiмiнде. Осы суқұбыры қайта жаңартуды қажет етедi. Қарабұлақ және Жаңатуған ауылдарында сумен жабдықтау жекелеген ұңғымалармен қамтамасыз етiледi

Елдi мекендердi абаттандыру және санитарлық тазалау.

2018 жылы абаттандыру бойынша 4 жиын, 8 экологиялық сенбiлiк, 8 таза бейсенбi өткiзiлдi. Орталық кеңсе мен орта мектептiң жанында ағаштарды сирету жүргiзiлдi. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткiштер мен А. Бережная атыңдағы стела жанындағы аумақтар абаттандырылды. Тарих пәнiнiң мұғалiмiнiң басшылығымен оқушылардың күшiмен азаматтық соғыс жылдарында қаза тапқандарға арналған ескерткiш қалпына келтiрiлдi, 5000 тонна қоқыс шығарылды. Әрбiр елдi мекенде ҚТҚ шығару үшiн арнайы бөлiнген орындар бар. Барлық қоқыс тастайтын жерлер тәртiпке келтiрiлдi, үйiндiлеп қойылды.

Есептi кезеңде ШЖҚ «Ветсервис» МКК-нiң жалдауындағы қызметкерлер саны 38 бас қаңғыбас иттi аулауды жүзеге асырды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жол желiлерiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру.

«АФ «Веденока» ЖШС-ның, «Есiл Агро» ЖШС «Қарабұлақ» АШК –нiң күштерiмен қыс уақытында жолдар қардан тазартылады. Елдi мекендер көшелерi жолдарының, облыстық және аудандық деңгейлердегi жолдардың жағдайы қанағаттанарлық.

«ГАЗЕЛЬ» шағын автобусымен оқушыларды Жаңатуған, Крупское елдi мекендерiнен Қарабұлақ негiзгi мектебiне тасымалдау жүзеге асырылады.

Жылу беру маусымына дайындық.

Округтiң аумағында 1 орта мектеп, 1 негiзгi мектеп, 1 дәрiгерлiк амбулатория және 1 фельдшерлiк пункт бар. Әлеуметтiк сала объектiлерiнiң жылу беру маусымы уақытында басталды.

Орып-жию науқанының қорытындысы.

ЖШС және ШҚ басшыларымен егiн жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргiзу, сапалы тұқым дайындау, қар тоқтатуды ұйымдастыру жөнiнде кеңестер мен әңгiмелесулер өткiзiлдi.

Ағымдағы жылы ауылдық округ бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алқабы — 17611,8 га құрды, оның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар — 11427 га, майлы дақылдар — 6184,8 га. Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар бойынша шығымдылық гектарынан 16,6 центнердi құрды, майлы дақылдар бойынша гектарынан 9,14 центнер.

Халықтың әлеуметтiк осал топтарына көмек.

Халыққа әлеуметтiк көмек көрсетуге, азаматтарды жұмысқа орналастыруға және масылдық көңiл-күйдi жоюға бағытталған жаңа форматтағы АӘК аясында 2018 жылы шартты ақшалай көмектi алушы 10 отбасы 47 адам, шартсыз ақшалай көмектi алушы 10 отбасы 28 адам, 2 адам жұмысқа орналастырылды.

ЖШС, АШК, ШҚ, ЖК басшылары округтiң ауылдарында әлеуметтiк инфрақұрылымдарды дамытуға көп назар аударып, қолдау көрсетедi. Ол әртүрлi мерекелiк iс-шараларды өткiзу үшiн мектептерге, Веденовка ауылының Мәдениет үйiне демеушiлiк көмек көрсету.

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Округ аумағында Веденовка ауылының 1 дәрiгерлiк амбулаториясы, Қарабұлақ ауылының 1 медициналық пунктi жұмыс iстейдi. Медициналық қызметкерлер округ тұрғындарына уақытылы медициналық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргiзедi.

Болашаққа жоба-сметалық құжаттамалар жасау бойынша жұмыстар.

Проблемалық мәселелер:

1. Веденовка ауылының ұзындығы 18,5 км суқұбырын қайта жаңартуға жоба-сметалық құжаттама әзiрлеу.

2. Веденовка ауылының ұзындығы 18,5 км суқұбырын қайта жаңарту.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:23Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:23Қараулар: 812

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Сіз Щучинск-Бурабай курорттық аймағының аумағында орналасқан қонақ үйлер мен отельдердің объектілерінде қызмет көрсету деңгейімен қанағаттанасыз ба?

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-33-54