Веденов ауылдық округінің 2019 жылдағы «Әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға міндеттер туралы» Веденов ауылдық округі әкімі М.И. Имамбаевтың ЕСЕБІ

Ауылдық округтiң аумағында 4 елдi мекен: Веденовка с., Жаңатуған а., Қарабұлақ а., Федосеевка селосы орналасқан. Округтегi тұрғындардың саны 1210 адам.

2019 жылда Веденов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты белгiленген жұмыстар атқарылды: жеке және заңды тұлғалардың — 14 өтiнiштерi қаралды, 57 — нормативтiк-құқықтық актiлерi қабылданды, мемлекеттiк қызметтер көрсетiлдi: бiлiм беру ұйымдарына тегiн тасымалдауды — 5, сауда-саттықты жүргiзудi талап етпейтiн мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiне құқық алу (конкурстар, аукциондар) — 7 өтiнiштер қабылданды.

Веденовка ауылында "Ынтаж" ЖШС басшысы Б. Қ. Шагатов мал шаруашылығын дамыту және ұстау үшiн база сатып алды. "Сыбаға" бағдарламасы бойынша 45 млн.теңге несие алып, Словакиядан симменталдық еттi-сүттi бағыттағы 72 бас мал сатып алынды.

Ауылдық округ әкiмi аппаратымен "Агрофирма Веденовка" ЖШС-мен бiрлесiп ұзындығы 12,1 км кентiшiлiк жолдардың шұңқырларын жөндеу жүргiзiлдi. Сондай-ақ ұзындығы 70 км Веденовка-Жаңатуған-Қарабұлақ-Федосеевка жолдарының жиектерiне шабу жүргiзiлдi.

Коммуникацияны және интернет байланысты жақсарту үшiн "Қазақтелеком" АҚ Щучинск қ.филиалы, алыс байланыс бiрлестiгi Николаевка селосынан Веденовка селосына дейiн 20 км жуық оптикалық талшықты кабель төседi. Орталық жабдықты орнату мерзiмi 2020 жылдың 1 жартыжылдығында жоспарланған.

ҚБШ қаражаты есебiнен Веденовка ауылында балалар алаңы орнатылды

2019 жылдың көктемгi және күзгi шақырулардың қорытындылары бойынша, ҚР Қарулы Күштерiнде — 4 әскери шақырылушы қызмет өткеретiн болды. Жұмыс бойынша Азаматтарды әскерге шақыру және тiркеу бойынша тұрақты негiзде жұмыс жүргiзiледi. Есепте 196 — әскери мiндеттiлер, 21 — әскерге шақырылушыларды тұрады.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту

Тұрақты жұмыс орындары — 5, уақытша — 10. Жұмысқа — 2 мүгедек орналастырылды.

Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздардың iшiнен 3 адам жұмысқа тартылды.

Орташа еңбекақыны көтеру.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның iшiнде еңбекақыны уақытнда төлену бөлiгiнде, барлық меншiк нысандарының басшыларымен 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ-дан төмен емес еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердiң жалақысын арттыру жөнiнде әңгiме жүргiзiлдi. Округ бойынша орташа айлық еңбекақы 90645 теңгенi құрайды.

Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту

Үй-үйдi аралау жүргiзiлдi. Салық төлеушiлердiң тiзiмiне сәйкес жер және мүлiк салығы есептелдi, салықты жинау күн сайын жүргiзiледi. Салық төлеушiлерге салықтар бойынша есептелген сомасымен хабарлама тапсырылды. 2019 жылы салықтар 2592000 тенге жиналды. Салықтар 109 % құрады.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ толықтыру

ҚБШ-ға қаражаттың түсуiн арттыру мақсатында уәкiлеттi органдармен өзара iс-қимылды күшейту жөнiндегi iс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес АШТӨ және басқа да жұмыс берушiлердiң еңбекақысын арттыру бойынша түсiндiру жұмыстары тұрақты жүргiзiледi. ҚБШ 1,263 млн.теңгенi құрайды.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi маңызды және басымды болып табылады. Веденовка аулында сумен жабдықтау орталықтандырылған, ұзындығы 18,5 км, 32 колонка, ұңғыма, резервуар, суайдауыш мұнара «Бурабай Су арнасы» МКК ШЖҚ теңгерiмiнде орналасқан. Осы суқұбыры қайта жаңартуды қажет етедi. Қарабұлақ және Жанатуған ауылдары жекелеген ұңғымалармен қамтамасыз етiледi

Абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

2019 жылы абаттандыру бойынша 4 жиын, 8 экологиялық сенбiлiк, 8 таза бейсенбi өткiзiлдi. Орталық кеңсенiң және орта мектептiң жанында ағаштарды кесу жұмыстары жүргiзiлдi. Ұлы Отан соғысы ардагерлерiне арналған ескерткiштер, А. Бережная атыңдағы стела аумағы абаттандырылды. Тарих пәнiнiң мұғалiмi басшылығымен оқушылардың күшiмен азаматтық соғыс жылдарында қаза тапқан адамдардың ескерткiшi қалпына келтiрiлдi, 7000 тонна қоқыс шығарылды. Әрбiр елдi мекенде ҚТҚ шығару үшiн арнайы бөлiнген орындар бар. Барлық қоқыс тастайтын жерлер тәртiпке келтiрiлдi.

Есептi кезеңде ШЖҚ «Ветсервис» МКК қызметкерлерiн жалдау бойынша қаңғыбас иттердi аулау жүзеге асырылды — саны 21 бас, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Жол желiлерiн дамыту бойынша жұмыстар, қоғамдық көлiктi, оқушыларды мектепке тасымалдауды ұйымдастыру.

"АФ "Веденока" ЖШС, АШК "Қарабұлақ" "Есiл Агро" ЖШС бiрлескен күшпен қыс мезгiлiнде жолдар қардан тазартылады. Елдi мекендер көшелерiнiң жолдарының, облыстық және аудандық деңгейлердегi жолдардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқушыларды тасымалдау үшiн Газель шағын автобусы бар. Оқушыларды Жаңатуған, Крупское елдi мекендерiнен Қарабұлақ негiзгi мектебiне тасымалдау жүзеге асырылады.

Жинау науқанының қорытындысы.

ЖШС және ШҚ басшыларымен кеңестер өткiзiлiп, ұйымдасқан түрде егiн жинау жұмыстарын, сапалы тұқым дайындау, қар тоқтатуды ұйымдастыру.

Ауылдық округ бойынша ауылшаруашылығы дақылдарын жалпы жинау алқабы — 17611,8 га, оның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар — 11427 га, майлы дақылдар — 6184,8 га. Дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар бойынша дақылдардың шығымдылығы — гектарына 19,2 центнер болса, майлы дақылдардың шығымдылығы — гектарына 7,4 центнер болды.

Халықтың осал топтарына көмек көрсету

2019 жылы халыққа әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталған АӘК жаңа форматы аясында шартты ақшалай көмек алушылар 10 отбасы, 48 адам, шартсыз ақшалай көмек — 3 отбасы, 10 адам, 3 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 2 көп балалы отбасы.

ЖШС мен АШК әкiмшiлiгi ауылдық округтiң ауылдарының әлеуметтiк инфрақұрылымдарына көп назар аударып, қолдау көрсетедi. Олар ауылдардың суқұбыры желiлерiн ұстау мен жөндеу, әртүрлi мерекелiк iс-шаралар үшiн мектептерге, Веденовка селосының Мәдениет үйiне демеушiлiк көмек көрсетедi. 2019 жылы 12 iс-шара өткiзiлдi. "Меридиан" тобының солистерi "Әншi ауыл" галаконцертiне қатысты. "Ансар-Веденовка" әуесқой футбол клубының командасы облыстық және аудандық жарыстарға қатысады.

Болашаққа жоба-сметалық құжаттамалар жасау бойынша жұмыстар.

Проблемалық мәселелер:

1. Веденовка ауылындағы ұзындығы 18,5 км су құбырын қайта құруға жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеу.

2. Ұзындығы 18,5 км Веденовка ауылындағы су құбырын қайта жаңарту.

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 15:55Жаңартылған күні: 30.12.2019 15:55Қараулар: 849

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77