«Щучинск қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы» Щучинск қаласының әкімі Б.С. Махметовтың есебі

Құрметтi жерлестер!

Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкiмiнiң аппараты өз жұмысын халықтың әлеуметтiк — демографиялық құрамын, экономикалық белсендiлiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасы негiзiнде жоспарлайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру, мемлекет басшысының, облыс және аудан әкiмдерiнiң тапсырмаларын орындау мақсатында дербес бөлiмдермен және мемлекеттiк коммуналдық қызметтермен тығыз жұмыс жасайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Щучинск қаласы тұрғындарының саны — 46 805 адамды құрады.

Экономикалық белсендi тұрғындар — 34 123 адам, оның iшiнде жұмыс iстейтiндер — 28 701 адам, қаладағы зейнеткерлер саны — 9 722 адам, әртүрлi топтағы мүгедектер — 1 477 адам.

Тiркеуде тұрған әскери мiндеттi шақырылушылар — 3213 адам. Қала әкiмдiгi қызметiнiң маңызды құрамдас бөлiгi азаматтарды жеке қабылдау, азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеу болып табылады. Есептi кезеңде азаматтарды жеке қабылдауда мен 38 азаматтың өтiнiшiн қарадым. Барлық өтiнiштер қанағаттандырылды. Қабылдау бекiтiлген кестеге сәйкес жүргiзiледi. Күндерi мен сағаттары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға жеткiзiлдi.

Жыл басынан бастап әкiм аппаратында азаматтардың 207 өтiнiш тiркелдi, оның 98-i тұрғын үй-коммуналдық, 76-сы жер пайдалану сипаттарында, басқа мәселелер бойынша — 33 өтiнiш. 145 шағым қанағаттандырылды.

Өнеркәсiп

Стратегиялық мiндеттердiң бiрi индустриялық-инновациялық даму болып табылады. 2019 жылы 19,0 млрд теңгенiң өнеркәсiптiк өнiмi өндiрiлдi. Өнеркәсiп өнiмi нақты көлемiнiң индексi 106% құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 млрд теңгеге артық.

Өндiрiс көлемiнiң өсуi өнiмдеу өнеркәсiбi, оның iшiнде тағам өнiмдерiнiң өсуi есебiнен қамтамасыз етiлдi.

Қаланың негiзгi өндiрiстiк кәсiпорындары өнеркәсiптiң өсуiн қамтамасыз етедi — «Вагон жөндеу депосы» ЖШС, «Бурабай локомотивтер жөндеу депосы» ЖШС, «Бота-2015» ЖШС, «Айна» ЖШС, «Ет өнiмдерi» ЖШС, «ОСКО» ЖШС, «Хоттей» ЖШС, «Щучинск ет комбинаты» ЖШС.

Инвестиция тарту

Экономиканың өсуi резервтерiнiң бiрi шағын және орта бизнестi одан әрi дамыту. Жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпорындардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 3% өстi және 4 549 бiрлiктi құрады.

Щучинск қаласы бойынша салынған инвестициялардың жалпы мөлшерi 24,2 млрд. теңгенi құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7% -ға немесе 1,7 млрд. теңгеге көп.

Өсiм «Бизнестiң жол картасы — 2020» мемлекеттiк бағдарламасы есебiнен болып отыр, бұл шағын және орта бизнеске мемлекеттiк субсидиялаумен қосымша кредит тетiгiн бередi.

Бизнестi дамыту үшiн «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры жалпы сомасы 14,2 млн. теңгеге кепiлдемелер бойынша 4 кепiлдiк бердi, қорды кепiлдендiру бойынша берiлген кредиттердiң жалпы сомасы 46,0 млн. теңге. 7 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, Бағдарлама аясында кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң бiр бөлiгiн субсидиялау бойынша 8 жоба мақұлданды. Кредиттiң жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгенi құрайды. 32 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Шағын кредиттеу жүйесi бойынша қаланың жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл iшiнде 39,0 млн. теңгеге кредит берiлдi, 10 жұмыс орны ашылды. 9 жоба мақұлданды.

Инвестициялық жобалар

2019 жылдың қорытындысы бойынша қалада 56 коммерциялық мақсаттағы нысан пайдалануға берiлдi, оның iшiнде: 28 сауда-саттық объектiсi, 14 өнеркәсiп-өндiрiстiк объектi, 8 тұтынушыларға қызмет көрсету және 6 қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 156 жұмыс орны құрылды. Жалпы сомасы 983,9 млн. теңгенiң жобалары пайдалануға берiлдi.

Болашақта қалада үш iрi инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлап отыр: минералды су құю және пластмасс шығару бойынша зауыт салу — инвестор «Минеральные источники» ЖШС; белсендiрiлген көмiр өндiретiн зауыт салу — инвестор «Charcoal Burabai» ЖШС; трактор шығаратын зауыт салу — инвестор «Т-700» ЖШС.

2019 жылы iске қосылатын ең iрi объектiлер:

1. «KazBif Processing» ЖШС ет өңдеу кәсiпорыны, ет өңдеу цехының қуаттылығы жылына 10 мың тоннаға дейiн iрi қара мал етiн қайта өндеудi құрайды. 70 жұмыс орны құрылды. Инвестиция сомасы 524,0 млн. теңгенi құрды.

2. Щучье шипажайында Ақ-Желкен пансионаты жалпы алаңы 1463 ш.м., 36 адамға арналған көру алаңы бар туристiк спорт базасы болып қайта жаңартылды. Тапсырыс берушi»Азия Минералс» ЖШС, инвестиция сомасы — 109,9 млн. теңге. 47 жұмыс орны құрылды.

3. 350 орындық «Экспресс» қонақ үй кешенi пайдалануға берiлдi. Иесi: ЖК З.Б. Велиев. Инвестиция сомасы — 270,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

Шағын және орта бизнес саласында сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерi «Шоколадница» дүкенi, «Vega» дүкенi, «Светофор» супермаркеттер желiсi, «Belita» сауда үйi, «Loft-101» монша — қонақ үйi, «SPA 808» моншасы, «Асқар Тау» бизнес орталығы, «Nomad» жатақханасы пайдалануға берiлдi. Бүгiнгi таңда барлық нысандар сәттi жұмыс iстеуде.

Қала бюджетi

Қаланың экономикалық әлеуетi 595,7 млн. теңге сомасында салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға мүмкiндiк бердi.

ЖТС — 358,5 млн. теңге.

Мүлiк — 8,0 млн. теңге.

Жер салығы — 58,2 млн. теңге.

Заңды тұлғалардан көлiк салығы — 19,3 млн. теңге.

Жеке тұлғалардан көлiк салығы — 144,5 млн. теңге.

Көрнекi жарнаманы орналастырғаны үшiн салық — 6,1 милн. теңге.

Айыппұлдар — 511 700 теңге.

Тұрғын үй құрылысы

Мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарлама аясында, тұрғын үй алуға кезекте тұрған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге және азаматтардың жекелеген санаттарына арналған, Ботаническая көшесiнiң бойында 45 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Қосымша Заречный ықшам ауданы, 1- желi, 101 В учаскесiнде 5 қабатты тұрғын үй, сондай-ақ Экспедиция ауданында, Геологическая-Қанай-Би көшесiнде үш 5 қабатты үй салуға жоба-сметалық құжаттама әзiрленуде.

Бiлiм беру

Бiлiм берудiң атқарушы органдарының жұмысындағы басты басымдық мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1 жастан 6 жасқа дейiнгi және 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың үлесiн арттыру болып табылады, олардың қамтылуы 100% құрайды.

Қала аумағында 11 балабақша орналасқан, оның iшiнде 8 — жеке меншiк, 3 — мемлекеттiк. 10 — жалпы бiлiм беру мекемелерi және екi қосымша бiлiм беру ұйымы «Арман» орталығы, «Балалар өнер мектебi». Оқушылардың жалпы саны — 8093. Мұғалiмдердiң саны — 477.

1-ден 4-ке дейiнгi сынып оқушылары тегiн ыстық тамақпен қамтылған. Аз қоныстанған елдi мекендердiң оқушыларын қаланың орта мектептерiне тасымалдау күн сайын жүзеге асырылады.

Есептi жылы қаланың барлық мектептерiнде, екi балабақшада және екi мектептен тыс мекемеде ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi (сырлау, ақтау). Ағымдағы жылға № 5 және № 6 орта мектепте жалпы сомасы 8,0 млн. теңгеге күрделi жөндеу жоспарланған.

Мәдениет

Мемлекеттiк тiлдi, ұлттық мәдениеттi және жоғары рухты дамыту мәдени игiлiк негiзiнде жатыр және маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады. Жыл сайын қазақ тiлiн меңгерген адамдар саны артып келедi, соңғы бес жылда бұл көрсеткiш үштен бiрге артып, 79%-ды құрады. Бұл үшiн барлық жағдай жасалған, мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргiзiлуде. Жергiлiктi газетте қазақ тiлiн оқыту бойынша апталық айдар ашылды. 2019-2020 оқу жылында тiлдердi оқыту орталығының тыңдаушыларының саны 327 адамды құрады, оның iшiнде 315 — қазақ тiлiн оқыту топтарында, 12-ағылшын тiлiн оқыту топтарында.

Республикада орын алған идеологиялық жұмыс пен ауқымды бiлiм берудiң тұғырнамасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы болып табылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында күнтiзбелiк және кәсiби мерекелер, оның iшiнде Қазақстан халқы тiлдерiнiң фестивалi, Славян жазуы мен мәдениетi күнi, Алғыс айту күнi және т.б. өткiзiлдi. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бiздiң өлкемiздiң жазушылары мен ақындарының (Көбенов Нұрмияш, Оңалбек Кенжебек, Садуақасов Төртай және т. б.) кiтаптарын цифрландыру бойынша «Өлке әдебиетi — электрондық форматта. Электрондық форматтағы өлкетану әдебиетi» инновациялық жобасы жоспарланған.

Мәдениет саласы «Туған жер», «Қазақстанның рухани қасиеттi жерлерi, Қазақстанның киелi географиясы», «Ауыл — ел бесiгi» арнайы жобаларына және «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақала аясындағы iс-шараларға сәйкес жұмыс жүргiзедi. 2019 жылы барлығы 15 iс-шара iске асырылды.

Денсаулық сақтау

Қаладағы демографиялық жағдай тұрақты болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша туу көрсеткiшi 714 жаңа туған баланы құрады.

Өлiм 681 адамды құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда өлiм 6% — ға немесе 44 адамға төмендедi.

191 онкологиялық науқасқа 6,7 млн. теңге сомасында жәрдемақы төлендi. Онкология ауру-сырқауы бойынша барлығы 1156 адам есепте тұр. Науқастар хирургиялық, сәулелiк және химиотерапиялық емдеуден өтедi.

Туберкулезбен ауыратын 70 адамға 2,4 млн. теңге сомасында жәрдемақы төлендi. Науқастар амбулаториялық және стационарлық емдеуден өтедi.

Әлеуметтiк қорғау

Жыл қорытындысы бойынша 318 отбасы — 1524 адамға 34,6 млн.теңгеге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi. Тұрғын үй көмегi — 134 отбасы — 171 адам, 3,4 млн. теңге сомасына. Мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету — 28 бала,1,2 млн.теңге сомасына.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту

«Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасы» бойынша Щучинск қаласында жыл қорытындысы бойынша 808 жұмыс орны, 14 әлеуметтiк жұмыс орны құрылды, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың — 346 отбасы — 1602 адам жұмысқа орналастырылды.

Кадрларды қайта даярлауға жiберiлдi — 150 адам.

Мүгедектер жұмысқа орналастырылды — 25 адам.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнде есепте тұрған тұлғалар; жұмысқа орналастырылды — 8 адам.

Жұмыссыздықтың тiркелген деңгейi 0,3% құрайды. Жұмыспен қамту органы арқылы барлығы 686 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде жұмыссыздар 114 адам.

Абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргiзу

Жыл сайын абаттандыру және санитарлық тазалау аясында келесi жұмыстар жүргiзiледi: шөп шабу, стихиялық қоқыс үйiндiлерiн жою, гүлзарлар мен гүлдiктердi жайластыру және күтiп ұстау, ағаштарды қырқу, құлату, санитарлық қалыптау қиюы. Көшенi жарықтандыруына техникалық қызмет көрсету. Бiлiм беру мекемелерiнiң жанында жол-көлiк оқиғасына жол бермеу және криминогендiк жағдайды төмендету мақсатында, Абылайхан көшесiнде (3 мектеп ауданы) жалпы ұзындығы 600 метр көше жарықтандырудың 14 жарықдиодты шамы орнатылды. Елдi мекендердi санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру айлығы аясында апта сайын таза бейсенбiлiктер, сенбiлiктер өткiзiлдi. 2019 жылдың басынан бастап қала бойынша барлығы 25 сенбiлiк және таза бейсенбiлiк өткiзiлдi. 2019 жылы абаттандыру ережелерiн сақтау аясында 1317 хабарлама берiлдi, абаттандыру ережелерiн бұзғаны үшiн ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлiмi бойынша жалпы сомасы 750 188 теңгеге 34 әкiмшiлiк айыппұл салынды. Бұл жұмыс 2020 жылы жалғасатын болады.

Коммунистическая, Трудовая, Едомский, Абылайхан, Уәлиханов, Шевченко, Киров көшелерi бойынша автомобиль жолдарын қардан және мұздан тазалау жұмыстары басталды.

Қаланың 10 көшесiнде, автобус аялдамаларында, жаяу жүргiншiлер жолдарында, көпiрде (Нұр-Сұлтанға шығу), Уәлиханов, Абылайхан көшелерiне көтерiлуде жол жабынына тайғаққа қарсы материалдар себу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, 50 тоннадан астам инерттi материал пайдаланылды.

Қала алаңын қардан тазалау жұмыстары жүргiзiлдi, онда 60 м3 астам қар шығарылды, бұл жұмыс жалғасуда.

Су тасқынына қарсы кезеңге дайындық мақсатында жалпы ұзындығы 7000 п.м. су өткiзу науаларын тазалау жұмыстары жүргiзiлдi.

Қазiргi уақытта «Тазалық Сервис» коммуналдық кәсiпорынымен жедел әрекет ету үшiн 8 бiрлiк техника дайындалды, оның iшiнде 1 — МТЗ — щетка, 1– автогрейдер, 2 — «Камаз», 1 — Т- 40, 2 — жүк тиегiш, 1-құм шашқыш.

Жол желiсiн дамыту бойынша жұмыстар

2019 жылдың қорытындысы бойынша жазғы кезеңде Щучинск қаласы бойынша жолдардың шұңқырларын жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргiзiлдi, орындалған жұмыстардың жалпы көлемi 4800 ш.м. құрады: Әуезов, Абылайхан, Едомский, Мичурин, Морозов, Айнакөл көшелерi. Әуезов, Абылай хан, Едомский, Мичурин, Кенесары, Морозов, Нұрлыжол көшелерi бойынша автомобиль жолдарын белгiлеу жұмыстары жүргiзiлдi. Луначарский, Интернациональная, Елемесов, Ломоносов, Алаш, Оқжетпес, Табиғат, Лесная, Степная, Шоссейная, Пугачев, Толкунов көшелерi бойынша жалпы мөлшерi 9350 м3 инерттi материалдарды (ұсақ тас) қоса отырып, жол төсемдерiн көлденеңiнен пiшiндеу бойынша жұмыс жүргiзiлдi.

Сондай-ақ, қаланың 19 көшесiнде материалдарды қоспай көлденеңiнен кескiндеу жүргiзiлдi. Жалпы ұзындығы 4400 қ.м. көшелердегi, саябақтардағы және шағын бақтардағы науаларды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргiзiлдi.

Биылғы жылы мемлекеттiк жеке меншiк серiктестiк аясында жолдарды күрделi жөндеу жобасын iске асыру басталады, 7 қалалық жолды жөндеу жоспарлануда: Паровозная, Маяковский, Железнодорожная, Набережная, Войков, Горная, Рабочая, жалпы ұзындығы 8,7 км.

Сондай — ақ ағымдағы жылы қаланың 11 жолын орташа жөндеуге қосымша 500,0 млн. теңге бөлiнетiн болады, олар: Елемесов, Октябрьская, Киров, Көктау, Интернациональная, Торғай, Парковая, Уалиханов, 2-Звездная көшелерi және Щучье шипажайы кентiне кiру, барлық көшелердiң жалпы ұзындығы — 15,5 км.

Щучинск қаласын дамыту бойынша жобалар

Ағымдағы жылы келесi жобаларға жоба-сметалық құжаттама әзiрлеу және ведомстводан тыс сараптама жүргiзу жоспарлануда: Заречный ықшам ауданы, 1-желi, 101 Б учаскесiнде 5 қабатты көп пәтерлi тұрғын үйге телефондандыру желiлерiн салу. Геологическая көшесiнiң қиылысындағы, Қанай-Би көшесiнiң бойындағы үш 5 қабатты көп пәтерлi тұрғын үйге жылу, электр, суқұбыры желiлерiн және су бұру желiлерiн салу, сондай-ақ аумақты абаттандыру, жарықтандыру және телефондандыру желiсiн салу.

«Щучинск қаласында 8 көшесiнiң бойында: Сейфуллин — 3321м., Амангелдi — 2593м., Шоссейная — 2939м., Мичурин — 1502м., Морозов — 1392м., Уалиханов — 1368м., Трудовая — 3239м., Коммунистическая — 1509м «Көше жарықтандыруын салу» жобасын iске асыру аяқталуда.

Құрметтi Щучинск қаласының тұрғындары!

Бiз қаланың әлеуметтiк-экономикалық дамуында белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiздiк.

Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын құру, көгалдандыру және көркейту, бiлiм беру және денсаулық сақтау жүйесiн жетiлдiру — осы факторлардың барлығы Қазақстан халқының өмiр сүру деңгейiн сапалы жақсарту бойынша Президент Жолдауын iске асырудың ең басты мақсаты.

Назарларыңызға рахмет!

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 15:57Жаңартылған күні: 30.12.2019 15:57Қараулар: 75

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қаңтар, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77