Атамекен ауылдық округтің әкімі Д.Қ. Капезовтың «Аттамекен ауылдық округінің 2017 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында дағдарыс кезеңiнде қаражатты экономикалық өсiмдi қолдау мен кiшi және орта бизнестi дамытуға бағыттау қажет екендiгiн атап өттi. Бұл өз кезегiнде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкiндiк бередi. Бұл шаралар әрбiр қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмiр сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты өз жұмысын, мемлекет басшысы бекiткен бағдарламалық құжаттарды, облыс, аудан әкiмдерiнiң тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жоспарлап орындалады.

Атамекен ауылдық округiне 6 ауылдық мекен кiредi, 2060 адам турып, 592 ауладан тұрады. Еңбекке жарамды халық саны 1180, жұмыстағылар саны 648, зейнеткерлер саны 270.

Жұмыс жоспарына сәйкес, есептiк кезеңде тұрғындардың қатысуымен 12 жиналыс өткiзiлiп, ауылдың санитарлық тазалығы мен көркейту мәселесi, сумен қамтамасыз ету, мал жайылымдары және т.б. туралы сұрақтар қаралған.

Атамекен ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен 2017 жылдың iшiнде келесiдей жұмыс атқарылды: уақытылы қаралып, жауап қайтарылған 9 — заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерi қаралды, 6 –жеке тұлғаның, 3 — заңды тұлғаның өтiнiштерi. 63 — нормативтi-құқықтық актiлер қабылданды. 107 — мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Барлығы 301 — әскери мiндеттiлер, 70 әскерге шақырылушы ретiнде түркеуге алынған.

2017 жылдың iшiнде көктемгi және күздiк шақыру жұмыстары жүргiзiлдi, нәтижесiнде ҚР Қарулы Күштер қатарында -5 шақырылушы әскери мiндетiн атқаруда. Шақыртылу жасына қарай азаматтарды тiркеуге алу жұмыстары тұрақты негiзде атқарылады. Бүгiнгi күнде — 5 шақыртылушы жасөсiпiрiм есепке алынған.

Атамекен ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен келесiдей мемлекеттiк қызметер көрсетiлiп жұмыстар атқарылған: мектепке дейiнгi жастағы балаларды мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастыру -2, жалпы бiлiм беру ұйымдарына жеткiзуiн ұйымдастыру -42, 18 жасқа дейiнгi баладарға мемлекеттiк жәрдемақы алуды тағайындау — 4, мемлекет меншiгiндегi сатылымды (конкурсты, аукционды) талап етпейтiн жер телiмдерiне құқық алу — 52, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша жеке категориядағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк ақыларды тағайындау және төлеу — 5,.

1.Мемлекеттiк бағдарламалар.

«2017 — 2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы».

Бiрiншi бағыт бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» — 13 адам оқуды аяқтаған: газ электрмен дәнекерлеушi, ассистент тәрбиешiсi, шаштараз және тракторшы.

ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша бағдарламасының қатысушысы — 9 сынып түлегi Дранова Марина Анатольевна Көкшетаулық №1 лицейге оқуға түскен.

Екiншi бағыт бойынша

Мал шаруашылығын дамытуға арналған қаржыландыру қоры арқылы Қаражар аулының 2 тұрғыны несие алды  — Ақсали Бахытбек 3 млн.тенге және Ақсали Бағдат 2,2 млн.тенге.

Мал шаруашылығын дамыту мен ет бағыты бойынша басшысы О.В. Тишков «Щучинск — 2017» ауылшаруашылық кооперативiннiң құрамында тұратын 3 адам, Атамекен а. тұрғыны Какiм Ережеп, Қожақынқызы Өсерхан, Елемес Жайна несие алған.

Қаражар ауылының тұрғыны КТ «Степняк» арқылы мал шарушылығына бағытталған 1млн. 20 мың теңге көлемiндегi несие алып 6 — iрi қара мал басын сатып алған. СПК «Урумкай сүт» Атамекен және Қаражар ауыл тұрғындарынан сүт сатып алумен айналысады. Жаз уақытында сүт көлемi 500 литр құраған.

Үшiншi бағыт бойынша

«Жұмыссыздар мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» бойынша «Жаңажол- Агро» ШҚ — 1 әлеуметтiк жұмыс орны ашылған, қоғамдық жүмыстар бойынша — 4 адам жүмысқа орналасты.

2 мүгедек адам жұмыспен қамтылған. 27 — тұрақты жұмыс орындары құрылған.

2.Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинау жұмыстары, салық салу жүйесiн кеңейту.

Ауылдық округ әкiмi аппаратымен салық салу жүйесiн кеңейту мақсатында шаруашылық қожалықтарының және ЖШС басшыларымен жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесi бойынша жұмыс атқарылады.

Атамекен ауылдық округiн өзектендiру бойынша жұмыс атқарылады: Әдiлет органдарында тiркелмеген 46 — объектiлер анықталған, қазiргi уақытта 27 аяқталды.

3. Жер қатынастар мәселесiн реттеу.

Атамекен ауылдық округi әкiмiнiң аппаратымен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру үшiн тұлғаларды кезекке тұрғызу жұмыстары жүргiзiлуде.

Жер учаскелерiн алуға барлығы 27 арызданушы тiзiмде алынған:

Жыл сайын, мақсатсыз пайдаланылған жер учаскелерiн анықтау, және мемлекеттiк меншiкке қайтару бойынша жұмыстар жүргiзiледi. Ауылдық округiнiң әкiмдiгiмен Абдульмановтағы ШҚ — 31га, Т.Ж. Байшаловтағы — 59га,А.Т. Жузбаевтағы — 80га және А.М. Сабитовтың қарамағында — 30гажер бiрнеше жыл бойы мақсатсыз пайдаланылып, жердiң өңделмегенi анықталды.Жер инспекциясы мен жер қатынастар бөлiмiне тиiстi шаралар қолдану туралы хат жолданған.

4. Жергiлiктi қауымдастықтармен өзара қатынас.

2017 жылда олармен бiрге өзара байланыс жасау нәтижесiнде Атамекен ауылының Мира көшесiне-«Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы» деп жаңа атау беру туралы маңызды шешiм қабылданды. Сонымен қатар, жергiлiктi қауымдастық өкiлдерiмен бiрге, аудандық әкiмдiгiмен, ауылдық округ әкiмi аппаратының балансына тапсырылған, мал шаруашылық баздары, Қаражар ауылындағы дүкеннiң және Атамекен ауылындағы тұрмыстық үйдiң заңды құжаттарын құратуға 330 мың тенге бөлу жөнiндегi шешiм қабылданған. Келесiде ҚБШ толықтандыру мақстаныда, бұл объектiлердiң конкурстык негiзде сатылымға жариялануы турады мәселе келiсiлген.

5. Халықты сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

Жасыл, Атамекен және Қаражар ауылдарын сумен қамтамсыз ету мәселесi өзектi болып танылады. 2016 жылы «Көкшетау гидрология». Шиелi, Жаңажол және Жарқайын ауылдарында су бөлек скважина арқылы қамтамасыз етiлуде. Сумен қатамасыз ету объекiлерi Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң балансында тұрады. Ауылдық округтiң су құбырлары бойынша қызмет көрсетушi ЖШС МКК «Бурабай Су Арнасы» болып табылады.

Қазiргi кезде аудандық құрылыс бөлiмiмен, Жасыл, Атамекен және Қаражар ауылдарын сумен қамтамсыз ету бойынша жоба-сметалық құжаттама әзiрлеу мақсатында, облыстық экономика және қаржыландыру Департментiне өтiнiм әзiрлену барысында.

6. Көркейту, жарықтандыру, көгалданжыру, және санитарлық тазалау бойынша ауылдық аймақтағы жұмыстар.

Бурабай әкiмiнiң қаулысын орындау мақстанда, округ әкiмi аппаратымен көркейту, жарықтандыру, көгалдандыру, және санитарлық тазалау бойынша ауылдық аймақтағы жұмыстар бойынша жоспар құрылып, жауапты тұлғалармен ұйымдарға көшелермен объектiлер бөлiнiп, тапсырылған.

Көркейту және санитарлық тазалау айлығы кезеңiнде, ауылдық мекендерде таза бейсенбi және сенбiлiк жүргiзiлдi, оларға 150-ге жуық адам қатысып, 700 тон қалдық шығарылған. 30 ағаш отырғызылып, қоғамдық объектiлердiң қоршаулары мен аулалары жөнделген.

Дүкендер мен кәсiпорындардың қасберлерiн жөндеу,ауладарды көркейту және ағаштарды қалыптау жұмыстары жүргiзiлдi. Гүл өсiру орындарын жаңартумен қатар, ағаштар, жарық беру бағаналары мен қоршаулар ақталған.

7.Халық арасындағы әлеуметтiк қауқарсыз тобына көмек.

«Өрлеу бағдарламасы» бойынша- 2 жанұя бағдарлама бойынша белсендi қатысуда. «Өрлеу» бағдарламасының бойынша ассистентiмен, 150 отбасы арасында түсiндiрме жұмыстарты жүргiзiлдi. Әлеуметтiк көмектiң, 2018 жылдың 01 қаңтарыныда күшiне енетiн жаңа форматы бойынша түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлуде.

1 жанұяның жылдық табыс көрсеткiшi — 54456 тенге болып есептеледi.

8. Жол жүйесiн дамыту бойынша, оқушыларды мектепке жеткiзуүшiн қоғамдық көлiкпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар.

«Жасылское ХПП» ЖШС-нiң күшiмен Жасыл ауылына кiретiн жолдың 3 км көлемiндегiжол шұңқырларына жөндеу жұмыстары жасалған.

СХП «Атамекен», «Қаражар — 2015» ЖШС, «Абдрахманов» ЖК-мен күшiменен жолдарды Атамекен, Қаражар, ауылдарына кiреберiс грейдерлiк жолдардың шұнқырларды жөндеу жұмыстары жасалған.

«Қаражар — 2015» ЖШС, СХП «Атамекен», «Жасыльское ХПП» ЖШС-мен қыс мезгiлi кезiнде жолдар қардан уақытылы тазартылып отырған.

СХП «Атамекен», «Қаражар — 2015» ЖШС және ЖК Абдрахмановтың күшiмен Атамекен ауылына кiретiн жолға шұңқыр жөндеу жұмыстары жасалған.

Ауылдық округ халқының тасымалы үшiн күн сайын «Байгожин» ЖК, Макинск-Қаражар-Щучинск-Көкшетау маршруттық кестесiне сәйкес рейстер жүзеге асырылады.

9. Бiлiм беру

Ауылдық округ аумағындағы оқу орындарынан:

168 оқушы оқиды, 34 мұғалiм Атамекен орта мектебiнде жүмыс iстейдi

Екi негiзгi мектептерде 82 оқушы оқиды және 25 мұғалiм жүмыс iстейдi;

Бiр бастауыш мектептерде 13 оқушы оқиды және 2 мұғалiм жұмыс iстейдi

Мектептерде мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған шағын орталықтары бар. Атамекен ауылы мини-орталықтарға — 44 бала барады, Қаражар ауылында — 22 бала, Шиелi-5 ауылында, Жасыл-15 балабақшасында көруге болады. Атамекен ауылының орта мектебiнде 25 орынға арналған толық бала бақшасы жұмыс iстеуде.

Оқушыларды тасымалдауға 2 микроавтобус бар. Жарқайын және Қаражар аулдардан Атамекен орта мектебiне жоғарғы сынып оқушыларын тасымалданады, Шиелi ауылынан балаларды Макинск қалалық мектебiне жеткiзу ұйымдастырылған.

Ауылдық округте екi клуб бар: Шиелi мен Жаңажол ауылдарында жергiлiктi тұрғындар мерекелiк iс-шараларды өткiзедi.

10. Ауыл шарушылығы.

Округ аумағында 5 iрi ауыл шаруашылық құрылымдары және 20 шаруа қожалығы, 19 жеке кәсiпкер бар. Барлық ауыл шаруашылық құрылымдары егiн ору жұмыстарын аяқтаған. Егiн ору алқабтарының ауданы 11853,7 га, астық көлемi 16,0.

11. Мал шаруашылығы.

Ауылдық округ бойынша iрi қара мал саны — 2327 бас, жылқы басы — 646, құс саны — 6071, шошқа саны — 201 бас, қой және ешкi саны — 4340 бас.

12. Ветеринария қызметi.

Ауылдық округтiң ветеринариялық қызметiмен ауылшаруашылықтағы малды тiркеу, санын шығаруға қатысты, бруцеллез және туберкулез ауруларын анықтау мақсатында қан үлгiлерiн зерттеу, сибир язвасы мен ямкар сияқты iндеттерге қарсы вакцина егу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Жыл басынан берi Қаражар ауылында бруцеллез ауруы бойынша оң реакция берген 4 бас мал анықталды. Ветериняриялық қауiпсiздiк мақсатында, бруцеллезге қатысты эпизоотикаға қарсы iс-шаралар қолданылған.

13. Құқық тәртiбi.

Ауылдық округ әкiмi аппаратымен және учаскелiк полиция инспекторымен бiрге құқықтық тәртiпсiздiктiң алдын алу шаралары өткiзiлiп, жастар арасында түсiндiрме жұмыстары жүргiзiледi. Жалпы қоғамдық-саясаттық жағдай қалыпты деп саналады. Белгiленген жұмыстарды қорытындылау нәтижесiнде — 4 қылмыс жасалып, 4 қылмыс шешiлдi, оның iшiнде — 4 наркологтың тiркеуiне тұрған, спирттiк сусындарын терiс пайдалану бойынша — 2, әкiмшiлiк хаттамалар 70 құрылған, соның iшiнде отбасылық мәселелер бойынша — 10. «Сақшы» қоғамдық құрылымының кезегiн ұйымдастыру нәтижесiнде — 1.

14. Перспективаға бағытталған жоба-сметалық құжаттамаларды әзiрлеу бойынша жұмыстар.

Қаржыландыру болып жатқан жағдайда, Атамекен және Қаражар ауылдары арасындағы, ұзақтығы 3 км құрайтын, ағымдағы жөндеу жұмыстарының 9 млн. тенге сомасын құрайтын, Жасыл ауылына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млн. 600 мың теңге және Атамекен ауылы iшiндегi жолдың ағымдағы жөндеу жұмысына 30 млн.теңге құрайтын дайын жоба-сметалық құжаттамалары бар.

Ауылдық округ әкiмiнiң аппараты тұрақты негiзде әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсарту және халықтың өмiр сүру деңгейiн арттыру бойынша жұмыстар жүргiзiп жатыр.