«Зеленобор ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға міндеттері туралы» Зеленобор ауылдық округі әкімі Д.К. Жабагинның есебі

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жыл сайынғы Жолдау аясында Қазақстанның табысты дамуының прогресiн атап өттi және жаңа мiндеттер қойды. Басты басымдық — қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi, ал бұл-табыс пен тұрмыс сапасының артуы.

Ауылдық округ әкiмi аппаратымен 2018 жылы бiршама жұмыстар атқарылды. Жеке және заңды тұлғалардың 118 өтiнiшi қаралды. 171 нормативтiк — құқықтық актi қабылданды. 96 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Барлығы 573 әскери мiндеттiлер мен 95 әскерге шақырылушылар есепте тұр. 2018 жылдың көктемгi және күзгi шақырулары өткiзiлдi, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде 9 әскерге шақырылушылар қызмет өткеруде.

1.Инвестицияларды тарту.

Өткен кезеңдегi инвестицияның динамика көлемi жыл сайынғы оң үрдiсiне ие. Жеке кәсiпкерлермен және шаруа қожалықтарымен тракторларға, комбайндарға қосалқы бөлшектер алынды. «Агроинвест-2015» ЖШС-гi цех үшiн жабдықтар, жем-шөп, қосалқы бөлшектер сатып алды.

2.Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға А.А. Кусаинов, К.М. Жансарин, А.М. Рыспекова, Ж.Н. Сарсембеков, Е.Б.Сатыбалдинов, А.А.Сапарова, Д.С. Иматаев кредит алып iрi қара мал басын және оларды ұстауға арналған жем-шөп сатып алды..

«Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша округтiң 13 тұрғыны оқытылды. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға мемлекеттiк гранттарды 3 адам алды.

3. Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту

2018 жылы 62 тұрақты және 7 уақытша жұмыс орындары ашылды.

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 4 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 2-топтағы бiр мүгедек.

Қоғамдық жұмыстарға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне жүгiнген жұмыссыздардың iшiнен 7 адам тартылды.

4. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салынатын базаны кеңейту

2018 жылға арналған салық жоспары 5 миллион 808 мың теңгенi құрады.

Нақты 13 миллион 012 мың теңге сомасына салық жиналды. Жер салығы 1 миллион 783 мың теңге, мүлiк салығы 165 мың 500 теңге, көлiк салығы 5 миллион 766 мың теңге, кәсiпкерлiк қызметтен салық 5 миллион 297 мың теңге құрады.

5. Жер қатынастарын реттеу

Ауылдық округ әкiмiнiң аппаратымен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмiн алу үшiн азаматтарды кезекке қою жүргiзiледi.

Жер телiмдерiн алу үшiн кезекте барлығы 763 өтiнiш берушi тұр: - Зеленый Бор с. — 568 адам; - Молбаза а. — 153 адам; - Қымызынай а. — 11 адам; - Подхоз ш.а. — 31 адам.

Бұл тiзiм Бурабай ауданы әкiмiнiң сайтында орналастырылған. Жер учаскелерiн бөлу ережесi және кезекте тұрғандар тiзiмi ауылдық округ әкiмi аппараты ғимаратындағы стендте орналастырылған.

Бұрын бөлiнген және қолда бар жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi бойынша — Бурабай ауданының құрылыс бөлiмiмен сумен жабдықтау, кәрiз, электрмен жабдықтау құрылысына сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама дайындалды.

6. Жергiлiктi қоғамдастықпен өзара әрекеттесу

2018 жылы 5 жергiлiктi қоғамдастық жиыны өткiзiлдi. Онда көшелердi жарықтандырудың ай сайынғы төлемiне ақша қаражатын бөлу, Зеленый Бор селосының санитариясы және абаттандыру, жер комиссиясының құрамына жергiлiктi қоғамдастық өкiлiн жiберу, 2019-2021 жылдарға арналған Зеленобор ауылдық округi әкiмi аппаратының бюджетiн бекiту туралы мәселелер қарастырылды.

7. Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстар

Елдi мекендердi абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық кезеңiнде апта сайын «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлдi, 7 сенбiлiк ұйымдастырылды, оған 296 адам қатысты. 190 тонна қоқыс шығарылды, 10 түп көшеттер мен ағаштар отырғызылды, дүкендер мен кәсiпорындарды сырт жағынан жөндеу, ағаштарды кесу, аялдамаларды әктеу, гүлдер отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi. 7 стихиялық қоқыстарды жою жұмыстары жүргiзiлдi, 100 тонна қоқыс шығарылды.

Есептi кезеңде «Ветсервис» ШЖҚ МКК (шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын) жалдау бойынша қызметкерлерiмен саны 26 бас қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары жүзеге асырылды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

- Мәдениет ауылының Жақашев көшесiнде сыртқы жарықтандыру желiлерiн ағымдағы жөндеуге 2 273 625 теңгеге сметалық құжаттама әзiрлендi. Конкурстық рәсiмдер өткiзiлдi, әлеуеттi мердiгер анықталды. Жұмыстың аяқталу уақыты 2018 жыл желтоқсан.

 — Зеленый Бор ауылының футбол алаңының спорт алаңын абаттандыру бойынша 9 млн. 190 мың 192 теңгеге, Н.П.Цой көшесiн абаттандыруға жалпы сомасы 7 569 284 теңгеге, Зеленый Бор селосындағы көшелердi ағымдағы жөндеуге 14 601 466 теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар әзiрлендi. 2019 жылға қаражат бөлу үшiн бюджеттiк өтiнiм берiлдi.

- Қымызынай ауылының бас жоспарының жобасы әзiрлендi.

8. Жол желiлерiн дамыту бойынша жұмыстар, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке жеткiзу

Автобус көлiгiнiң қозғалысы Щучье қаласынан Зеленый Бор селосына дейiн 40 минуттық аралықпен тұрақты жүрiп отырады. Қымызынай, Мәдениет, Жаңаталап ауылдарына жолаушыларды тасуды маршруттық такси жүзеге асырады.

Әкiм аппаратымен Молбаза, Қымызынай, СПЧ-25, Огород, Подхоз шағын ауданы елдi-мекендерiнде тұратын балаларды «Жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» мемлекеттiк қызмет көрсетiледi

Зеленый Бор ауылының Сарыарқа, Садовая көшелерiне, Жаңаталап а. — Мәдениет а. автожол учаскесiне қиыршық тас төгiлдi.

2019 жылға ЩБКА (Щучье Бурабай Курорттық аймақ) дамыту бағдарламасы бойынша Зеленый Бор с. — Мәдениет а. автожолын орташа жөндеуге қаражат бөлу жоспарланған. 2018 жылы ЖСҚ-ға (жобалау сметалық құжаттама) түзету жүргiзiлдi.

9. Жылу беру маусымына дайындық

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымына дайындық кезеңiнде көп қабатты тұрғын үйлердiң жертөле жайларын тексеру жұмыстары жүргiзiлдi. Нәтижесiнде мынадай кемшiлiктер анықталды: жертөле үй-жайларын тиiстi деңгейде ұстамау, желiлердi жылу оқшаулаудың бұзылуы, бекiту арматурасын тексеру және жөндеу орындалмаған. Тексеру нәтижесi бойынша анықталған кемшiлiктердi жою туралы хабарламалар таратылды

2018 жылдың шiлде — тамыз айларында Зеленый Бор ауылындағы қазандықты ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi. Үшiншi қазандық орнатылды, желiлiк сорғы, желдеткiш, кабель ауыстырылды. Зеленый Бор с. жылу беру маусымы 2018 жылдың 5 қазаныңда басталды. Температуралық режим сақталады.

10. Жем-шөп дайындау

2018 жылға шөп қажеттiлiгi 5500 тоннаны құрайды, нақты 3100 тонна шөп дайындалды немесе жылдық жоспардың 56%. жаз жауын-шашынды болуына байланысты жоспар бойынша шөп дайындау орындалған жоқ.

11. Халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарына және мүгедектерге көмек көрсету

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айлық шеңберiнде ауылдық округтегi 520 зейнеткерлер мен мүгедектерге қолдау көмек көрсетiлдi.

Ұйымдармен және кәсiпорындармен — 262 мүгедектер мен зейнеткерлер, кәсiпкерлердiң демеушiлiк көмегi есебiнен әкiмшiлiкпен 258 адам қамтылды. Көмек азық-түлiк және сыйлық жиынтықтарымен, қайырымдылық аспен көрсетiлдi.

Әкiмшiлiк мамандары мен «Жана форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек» бағдарламасы бойынша ассистентiмен бiрлесiп 461 отбасылармен әңгiмелесулер өткiздi. 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап еңгiзiлетiн жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi ресiмдеу бойынша түсiнiктемелiк жұмыстар жүргiзiлуде. Барлығы 101 адамнан тұратын 26 отбасы ресiмделдi.

«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк қызмет бойынша 25 тұлғаға материалдық көмек көрсетiлдi.

12. Денсаулық сақтау саласы

Зеленый Бор селосында дәрiгерлiк амбулатория жұмыс жасайды. Науқастарды үш дәрiгер қабылдайды. Қымызынай, Жаңаталап, Мәдениет ауылдарында медициналық пунктер жұмыс iстейдi.

Азаматтардың құқықтарын, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселесi әкiмдiктiң ерекше назарында. Учаскелiк инспектормен бiрге отбасылық қарым — қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың, ұрлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Жүргiзiлген жұмыстармен қатар проблемалық мәселелер де бар:

-Молбаза, Қымызынай, Жаңаталап ауылдарын сумен қамтамасыз ету;

-Молбаза, Қымызынай, Жаңаталап ауылдарын жарықтандыру;

 — Зеленый Бор — Мәдениет бағытындағы жолдың учаскесiн жөндеу;

 — бұрынғы құс фабрикасы, қазандық, диiрмен, аналық цех аумақтарын тегiстеу;

 — парктегi ағаштарды кесу және фонтанды жөндеу.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:29
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:29
Қараулар: 140