«Зеленобор ауылдық округінің 2017 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындысы және 2018 жылға міндеттері туралы» Зеленобор ауылдық округі әкімі Д.К. Жабагинның ЕСЕБІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты жылсайынғы жолдау барысында әлеуметтiк мәселелердi шешу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, орта және шағын бизнестi қолдау, елдi-мекендердi абаттандыру сияқты басты мiндеттердi атап өттi. Ауылдық округ әкiмi аппаратымен 2017 жылы бiршама жұмыстар атқарылды.

Жеке және заңды тұлғалардың 143 өтiнiшi қаралды. 192 нормативтiк — құқықтық актi қабылданды. 104 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақыны 5 адам алады. Барлығы 550 әскери мiндеттiлер мен 102 әскерге шақырылушылар есепте тұр. 2017 жылдың көктемгi және күзгi шақырулары өткiзiлдi, қорытындысы бойынша ҚР ҚК-де 11 әскерге шақырылушылар қызмет өткеруде.

Инвестицияларды тарту.

Өткен кезеңдегi инвестицияның динамика көлемi жыл сайынғы оң үрдiсiне ие.

Жеке кәсiпкерлермен және шаруа қожалықтарымен тракторларға, комбайндарға қосалқы бөлшектер алынды. «Агроинвест-2015» ЖШС-гi цех үшiн жабдықтар, жем-шөп, қосалқы бөлшектер сатып алды.

2. Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру

2017 жылы "Жұмыспен нәтижелi қамту және жаппай кәсiпкерлiк" бағдарламасы бойынша шаруа қожалығының басшысы Т.Ташиков, жеке кәсiпкерлер А.Кабдуллин, Е.Кудияров, Ж.Бащжанов, С.Жайлюбаев сомасы 25 млн. теңге несие алды. 38 бас iрi қара мал, оның iшiнде 2 асыл тұқымды бұқа, 43 бас жылқы сатып алынды.

3. Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту

2017 жылы 49 тұрақты және 21 уақытша жұмыс орны ашылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуемттiк бағдарламалар бөлiмiне өтiнiш берген жұмыссыздар арасынан қоғамдық жұмыстарға 6 адам тартылды.

4. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту

2018 жылдың 1 қаңтарына 2016 жылғы салық бойынша бересi жиналды:

 — жер салығының сомасы 22 123 мың теңге, мүлiктiк салық сомасы 12 553 мың теңге.

2017 жылы көлiк салығының жиналған сомасы 4 228 832 теңге, өткен жылға кәсiпкерлiк қызметтен салық 4 554 844 теңге.

Салық салу базасын кеңейту аясында 36 пәтердiң тiркеусiз жалға берiлгенi анықталды. Құжаттар Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасына жолданды.

Бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайту мақсатында игерiлмеген жер учаскелерiн, тiркелмеген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн анықтау жұмыстары жүргiзiлдi.

5. Жер қатынастарын реттеу

Ауылдық округ әкiмiнiң аппаратымен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмiн алу үшiн азаматтарды кезекке қою жүргiзiледi. Жер телiмдерiн алу үшiн кезекте барлығы 723 өтiнiш берушi тұр: - Зеленый Бор с. — 539 адам; - Молбаза а. — 145 адам; - Қымызынай а. — 11 адам; - Подхоз ш.а. — 28 адам. Бұл тiзiм Бурабай ауданы әкiмiнiң сайтында орналастырылған. Жер учаскелерiн бөлу ережесi және кезекте тұрғандар тiзiмi ауылдық округ әкiмi аппараты ғимаратындағы стендте орналастырылған. 2013 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшiн 100 учаске бөлiнген, тағы да 100 учаскеге алаң бар, бiрақ коммуникация болмауына байланысты учаскелер игерiлмеген. 2017 жылы жылу және сумен жабдықтау өткiзуге ЖСҚ-ны (жобалық сметалық құжаттама) әзiрленген, 2018 жылға учаскелерге коммуникациялар өткiзу үшiн қаражат салынған. Игерiлмеген және мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан жер телiмдерiн анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Осы тексерiстердiң барысында әрбiрi аумағы 1 гектар, игерiлмеген 16 жер учаскесi анықталды. Осы фактi бойынша «Ақмола облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-не хат жiберiлдi.

6. Жергiлiктi қоғамдастықпен өзара әрекеттесу

2017 жылы 4 жергiлiктi қоғамдастық жиыны өткiзiлдi. Онда мынадай сұрақтар жөндеу жұмыстарын жүргiзуге ақшалай қаражатты бөлу, көшелердi жарықтандырудың ай сайынғы төлемi, Зеленый Бор с. санитария және абаттандыру мәселелерi, сондай-ақ жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiн қайта сайлау қарастырылды.

7. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ҚБШ-ның толықтырылуы

Әкiмдiктiң қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылды, оған 5000 теңге аударылды.

ҚБШ-ға қаражаттың түсуiн көбейту мақсатында өкiлеттi органдармен өзара әрекеттестiктi нығайту бойынша iс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес, АШТӨ-мен және басқа да жұмыс берушiлермен жалақыны көтеру бойынша түсiндiру жұмыстары тұрақты түрде жүргiзiлуде, кәсiпорындардағы есепке алынбаған жұмысшылар анықталуда, Бурабай ауданының МКБ-мен бiрлесе отырып, жергiлiктi салықтар бойынша берестердi түгендеу жүргiзiлуде, заңсыз кәсiпкерлiкпен айналысатын тұлғалар анықталуда.

8. Жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын тұтыну

Жергiлiктi қоғамдастық жиындарында жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қаражатын тұтыну мәселелерi қарастырылды. 2017 жылға округке трансферттер есебiнен 1 миллион 124 мың теңге бөлiндi. Зеленый Бор селосының санитарлық тазалығы үшiн 19 мың теңге, көшелердi жарықтандыру қызметi үшiн 1 миллион 105 мың теңге қаражат жұмсалды.

9. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Зеленый бор селосына «Қазсушар» РМК Көкшетау топтық су құбыры, Мәдениет селосына "Бурабай Су Арнасы" ШЖҚ МКК қызмет көрсетедi. Молбаза, Жаңаталап, Қымызынай селоларында су желiсi орталықтандырылмаған, ұңғыма суы пайдаланылады.

10. Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

Елдi мекендердi абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық кезеңiнде апта сайын «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлдi, 12 сенбiлiк ұйымдастырылды, оған 1150 адам қатысты. 180 тонна қоқыс шығарылды, 80 түп көшеттер мен ағаштар отырғызылды, дүкендер мен кәсiпорындарды сырт жағынан жөндеу, ағаштарды кесу, аялдамаларды әктеу, гүлдер отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi.

Есептi кезеңде «Ветсервис» ШЖҚ МКК (шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын) жалдау бойынша қызметкерлерiмен саны 27 бас қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары жүзеге асырылды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

11. Жол желiлерiн дамыту бойынша жұмыстар, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке жеткiзу.

Автобус көлiгiнiң қозғалысы Щучье қаласынан Зеленый Бор селосына дейiн 40 минуттық аралықпен тұрақты жүрiп отырады. Қымызынай, Мәдениет, Жаңаталап ауылдарына жолаушыларды тасуды маршруттық такси күнделiктi жүзеге асырады.

Әкiм аппаратымен Молбаза, Қымызынай, СПЧ-25, Огород , Подхоз шағын ауданы елдi-мекендерiнде тұратын балаларды «Жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

ЩБКА дамыту бағдарламасы бойынша 2019 жылға Зеленый Бор с. — Мәдениет ауылы автожолын күрделi жөндеуге қаражат бөлiндi.

12. Жылу беру маусымына дайындық.

2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық кезеңiнде көп қабатты тұрғын үйлердiң жертөлелерiн жөңдеу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Нәтижесiнде келесi кемшiлiктер анықталды: үй-жайлар жертөлелерiнiң тиiсiнше күтiлмеуi, жылу желiлерiнiң бұзулуы, бекiткiш арматураны жөндеу және тексеру орындалмауы, кiр ұстағыштарды тексеру орындалмауы. Тексеру нәтижелерi бойынша анықталған кемшiлiктердi жоюға хабарлама таратылды.

Әлеуметтiк сала нысандары бойынша (3-мектеп, 3-медициналық пукт) елдi — мекендегi қазандықтардың жаңа жылу беру маусымына дайындықтары тексерiлдi. 2017 жылы шiлде–тамыз айларында "Өңiрлердi дамыту" бағдарламасы бойынша сомасы 14 053 732 млн. тг. Строительная көшесiнiң жылу және су құбыры желiлерiн күрделi жөңдеу, №10,11,12 үйлерге сомасы 5 040 884 тг жылу және су құбырына күрделi жөңдеу жүргiзiлдi. Мердiгер «Ресей»-ЖШС.

Сондай-ақ, Зеленый Бор с. қазандыққа ағымдағы жөңдеу жүргiзiлдi. Бiр қазандық ауыстырылды, екi трансформаторды, екi желiлiк сорғыларды, кабельдердi ауыстыру жүргiзiлдi.

Зеленый Бор с. жылу беру маусымы 2017 жылдың 1 қазаныңда басталды. Температуралық режим сақталады.

13. Жем-шөп дайындау.

2017 жылға шөптiң қажеттiлiгi 5500 тоннаны құрайды, нақты 3300 тонна шөп дайындалды немесе жылдық жоспардын 60 %. Құрғақшылыққа байланысты жоспар бойынша шөп дайындау орындалған жоқ.

14. Халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарына және мүгедектерге

көмек көрсету.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлық шеңберiнде жеке кәсiпкерлердiң демеушiлiк көмектерiнiң есебiнен 94 бiрiншi және екiншi топ мүгедектерiне және 455 зейнеткерлерге көмек көрсетiлдi.

Көмек азық-түлiк және сыйлық жиынтықтарымен, қайырымдылық аспен көрсетiлдi.

Әкiмшiлiк мамандары мен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ассистент бiрлесiп 797 отбасылармен әңгiмелесулер өткiздi. 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап еңгiзiлетiн жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi ресiмдеу бойынша түсiнiктемелiк жұмыстар жүргiзiлуде.

«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызметiне сәйкес 14 тұлғаға сырқаты бойынша материалдық көмек көрсетiлдi.

15. Денсаулық сақтау саласы.

Зеленый Бор селосында дәрiгерлiк амбулатория жұмыс жасайды. Науқастарды үш дәрiгер қабылдайды. Қымызынай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарында медициналық пунктер жұмыс iстейдi.

Азаматтардың құқықтарын, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселесi әкiмдiктiң ерекше назарында. Учаскелiк инспектормен бiрге отбасылық қарым — қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың, ұрлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Сондай-ақ, жүргiзiлген жұмыстармен қатар түйiткiлдi мәселелердi де атап айтқым келедi:  — Зеленый Бор — Мәдениет бағытындағы жолдың учаскесiн жөндеу;

-бұрынғы құс фабрикасы, қазандық, диiрмен, аналық цех аумақтарын тегiстеу;

-парктегi ағаштарды кесу және фонтанды жөндеу;

-сумен жабдықтаудың балама көзi ретiнде Зеленый Бор с. сорғы станциясын қалпына келтiру.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 11:08
Жаңартылған күні: 05.01.2018 11:08
Қараулар: 488