Есеп Бурабай кентінің әкімі С.А. Джалмуканов «Бурабай кентінің 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер»

Мемлекеттiк органдар қызметiндегi негiзгi басымдықтары әлеуметтiк мәселелердi шешу, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнестi қолдау, елдi мекендердi абаттандыру мәселелерi.

Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты 2019 жылдың 12 айында негiзгi жұмыстар атқарды: жеке қабылдауда — 11 азамат қабылданды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн — 175 қаралды, 254 нормативтiк-құқықтық акт қабылданды, 135 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Есепте 475 әскери мiндеттiлер, 112 әскерге шақырылушылар тұр.2019жылдың күзiнде әскери қызметке 13 жасөспiрiм шақырылды.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздықты қысқарту.

Кентте 272 мүгедек тұрады, оның iшiнде 18 бала. Еңбекке жарамды санаттағы 144 адам, оның iшiнде жұмыс iстейтiндер 45 адам, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтар саны-5 адам, денсаулық жағдайы бойынша еңбекке жарамсыз адамдар-110 адам.

Жұмысқа орналасу мәселесi бойынша 5 адам өтiнiш бiлдiрдi, барлығы жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыз азаматтардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында кентте 5 адам тартылған ақылы қоғамдық жұмыс жүргiзiлдi.

2019 жылы Бурабай кентiнде 133 жұмыс орны құрылды. Салалық мамандандыруды ескере отырып, Бурабай кентiнде жазғы кезеңде туристiк бизнестi дамытудың жоғары деңгейi тән. Осыған байланысты жеке кәсiпкерлер 150-ден астам жұмыс орнын ұйымдастырады.

Әлеуметтiк көмек көрсету.

Қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету бөлiмi 80 қарт адамға қызмет көрсетедi. 11 әлеуметтiк қызметкер арнаулы әлеуметтiк қыхмет көрсетедi. Бөлiмде 15 тыл жұмысшыларына, 2 мүгедекке (ЦСА -1, жалпы ауру мүгедегi — 1) қызмет етiледi.

Жер қатынастарын реттеу.

Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн алу үшiн кезекке қою жүргiзiлуде. Жер учаскелерiн алуға кезекте барлығы 345 өтiнiш берушi тұр.

Сондай-ақ мақсатсыз пайдаланылмайтын жер учаскелерiн анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Салық және басқа да мiндеттi төлемдердi жинау, салық салу базасын кеңейту.

2019 жылдың 12 айында салықтардың 6 түрi бойынша түсiмдердiң жалпы сомасы 53млн 30мың теңгенi құрады.:

– төлем көздерiнен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы- 31 млн. 521 мың теңгенi құрады.;

- жеке тұлғалардан мүлiк салығы- 1 млн. 890 мың теңге;

- жеке тұлғалардан алынатын жер салығы- 5 млн. 481мың теңге;

- жарнамаларды орналастыру- 944 мың теңге;

- заңды тұлғалардан көлiк салығы-2 млн. 37 мың теңге;

- жеке тұлғалардан көлiк салығы-11 млн. 156 мың теңге.

Жергiлiктi қоғамдастықпен өзара iс-қимыл.

2019 жылы жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 55 млн. 161 мың теңге түстi.

Қолма-қол ақшаны бақылау шотына жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына, үй-жайлардан тыс ашық кеңiстiкте жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiне, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн ақшалай қаражат және айыппұлдар, сондай-ақ елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандырудан, жарықтандырудан, санитарлық тазалаудан түсетiн трансферттер түседi.

Жергiлiктi басқару шығыстары.

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмi бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен қаражат келесiлерге бағытталды:

-Интернационалист жауынгерлердiң ардагерлерiне ескерткiш орнатуға — 3 млн. теңге.

-Сәндiк орындық жасауға — 2 млн. теңге.

Бурабай кентiнiң кiреберiсiнде «Бурабай» жазуына — 6,5 млн. теңге.

Бурабай кентiнде «МАК» сәндi шатыр орнатуға — 7 млн. теңге.

Айналма жолда жылқы мүсiндерiн жасауға және орнатуға -4 млн. 550 тың теңге.

Орталық алаңға сәндi пуфтар жасау және орнатуға — 1 млн. 387 мың теңге.

Сәндi гүлзарлар жасау және орнатуға — 1 млн. теңге.

Орталық алаңға арқар мүсiндерiн жасау және орнатуға — 1 млн. 400 мың теңге.

Оқжетпес ауылындағы «Интернационалист жауынгерлерi» ескерткiшiн абаттандыруға — 4 млн. 400 мың теңге.

Бурабай кентiнде энергия үнемдейтiн техникалық қызмет көрсету жұмыстары — 4 млн. 700 мың теңге.

Бурабай кентiнде балалар ойын алаңын орнату — 4 млн. 563 мың теңге.

Көшелердi жарықтандыру — 2 млн. 404 мың теңге.

Айналма жолындағы көшенi жарықтандыруға ағымдағы жөндеу -7 млн. 467 мың теңге.

Халықты сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыс.

Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылында Сергеев су қоймасынан орталықтандырылған сумен жабдықтау ("Қазсушар "Ақмола филиалы" РМҚК). Су құбыры желiлерiнiң ұзындығы 38 км.орталықтандырылған сумен жабдықтауға -1879 абонент, орталықсыздандыруға — 376 абонент қосылған. Сарыбұлақ ауылы су алу көзi ұңғымалар болып табылады.

Кенттi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмыс.

"Бурабай ауданының Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты" жұмысының басым бағыттарының бiрi кент аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау болып табылады.

2019 жылы«Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 50 млн. теңге трансферттер бөлiндi, соның iшiнде:

-Оқжетпес ауылындағы интернационалист жауынгерлерiне арналған ескерткiш алаңын абаттандыру (4 млн. 400 мың теңге);

oБурабай кентiнiң кiреберiсiнде «Бурабай» жазуын орнатуға(6,5 млн. теңге);

-«МАК» сәндi шатырын орнатуға (екi дана қызғалдақ 7 млн. теңге);

-Айналма жолда жылқы мүсiндерiн жасауға және орнатуға (8 дана 4 млн. 550 тың теңге);

-Арқар мүсiндерiн орнатуға (2 дана 1 млн. 400 мың теңге);

-Айналма жолынан «Айнакөл» отелiне дейiнкөше жарықтарының шамдарын ауыстыру (47 дана 4 млн. 700 мың теңге);

-Айналма жолындағы көшенi жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi (7 млн. 500 мың теңге);

Облыс бюджетiнен 5 млн. теңге бөлiндi:

-Оқжетпес ауылындағы интернационалист жауынгерлерiне арналған ескерткiшке ағымды жөндеу жүргiзiлдi (3 млн. теңге);

-Орталық алаңға «Burabai» сәндi орындығын орнату (2 млн. теңге);

-Бурабай кентiнде Советская көшесi № 18 үйдiң қасына балалар ойын алаңын орнату (4 млн. 563 мың теңге);

Бурабай кентiн санитарлық тазалауға 7 млн. ақшадай қаражат бөлiндi (тегiн модульдық дәретханалар орнату -2 дана, биодәретханалар-28 дана).

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойыншаБурабай кентiн абаттандыруға келесi жұмыстар жүргiзiлдi (7 млн. 575 теңге): ағаштарды бұқтыру, ақтау, тiретердi сырлау, дала жарықтарының шамдарын ауыстыру — 83 дана және айналма жолдың жарықтандыру тiректерiн ауыстыру, Щорс көшесiнде гүлдер отырғызылды (534 мың теңге).

«Елдi мекендердi санитарлық тазарту» бағдарламасы бойынша кенттi тазалауға 4 млн. 52 мың теңгеге жұмыстар жүргiзiлдi.

Бурабай кентiн абаттандыру аясында «Арт Гарант» ЖШС Алимусиных және Щорс көшелерiнiң бойында 700 дана көлемiнде қайың мен қарағай көшеттерiнiң тұқымын отырғызу жұмыстары жүргiзiлдi.

208 дана көлемiнде Щорс, Кенесары, Советская 18 бойындаға терек ағаштарын крондау жұмыстары жүргiзiлдi.

«Эко-Сервис Бурабай» ЖШС қоқыс жинауға арналған 116 тор-контейнерлерi қойылды: 4-шi жол, Алимусиных, Кенесары көшелерiнде; орталық алаңда және жеке секторларда, Абылайхан алаңында.

Облыстық бюджеттен бөлiнген трансфертке Бурабай кентiнде қар қалашығы салында.

Жылу беру маусымына дайындық.

Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020 жылы жылыту маусымында Бурабай кентiнiң аумағында автономды режимде газ-мазут қазандығы жұмыс iстейдi, оған кенттiң барлық әлеуметтiк объектiлерi, 56 көппәтерлi үй, оның iшiнде Оқжетпес ауылының 13 үйi қосылған. Барлығы қосылған: абоненттер -1486 көпқабатты үйлер, жеке үйлер -198,

Бiлiм.

Округ аймағында 2 мектеп бар: Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп және Оқжетпес орта мектебi. Оқушылар жалпы саны 555 адам, мұғалiмдер — 102.

Жол желiсiн дамыту, қоғамдық көлiктi ұйымдастыру, оқушыларды мектепке дейiн жеткiзу бойынша жұмыс.

Автобус көлiгiнiң қозғалысы Щучинск қаласынан Бурабай кентi мен Оқжетпес ауылына 40 минут аралықпен жүйелi түрде жүзеге асырылады.

Әкiм аппараты "Оқжетпес селосы мен Бурабай кентiнде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну"мемлекеттiк қызметiн көрсетедi.

Бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс.

Кенттiң 5 дүкенiнде (Плаза, Смак, Әдiл, Шаңырақ, Кеңес және КО) әлеуметтiк сөрелер бар, оларда нарықтық бағадан 5-10% төмен бағамен 19 тауар түрiне дейiн орналастырылған. Сондай-ақ 80 теңгеден әлеуметтiк нан сатылады. Апта сайын бiрiншi қажеттiлiк тауарларына бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу мақсатында баға мониторингi жүргiзiледi.

Денсаулық сақтау.

Медициналық қызмет: Бурабай кентiнiң дәрiгерлiк амбулаториясы, Оқжетпес және Сарыбұлақ ауылының медициналық қызмет көрсету пункттерiнен тұрады.

Бурабай кентiнiң дәрiгерлiк амбулаториясы 2019 жылы 11093 адамға қызмет көрсетiлдi, өлiм-36 адам, туу-46 бала, нәресте өлiмi жоқ.

Елбасының алдағы кезеңге арналған Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Бурабай кентi әкiмiнiң аппараты өз алдына келесi мiндеттердi қояды:

- мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру;

- жаңа жұмыс орындарын құру, еңбекке қабiлеттi халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

- елдi мекендердi көгалдандыру және абаттандыру;

- бiлiм беру және денсаулық сақтау мекемелерiн қазiргi заманғы жабдықтармен жабдықтау.

Мақалың шыққан күні: 30.12.2019 16:07Жаңартылған күні: 30.12.2019 16:12Қараулар: 777

Сенім телефоны

ҚҰРМЕТТІ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздердің мағлұматтарыңызға Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің тарапынан заңсыз іс - әрекеттері туралы хабарлауға болатын сенім телефондарын жеткіземіз: 8 (716-36) 79-0-17.

«Заңды жер» Азаматтардың арыз-шағымдары үшін
«Үкімет азаматтар үшін» Мемлекеттік корпорациясындағы апта сайын азаматтарды  қабылдау жүргізу
қараша, 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      
Әкімнің блогы

Әсет Азаматұлы Мұздыбаев

  

Сауалнама

Пошталық мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылайхан көш. 32, индекс: 021700
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша 8 (716-36) 79-3-19 телефоны арқылы хабарласуға болады, Электрондық пошта: burabay_usl@akmo.kz
Элекртондық пошта адресi: burabay_kanz@aqmola.gov.kz
Телефон: 8 (716-36) 4-26-77