Наурызбай батыр ауылының әкімі Г.Б. Джуматаеваның «Наурызбай батыр ауылының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға қол жеткiзу» мақаласында, Ұлт жоспарының «100 нақты қадам», 5-институтционалды реформаның орындалуы жайында, тәжiрибе жүзiнде iске асырылып жатқанын атап өттi.

Наурызбай батыр ауылында, үстiмiздегi 2017 жылда, Президентiмiздiң тапсырмасы және аудан әкiмiнiң қадағалауы мен, ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуына байланысты, көптеген ауқымды iстер атқарылды.

1.Инвестиция тарту

2017 жылы «Бидайык» ЖШС 3 млн 500 мың тенге жем тезелайтын машина алды.

«А-Лига НС» серiктестiгi 4 бiрдей егiн себу кешенiн және ауылшаруашылығы техникаларымен толықтырылды.

2. Мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру.

«Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға» арналған бағдарламасы бойынша ЖК «Батыров» мал шаруашылығын дамыту үшiн 3 млн.400 мың тенге несие алып, 18 бас қара мал сатып алынды, 2 адам жұмысқа орналастырылды.

3. Жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықты қысқарту.

Жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздықты қысқарту мәселесi бойынша ауылшаруашылығы құрылымдарының, басшыларымен келiссөздер жүргiзудемiз. 2017 жылы «А-Лига-НС» ЖШС 12 жұмыс орнын құрды, олардың саны егiн ору науқанында көбейе түседi. Ауылда 33 мүгедек тұрады, оның iшiнде еңбекке жарамды 20 адам. Жұмысқа орналасқандар саны 2 адам. Жазғы кезенде жұмысқа орналасу саны көбейдi.

4. Төленетiн орташа айлықтың өсiмi

Ай сайын төленетiн еңбек ақыны өсiру жөнiнде, серiктестiк және шаруа қожалықтарының басшыларымен келiсiмдер жүргiзiлдi. Ауыл бойынша орташа еңбекақы 77 450 теңгенi құрайды.

5. Салық жинау және өзге де төлемдер, салықпен байланысты жүйенi кеңейту.

Салық жинау және өзге де мiндеттi төлемдер қалыпты жүргiзiлуде.Өткен жылы 1 млн 351 929 теңге көлiк салығы жиналды.

6. Жер қатынастары мәселесiн реттеу

Ауыл аумағында 4-ЖШС және 7 шаруа қожалығы тiркелген. Серiктестiктер iшiнде толық көлемде жердi пайдаланбай отырған, «Достық КАИ» ЖШС. Алдағы уақытта жердi керi қайтару жөнiнде iс-әрекеттер жүргiзiлуде. Ауыл бойынша жер учаскелерiне кезекке тұрғандар жоқ.

7. Жергiлктi қоғамдық қауымдастықпен қарым-қатынас

2017 жылы жергiлiктi қауымдастықтың жиналысы өтiп, аббаттандыру, елдi мекендердiң санитарлық тазалау бойынша маңызды шешiмдерi қабылданды.

8. Жергiлiктi қауымдастықпен бiрге қазынаны толтыру

Қазынаны толтыруға жағдайымыз болмай тұр, жарнама мүлде жоқтың қасы, ЖШС және шаруа қожалықтары, қаржы қиыншылығына тап болғандықтан, арнайы төлем жасауға келiспейдi. Мекен жайды немесе бөлмелердi жалға беруден, аса кiрiс жоқ себебi пошта қызметi және кiтапхана жалға көмiрмен төлесе, ветеринар дәрiгерлер екi бөлменi пайдаланып отырып жалға төлемейдi, елдi мекеннiң малдарына қызмет көрсетiп отырғандықтарымен түсiндiредi.

9. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамсыз ету

Бүгiнгi күнi Наурызбай батыр ауылында су құбыры жоқ. Ауыл тұрғындары iшуге бес құдық сумен қолданады, сонымен қатар мал суаруға үш ұнғыма бар. Қазiргi уақытта «Кокшетау Гидрогеология» ЖШС жер асты су қорларын анықтау үшiн iздестiру — барлау жұмыстарын атқарып жатыр. Пайдалы қазбалар қорлары жөнiнде қорытынды алғаннан кейiн су құбыры жерлерiнiң құрылыс жұмыстары бойынша ЖСК әзiрлеуiн жалғастырамыз.

10. Елдi-мекендi абаттандыру, тазалық сақтау, көгалдандыру, жарықтандыру

Көктемгi-күзгi санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша сенбiлiктер мен «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлдi. Оған мектеп, ФАП, әкiм аппартының жұмысшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Аббатнадыру аясында сенбiлiк өткiзу кезiнде 300 тонна қоқыстар мен үйiндiлер төгiлiп, гүлдерге арналған клумболар отырғызылды, қоршаулар мен столбылар ақталып сырланды, жыл сайын үйлердiң қоршаулары жаңартылуда.

2016 жылы жарықтандыру үшiн, техникалық шарттарына өтiнiм берiлiп, дайын болды. Қазiргi кезде ЖШС «Капитал Строй Прект» сметалық құжаттарын әзiрлеуде, құны 280 мың теңге.

11. Жол жүру жұмыстарын дамыту, қоғамдық көлiкпен қамту, мектепке дейiн оқушыларды тасымалдау

Аудан орталығына қатынайтын жолдарымыз, 2011 жылы күрделi жөндеуден өттi, жылда шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, жолды қадағалауда РСУ-16 мекемесi қамтамасыз етедi.

Қоғамдық көлiк кестеге сәйкес екi рет жүредi. Тасымалдап оқитын оқушылар ауылда жоқ.

12. Жылу беру маусымына әзiрлiк

Ауыл аумағында мектеп, фельдшерлiк пункт және әкiм аппараты сияқты әлеуметтiк сала объектiлерi бар. Барлық әлеуметтiк маңызы бар нысандар 2017-2018 жылғы жылыту маусымына дайын.

13. Мал азығын дайындау.

Қазiргi уақытқа 5925 тонна шөп әзiрлендi, жоспар бойынша 5925 тонна.

14. Мүгедектер және мүмкiндiгi шектеулi адамдарға, күн көрiсi төмен тұрғындарға көрсетiлетiн көмек.

Мүгедектер және әлеуметтiк аз қамтылған отбасыларына, жыл сайын көмектер көрсетiледi. «Өрлеу» жобасы бойынша 2017 жылы 4 жанұя қатысып, шартты ақшалай көмек алушылар болып табылады, 4 адам жұмысқа орналастырылды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жұмыс барысында ассистент 385 отбасымен консультация жүргiздi. 2018 жылдың 1 қаңтарыннан бастап АӘК жаңа форматын рәсiмдеу жөнiнде түсiндiру жұмыстары атқарылады. Қоғамдық жұмыстарға 3 адам тартылды. «Мектеп жол» акциясы өттi, 7 бiрiншi сынып оқушыларына мектеп керек- жарақтары табысталды. Акцияға «Бидайык» ЖШС-i, «Айгабақ» ЖШС-i, «ОРАЗ-2014» ЖШС-i, «А-Лига-НС» ЖШС-i, «Есiм» ЖҚ,

«Баян-слу» ЖҚ және ЖК «Боговик» қатысты.

Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау бойынша айлықты өткiзу кезеңiнде «Шын жүректен» атты концертi өткiзiлдi. Жататын зейнеткерлер мен мүгедектерге қажеттi көмек көрсетiлiп, азық-түлiк жиынтығы берiлдi.

15. Бағаны тұрақты ұстау.

Әлеуметтiк-мәндi бiрiншi қажеттiлiктiң тауарларына бағаны тұрақты түрде ұстау бақылауда. Ауылдың екi дүкенiнде «әлеуметтiк сөре» бар.

16. Денсаулық сақтау саласында кадрмен қамтамасыз ету мәселесi.

Ауыл орталығында фельдшерлiк пункт жұмыс iстейдi, мамандар жеткiлiктi, дәрiхана киоскiсi бар.

17. Алдағы кезеңге сметалық-құжаттарды әзiрлеу.

Сметалық-құжаттарды дайындау жұмыстарымен болашақта айналысамыз, 2018 жылы судың зерттеу жұмыстарын iске асырсақ, ауыз сумен тұрғындарды қаматамасыз ету үшiн, күрделi жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттарды әзiрлеймiз.

Мақалың шыққан күні: 05.01.2018 11:16
Жаңартылған күні: 05.01.2018 11:16
Қараулар: 340