Абылайхан ауылдық округі әкімінің м.а. Кубенов Ж.Н. «Абылайхан ауылдық округінің 2019 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға белгіленген мақсаттар туралы» ЕСЕБІ

Абылайхан ауылдық округi әкiмiнiң аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықтың әлеуметтiк-демографиялық құрамын ескере отырып, экономикалық жағдайына сәйкес жоспарланады, мемлекет басшысы бекiткен бағдарламалар құжаттарына, облыс, аудан әкiмiнiң тапсырмаларының орындалуына сәйкес жұмысын ұйымдастырады.

Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық экономиканың дамуын сипаттайтын барлық көрсеткiштер өткен жылға қарағанда көпшiлiгi жоғары.

Демографиялық көрсеткiш

Ауылдық округ бойынша халықтың саны — 2218 адамды құрайды, соның iшiнде Қызылағаш ауылында- 990 адам, Қарабаур ауылында — 205 адам, Озерное ауылында — 150 адам және Ақылбай ауылында — 873 адам.

Қарабауыр ауылы (Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 25 қазандағы № A-11/503 шешiмi және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6C-38-12 шешiмi негiзiнде қайта аталды.)

Экономикалық белсендi халық -1149 адам, жұмыс iстейтiндер саны — 802 адам, зейнеткерлер саны — 322 адам және әр топтағы мүгедектер саны — 118 адам.

Инвестициялық тарту

Ауылдық округ бойынша 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылға арналған ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 60 млн теңгенi немесе 88% құрайды. Стратегиялық бағыт ауылдық жерлердi дамыту болып табылады.

Салық және бюджет

Осы 2019 жылда 5 770 400 теңге салық жиналды, оның iшiнде мүлiк салығы — 58 500 теңге, жер салығы — 822 500 теңге, авто көлiк салығы — 3 317 400 теңге, төлем көзiнен салық салынбайтын жеке табыстар салығы 617 900 теңге.

Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

2018 жылы "Игiлiк" бағдарламасы бойынша: Болатова Г. — 10 бас iрi қара мал сатып алуға 3,0 млн.теңге, Аманбаева Ж. — 14 бас iрi қара мал сатып алуға 4,0 млн. теңге несие алды.

Грантқа ие болғандар: Берлан К.-505 000 теңге, Казбекова Ж. -505 000 теңге

Халықтың әлеуметтiк мәселелерiн шешуде қосалқы шаруашылық үлкен көмек болып табылады. 2019 жылдың аяғында: iрi қара мал — 3 704 бас, ұсақ мал — 6114 бас, жылқы — 2382 бас, шошқа — 374 бас, құс — 7992.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты азайту

Абылайхан ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына қоғамдық жұмысқа 4 адам тартылды. Келiсiм-шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, барлығы жұмыспен қамтылды.

3 жұмысқа жарамды мүгедек жұмыспен қамтылды.

23 отбасы (121 адам отбасында) жаңа форматтағы атаулы әлеуметтiк көмектi алып отыр. Барлығы да жұмыспен қамтылды.

Орташа айлық жалақыны көтеру.

Халықтың табыс деңгейi жалақы мөлшерi, зейнетақы, олардың индекстеу және уақытылы төлем жиелiгi болып табылады.

ЖШС, ШҚ, ЖК басшыларымен бiрге жұмысшылардың жалқысын арттыру үшiн белсендi жұмыс iстеп жатырмыз. Жыл сайын, егiн егу және жинау кезiнде ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қызметкерлерiне еңбекақы арттырылуда. Ауылдық округте орташа жалақы көлемi 96 762 теңгенi құрайды.

Еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аудандық әкiмдiгiмен, жұмыс берушi және кәсiподақ арасында өндiрiстiк үдерiстердi тұрақтандыру, еңбек құқықтары мен жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде меморандум жасалды.

Жер қатынастарын реттеу

Абылайхан ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында кезекте тұрған жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алу жүзеге асырылуда. Жер учаскесiн алуға кезекте 140 өтiнiш берушi тiркелген.

Жергiлiктi қауымдастықпен өзара әрекеттесу.

2019 жылы ауылдық округ бойынша жергiлiктi қоғамдастықтың 7 отырысы өттi, онда кiрiс трансферттер ЖҚ қаражатты бөлу туралы мәселесi қаралды.

Ауылдық округiнiң 2019 жылда бюджетi 100 % меңгерiлдi.

Халықты ауыз сумен қамту

Қызылағаш, Ақылбай, Озерное ауылдарында сумен жабдықтау орталықтандырылған. Озерное ауылында мұнарасыз (су мұнарасы) орнатылды. Жоғарыда аталған елдi мекендердiң тұрғындары жеке үйлердi сумен жабдықтауды өздерi жүргiздi. Қарабауыр ауылында сумен жабдықтау орталықтандырылмаған.

Аббатандыру, көгалдандыру және елдi мекендердi санитарлық тазалау бойынша жұмыстар.

Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң «Елдi мекендерде көктемгi санитарлық тазалау, абаттандыру, айлық өткiзуi туралы» қаулысын орындау мақсатында ауылдық округ әкiмi үш айлық санитарлық тазарту, көгалдандыру және елдi мекендердi аббандыру бойынша iс-шаралар жоспарын әзiрледi. Халықпен 8 кездесу, 10 сенбiлiк өткiзiлдi. Қызылағаш ауылында жыл сайын 200 тоннаға жуық қоқыс пен көңдi жеке меншiк иелерi жүйелi түрде шығарады.

Мектеп ғимараты мен ауылдық округте 20 түп ағаштар мен бұталар отырғызылды. Қоғамдық ғимараттар және жеке меншiк үйлердiң қоршаулары жөнделiп жаңартылды.

Ауылдық округ мектептерiнiң жылу маусымына дайындығы.

Ауылдық округ бойынша мектептер 2019-2020 жылдары жылу маусымына 100% дайын. Көмiрдiң қажеттiлiгi әлеуметтiк сала бойынша селолық округте 729 тоннаны құрайды.

Өнеркәсiп пен шағын бизнестi дамыту:

Аулдық округ бойынша орта және шағын бизнес дамыған: 11 дүкен, 2 авто көлiк жөндеу шеберханасы, 2 наубайхана, 4 асхана жұмыс iстейдi.

Ауылдық округте апта сайын әлеуметтiк маңызды тауарлар бағасына мониторинг жүргiзiледi.

Әлеуметтiк қызмет көрсету

Мемлекеттiк жәрдемақыны 1 отбасы алады. Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен емделуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына және көп балалы отбасыларға 14 адамға жалпы сомасы 530 250 теңгеге әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Мектептерде мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған пандустар бар. Ауылдық округ әкiмдiгi ғимаратына кiре берiсте қоңырау шалу түймесi орнатылған.

- Ақылбайға ойын алаңы орнатылды;

- Қызылағаш ауылында спорт алаңы құрылды.

Бiлiм саласы

Округте 4 мектеп (2 орта және 2 бастауыш) және мектептер жанындағы 4 шағын орталық жұмыс жасайды. Барлығы 290 оқушы және 106 тәрбиеленушi бар.

Ауданның барлық мектептерiнде компьютерлiк сыныптар мен интерактивтi тақталар, Интернетке кiру және медициналық кабинеттер бар. 2018-2019 оқу жылында мектептi 29 түлек бiтiрдi.

Ақылбай ауылында балалар алаңы және Қызылағаш ауылында спорт алаңы бар.

Денсаулық саласы

Денсаулық сақтау жүйесiне Ақылбай ауылындағы 1 дәрiгерлiк амбулатория, Қызылағаш ауылда 1 акушерлiк пункт және Қарабауыр және Озерное ауылдарында 2 медициналық пункт кiредi. Медицина қызметкерлерiнiң саны — 12 адам.

Денсаулық сақтау саласындағы басты мәселе Қызылағаш ауылында дәрiгерлiк амбулаторияға арналған типтiк бөлменiң және Ақылбай және Қызылағаш ауылдарында дәрiханалардың болмауы.

Мемлекеттiк қызмет көрсету

Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Әкiмшiлiк ғимаратында мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттары мен регламенттары халық назарына ұсынылады.

Жыл сайын мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептер талқыланып, ауылдық округiнiң әкiмi сайтында жаңартылады.

Бiр жыл iшiнде — 47 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 15:50Жаңартылған күні: 30.12.2019 15:50Қараулар: 88

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-3-20.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қаңтар, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

 

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77