2018 жылғы Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараты

Бурабай ауданында барлығы 48 мәдениет мекемесi бар, оның iшiнде мәдениет үйi -12, кiтапхана- 36.

Ведомстволық бағынышты ұйымдарда жалпы қызметкердiң саны -133.

Аудандық мәдениет үйi

2019 жылдың 1 қаңтарында клуб ұйымдарының желiсi -12 нысанды құрайды, оның iшiнде жұмыс iстеп жатқаны- 9.

Барлық жұмыс iстейтiн клубтар мен мәдениет үйлерi телефондандырылған, компьютерлемен қамтамасыз етiлген және Интернет ресурстарына қосылған.

Бурабай ауданында 47 клубтық құрылым қызмет жасайды.

«Халықтық көркемөнерпаздар ұжымы» атағы бар ұжымдар саны -6.

2018 жылы Бурабай ауданы атынан 15 солист, 1 аспаптық ансамбль, 4 би ұжымы, халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысты.

«Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы облыстық байқауының қорытындысы бойынша Бурабай ауданы Гран при және бағалы сыйлық- «Лада калина» автокөлiгiне ие болды, сонымен қатар екi номинация бойынша- хореографиялық ұжымдар арасында «Сарыарқаның би қаласы» номинациясы бойынша өткен байқауда және қолданбалы және бейнелеу өнерi шеберлернiң арасында «Ұлы Жiбек жолы» номинациясы бойынша өткен байқауда да 1 орынға иелендi.

Тарихи-өлкетану мұражайы жанында «Арт Бурабай» жергiлiктi суретшiлердiң шығармашылық бiрлестiгi жұмыс iстейдi.

Орталықтандырылған кiтапхана жүйесi

Барлығы 36 мемлекеттiк кiтапхана бар, оның iшiнде 31 кiтапхана ауылдық жерде.

2018 жылы 2 модельдi кiтапхана- Оқжетпес және Веденовка ауылдық кiтапханалардың негiзiнде ашылды.

Аудандық балалар кiтапханасында коворкинг –орталық ашылды.

Кiтапханаларды телефондандыру және компьтерлендiру 100% құрайды. Интернетке 26 кiтапхана қосылған, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

2018 жылдың аяғында кiтапханалық қор 369683 дана құрады, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 103222 данасы. 1942 данасы сатып алынды.

Ағымдағы жылы 2125 сипаттама енгiзiлдi. Жалпы электрондық каталогқа 26938 сипаттама енгiзiлдi.

ОКЖ кiтапханаларында 18 мақсаттылы шығармашылық бағдарлама 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады, 1900 iс-шара өткiзiлдi.

Ауданның барлық мәдениет ұйымдарында ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдаулары бойынша стендттер және көрмелер ресiмделген. Жыл бойы ҚР Президентiнiң үндеуiн түсiндiру бойынша iс-шаралар өткiзiлдi.

2018 жылы iс-шарлар "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының елордасы -Астана қаласының 20-жылдығына орай өткiзiлдi.

Абылайхан алаңында ауқымды аудандық iс-шаралар өттi:

– ҚР мемлекеттiк рәмiздерi күнiне орай, Көкше тауына ҚР Туын көтере отырып, ҚР Әнұраны салтанатты орындау аудандық акция өткiзiлдi. ҚР Әнұранын 500 адам орындап шықты.

- Щучинск — Абылайхан алаңы маршруты бойынша автошеруi өткiзiлiп — Астананың 20-жылдығы нышаны Көкше тауына көтерiлдi.

ҚР Тәуелсiздiк күнi, ҚР Тұңғыш Президентi күнi, ҚР мемлекеттiк рәмiздерi, ҚР Конституция күнi, Қазақстан халқының бiрлiгi күнi, Наурыз мейрамы,- мемлекеттiк мерекелерге дайындық жүргiзу және өткiзу кезiнде ауқымды жұмыстар атқарылды.

Бурабай ауданының 90-жылдығына арналған iс-шаралар үлкен мерекеге айналды.

2018 жылы мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кiшi бағдарламасының «Туған жер — туған ел» атты негiзгi бағыты бойынша 24 iс-шара өткiздi:

-«Ауылдық кiтапхана — мәдени-ағарту орталығы» жобасы аясында Оқжетпес және Веденовка ауылдарының кiтапханаларында модельдiк кiтапхана құрылды;

- балалар мен жастарға арналған Коворкинг орталығы ашылды;

- «Туған жерiм — тұғырым» жобасы бойынша Бурабай ауданының 90-жылдығына орай ауыл энциклопедиясын құру жолында материалдар жинақтау бойынша өлкетану жұмысы жүргiзiлуде;

-Бурабай ауданының 90-жылдығына орай «Менiң өлкем — менiң мақтанышым» жобасы бойынша Щучинск қаласы мен оның атақты тұрғындары туралы альбом шығарумен қатар кешендi iс-шаралар өткiзiлуде;

- Бурабай ауданының 90-жылдығына орай «Арқада Бурабайға жер жетпейдi» атты аймақтық ақындар айтысы өткiзiлдi;

- «Ашық аспан аясындағы кiтапхана» жобасы аясында «Ұлы дала елi — Мәңгiлiк ел», «Ұлы Жеңiс — ұрпаққа аманат», «Ұлттық домбыра күнi», «Ел жүрегi — Астана» атты iс-шаралар өткiзiлдi;

 — «Латын әлiпбиiне көшу — қазақ тiлiнiң жаңа белесi» жобасы бойынша Тiлдердi оқыту орталығында, аудандағы мәдениет ұйымдарында жыл бойы латын қарпiне көшу туралы ақпараттандыру және түсiндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Бурабай ауданында жалпықазақстандық диктантқа 6446 адам қатысты;

-Аудандық «Қымызфест» этнофестивалi «Жайлау» этноауылында көптеген қонақтар мен демалушылардың қатысуымен өттi;

- «Ұлттық домбыра күнi» мерекесiне арналған Абылай хан алаңында концерт ұйымдастырылды;

- «Жас дарын» поэтикалық клубы құрылды;

- Ақан серiнiң 175-жылдығына арналған «Әншi ауыл» халық әндерiнiң аудандық фестивалi ауданның 20 ауылында өттi және жергiлiктi тұрғындардың зор ықыласына ие болды ;

- «Ұлттық өнер — жастарға аманат» халықтық қолданбалы қолөнер бұйымдарының аудандық байқау-көрмесi өттi;

- Жас орындаушылар арасында «Бурабай дауысы» 1 вокалдық байқауы өттi;

- «Асыл әжелер», «Жiгiт сұлтаны», «Арқа аруы» «Жас батыр», «Бурабай iнжуi», «Балғын шақ» аудандық конкурстары өттi;

- «Рухани қазына», «Ана тiлiм — қасиетiм, ардағым» фестивальдары өткiзiлдi;

- «Мен қазақпын» аймақтық мега-жобасы Щучинск қаласында өттi;

- жеке әншiлер мен көркем өнерпаздар ұжымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауы аясында Ақмола облысы аудандары мен Көкшетау қаласының сахналарында өнер көрсеттi;

- «Атадан қалған асыл мұра» атты халықтың салт-дәстүрлерi, фольклорлық ансамбльдер облыстық конкурсы Бурабай ауданында өттi;

-жергiлiктi суретшiлердiң «Арт Бурабай» шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен «Өнерiме шабыт берген Бурабай» атты көрме өткiзiлдi.

«Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның жалпыұлттық қасиеттi нысандары» энциклопедиясына енгiзiлген Бурабай ауданының Абылайхан алаңы, Кенесары үңгiрi, Оқжетпес тауы, «Ханның қызыл ағашы» сияқты киелi жерлерiне QR-кодтары бар жарнама тақталары мен сiлтеме белгiлер орнатылды.

- Өлкенiң тарихына және Бурабайдың киелi жерлерiне деген қызығушылықты арттыру мақсатында Абылайхан алаңы көптеген, оқушы жастардың, Кадет корпусы кадеттерiнiң, мемлекеттiк қызметшiлердiң, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң, аудандық мәслихат депутаттарының, этно-мәдени бiрлестiктер өкiлдерiнiң және курорттық аймақ қонақтарының қатысуымен өтетiн кең ауқымды үлкен iс-шаралардың өтетiн орнына айналды.

Бурабай ауданында Тiлдердi оқыту орталығы мемлекеттiк қызметшiлерге, азаматтық қызметшiлер мен жеке тұлғаларға мемлекеттiк және ағылшын тiлiн үйретедi.

2018-2019 оқу жылы тiл үйренушiлердiң саны — 327, оның iшiнде 315 — мемлекеттiк тiлдi, 12 –ағылшын тiлдi үйрену топтарында.

Ауданымызда «Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» iске асыру «Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2017-2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Бурабай ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 4 сәуiрдегi № а-2/110 қаулысына сәйкес жүргiзiледi:

- 2018 жылы қазақ тiлiн меңгеру деңгейiн бағалауға арналған «ҚАЗТЕСТ» жүйесi бойынша 65 мемлекеттiк қызметшi тестiлеуден өттi;

- «Луч» газетiнде ай сайын «Қазақ тiлiн үйренемiз» айдарымен орталық оқытушыларының сабақтары шығып тұрады;

- аудандық әкiмшiлiк сайтына бөлiмнiң iс-шаралары екi тiлде берiледi;

- ай сайын мемлекеттiк мекемелерде мемлекеттiк тiлде iс жүргiзiлуi туралы мониторинг жүргiзiледi;

- бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық iс-шараларды өткiзу кезiнде мемлекеттiк тiлге басымдық берiледi;

- "Мәңгiлiк ел» ұлттық идеяны насихаттау, халық салт-дәстүрiн, тарихын, мемлекеттiк тiлдi кең ауқымда қолдану мақсатында "Ұлы дала елi — Мәңгiлiк ел" дәстүрлi ауқымды мәдени-ақпараттық iс -шара өткiзiлдi;

- мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту және насихаттау мақсатында орыс тiлдi жастар арасында «Тiл парасат», өзге ұлт жастары арасында «Абай оқулары», үш тiлдi жетiк меңгерген жастар арасында үш тұғырлы тiл саясатын насихаттайтын «Тiлдарын» байқауы, қазақ жастарының арасында «Ой-сана», балабақша тәрбиенушiлерi арасында өзге ұлт өкiлдерiнiң қатысуымен «Балғын шақ» орыс тiлi бiлгiрлерiнiң аудандық байқаулары;

- тiл мәдениетiн арттыру мақсатында «Арқаның аруы» «Жiгiт сұлтаны» аудандық байқаулары;

- ұлыстардың тiлдерiн дамыту мақсатында ауданда этно-мәдени бiрлестiктердiң «Қазақстан — бiздiң ортақ үйiмiз» фестивалi, Қазақстан халқы тiлдерiнiң фестивалi, славян жазуы мен мәдениетi күнi өттi.

- «Мемлекеттiк тiл –ұлттық рұхтың айнасы» аудандық конференция өткiзiлдi, «Көрнекiлiк сауаттылығы- қоғамға сын» волонтерлiк қозғалысы құрылды;

- бөлiмнiң мамандары мен волонтерлер мемлекеттiк тiлде жазылған ақпараттар мен жарнама мәтiндерiн дұрыстығын тексеру мақсатында жүргiзген мониторинг нәтижесiнде 60 жуық бұзушылықтарды анықтады. Атқарылған жұмыс бойынша 51 көрнекi ақпарат түзетiлдi;

2018 жылы ауданымызда 33 көше қайта аталып, Мекенжай тiзiлiмiне енгiзiлдi, 31 көше және 2 елдi мекен бойынша жұмыс жалғасуда;

Щучинск қаласы мен Бурабай кентiнде мемлекеттiк тiлдi насихаттайтын 4 баннер iлiндi;

Бурабай ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң 2018 жылғы iс-шаралары бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес толық орындалды

Мақалың шыққан күні: 11.01.2019 10:58
Жаңартылған күні: 15.01.2019 11:46
Қараулар: 1074