Наурызбай батыр ауылының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға міндеттер туралы» Наурызбай батыр ауылыныңәкімі М.А. Баженовтің есебі

Наурызбай батыр ауылында 2018 жылы ел Президентi алға қойған мiндеттер мен Бурабай ауданы әкiмiнiң тапсырмаларын басшылыққа ала отырып Наурызбай батыр ауылын әлеуметтiк — экономикалық дамыту бойынша белгiлi бiр жұмыстар атқарылды.

Үй үйдә аралау қорытындысы бойынша ауыл аумағында тұрып жатыр — 1000 адам, ауыла — 224, жұмыспен қамтылған тұрғындар — 377, оның iшiнде өзiн жұмыспен қамтығандар — 65, зейнеткер — 108; мүгедектер — 33.

1. Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру.

Көмекқаржы бағдарламасы бойынша "Бидайык" ЖШС (басшысы Д.К. Есимов) гербицидтер сатып алуға — 1 млн. 348 мың 447 теңге, ауыл шарушылығы техникасын сатып алуға — 15 млн. теңге (9 "ОМИЧ" және СЗС-21.1 тұқым сепкiш) бөлiндi.

«Баян-Сұлу» шаруа қожалығы (басшысы А.С. Болыспаев) асыл тұқымды қазақ ақбасы тұқымының қарамалын сатып алуға СПК бағдарламасы бойынша 1 млн. 166 мың 400 теңге сомасына көмекқаржы алды.

«Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша А.М. Батыров оқыды және мал шаруашылығын дамытуға 2 млн. теңгеге шағын кредит алды (1 жұмыс орны ашылды).

Жыл барысында жеке сектордың малын бағу және мерзiмi жеткен мәселелер бойынша жиындар өткiзiлдi, үш жақты ұжымдық шарттар жасалды.

Әскери мiндеттiлердi есепке қою және есептен шығару, жасөспiрiмдердi әскери учаскеге тiркеу бойынша жұмыстар жүргiзiледi. Барлығы 81 әскери мiндеттi мен 15 әскерге шақыррушы есепте тұр. Көктемгi шару қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiне 4 шақрылушы жөнелтiлдi.

Тұрғындарды сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс.

Бүгiнгi күнi Наурызбай батыр ауылында суқұбыры желiлерi жоқ. Жер асты суымен толығатын бес шахталық құдық сумен жабдықтау көзi болып табылады, бұдан басқа мал суаруға 3 ұңғыма бар. Қазiргi уақытта «Кокшетау Гидрогеология» ЖШС жер асты су қорларын анықтау үшiн iздестiру — барлау жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Пайдалы қазбалар қорлары жөнiнде қорытынды алғаннан кейiн суқұбыры жерлерiнiң салуға ЖСК әзiрлеу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

Абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық аясында кенбiлiктер «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлдi, бағаналар мен дуалдар сырланды, бiрнеше гүлзар отырғызылды, ағаштар әктелдi, ауылдың көшелерi мен жолдарындағы шөптер шабылды. «Бидайык» ЖШС-ның, «Айгабак» ЖШС-ның, «Ораз-2014» ЖШС-ның күштерiмен және жеке тұлғаның (Г.П. Белик) жүк көлiгiмен мектептен, ФАП-тан және жеке тұрғын үйлерден шлак, қи, қоқысты шығару жүргiзiлдi.

Тамыз айында ауыл сыртындағы стихиялық күл-қоқыс төгiлген орындарды тазарту бойынша iс-шаралар өткiзiлдi. Ауыл тұрғындарының белсендi қатысуы мен қолдануының арқасында тұрғын үй аулаларынан шамамен 2400 куб қокыс пен қи шығарылды.

Жол желiлерiн дамыту , қоғамдық көлiктi, оқушыларды мектеппке дейiн тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар.

Аудан орталығына апаратын жол 2011 жылы жөнделген, қызмет көрсетушi ұйым РСУ-16 жыл сайын шұңқыр жөндеу жұмыстарын жүргiзедi. Қоғамдық автобус қозғалысының маршруты кестеге сәйкес, күнiне екi рет жүредi.

Мүгедектер мен халықтың әлеуметтiк әлсiз жiгiне көмек.

Жыл барысда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгiзiлген, АӘК рәсiмдеудiң жаңа форматы бойынша түсiндiрү жұмыстары тұрақты жүргiзiлiп отырылды. АӘК алушылыр — 13 отбасы, 76 адам.

Жұмыспен қамту орталығынан 5 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

Демеушiлiк көмек арқасында «Наурыз Мейрамы», «Қазақстан халықтарының бiрлiгi», «Жеңiс Күнi», «Балаларды қорғау күнi» мерекелерi өткiзiлдi. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әншi ауыл» концертi өткiзiлдi, онда қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрiн бiлгенi үшiн ауыл тұрғындарына аудан бойынша 1-орын үшiн диплом тапсырылды. Сондай-ақ ауыл тұрғындары «Бурабай ауданының 90 жылдығы» мерекесiн өткiзуге белсендi қатысты, жетiм балаларды мектепке дайындаудың қайырымдылық акциясы қолдау тапты.

2018 жылғы 12 қазанда Наурызбай батыр ауылында қарттар күнiне арналған «Қарттарым алтын қазынам» атты концерттiк бағдарламасы өткiзiлдi. Жатқан қарттарға кiрiп шығу ұйымдастырылды, азық-түлiк жиынтығын табыс етумен, үйдегi қажеттi көмек көрсетiлдi. Жалғыз басты зейнеткерлерге отын мен шөп алуға материалдық көмек көрсетiлдi.

Ауылдағы барлық iс-шаралар ауыл шаруашылығы құралымдары: «Бидайық» ЖШС-ның (Д.К. Есiмов), «Айғабақ» ЖШС-ның (Е.Т. Ермұқанов), «Ораз -2014» ЖШС-ның (С.С. Қасымов), «А- ЛИГА-НС» ЖШС-ның (Е.Т. Нұрашев), «Есiм» ШҚ-ның (Қ.Қ. Есимов), «Баян- Сұлу» ШҚ-ның (А.С. Болыспаев), «Шарафутдинов» ЖК-нiң, «Айбалтин» ЖК-нiң, «Боговик» ЖҚ-ның, «Асар» ШҚ-ның (Ш. Өтебаев) басшылары көрсеткен демеушiлiк көмектерi арқасында өткiзiлдi.

Бiлiм беру.

Наурызбай батыр ауылының орта бiлiм беру мектебiнде 73 оқушы оқиды, мектеп кадр қызметкерлерiмен толық қамтамасыз етiлген.

Мектеп жанында "Жұлдыз" мектепке дейiнгi шағын орталығы жұмыс iстейдi, толық күнге 14 бала барады, сондай-ақ балалар ойын алаңы бар.

Спорттық iс-шаралар өткiзiледi: мектеп командалары ауылдық және аудандық жарыстарға қатысады.

Әкiмдiк ғимаратында ауылдық кiтапхана жұмыс iстейдi, кiтап қоры 6385 дана кiтапты құрайды.Үнемi жаңа кiтаптар тұрақты түрде түседi. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi ересектер мен балаларға арналған журналдар мен газеттердiң баспа басылымдары түседi. Оқырмандардың кiтапханаға келуi жұмыс жоспарына сәйкес.

Құқықтық тәртiп.

Ауылдағы криминалдық жағдай қалыпты, әкiмдiктiң ғимаратында учаскелiк инспекторға телефоны байланысы және интернетке қосылған компьютерi бар кабинет бөлiнген.

Денсаулық сақтау.

Ауыл тұрғындарына орта буынның бiлiктi медициналық кадрымен қамтылған, фельдшерлiк-акушерлiк пункт қызмет көрсетедi. ФАП пунктының жанында медициналық дәрi-дәрмектiң үлкен сұрыпталымымен дәрiхана дүңгiршегi жұмыс iстейдi.

Ветеринарлық қадағалау.

IҚМ мен ұсақ мүйiздi малды сәйкестендiру толық жүргiзiлдi, мәлiметтерi компьютерлiк деректер базасына енгiзiлдi.

Ауыл шаруашылығы жануарларын дауалау бойынша профилактикалық iс-шаралар тұрақты негiзде жүргiзiледi, аптасына бiр рет құс тұмауымен ауру бойынша iшiнара аулаларды тексеру жүргiзiледi. Қаңғыбас иттердi ату жүргiзiлдi.

Мақалың шыққан күні: 22.01.2019 09:42
Жаңартылған күні: 22.01.2019 09:42
Қараулар: 777